Об утверждении регламента аппарата акима Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 24-желтоқсандағы N 1141 шешімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Регламенттің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының басшысына (Е.И.Шатов) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының РЕГЛАМЕНТІ
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 82 шешіміне қосымша Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының РЕГЛАМЕНТІ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - облыс әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте облыс әкімімен құрылатын, Шығыс Қазақстан облысы әкімияты мен әкімінің іс-қимылдарын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппаратты облыс әкімі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Аппарат, оның құрылымы мен штаттық саны туралы Ережені облыс әкімі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген лимит шегінде бекітеді.
Тармақ 3
3. Аппарат өз іс-қимылында Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін және осы регламентті басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Аппарат іс-қағаздарын жүргізу және облыс әкімияты мен әкімінің адресіне түсетін корреспонденцияларды өңдеу құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне "Әкімшілік процедуралар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және іс қағаздарын жүргізу жөніндегі басқа да нормативтік актілер белгілеген тәртіпте жүктеледі.
Тармақ 5
5. Облыс әкімияты мен аппаратының мүдделерін соттарда ұсыну мен қорғауды, сондай-ақ прокурорлық ден қою актілерін қарауды мемлекеттік-құқық бөлімі мүдделі құрылымдық бөлімдермен және мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің құзыретіне жататын кадр мәселелерін шешуді ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Аппараттың жұмысы перспективалық және ағымдағы жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және оған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік-құқықтық актілері негізінде әзірленген, облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар енгізілген. Перспективалық жоспардың негізінде ағымдағы жоспар жасалады. Ағымдағы жоспар жылдық, жартыжылдық және тоқсандық жұмыс жоспарынан тұрады.
Тармақ 8
8. Аппарат бөлімдері әр тоқсанға арналған жұмыс жоспарын әзірлейді, оны тоқсанның соңғы айының 25-жұлдызынан кешіктірмей осы бөлімдерге жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы бекітеді. Бөлімдердің жұмыс жоспарларының көшірмесі осы мерзімде ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне беріледі. Облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы бөлім меңгерушілерінің бөлімдердің жұмыс жоспарларының орындалуы туралы есептерін тоқсан сайын тыңдайды.
Тармақ 9
9. Облыс әкімиятының отырыстарында қарау үшін мәселелер тізбесін ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі облыс әкімияты мүшелерінің, бөлім меңгерушілерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсыныстары бойынша келесі жартыжылдыққа дейін он бес күн қалғанда жартыжылдыққа жасайды. Әкімият отырыстарында қарауға жоспарланатын мәселелер тізбесін облыс әкімі бекітеді. Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі әкімият мүшелеріне, атқарушы органдар басшыларына таратылады.
Тармақ 10
10. Әкімияттың отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі әкімияттың регламентімен белгіленеді.
Тармақ 3. 3. Әкімият отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
3. Әкімият отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 11
11. Әкімияттың іс-қимылдарын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді аппарат жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Әкімияттың іс-қимылдарын құжаттамалық қамтамасыз етуді құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4. Кіріс корреспонденцияларды қарау және шығыс корреспонденцияларды ресімдеу
4. Кіріс корреспонденцияларды қарау және шығыс корреспонденцияларды ресімдеу
Тармақ 13
13. Аппаратқа түсетін барлық корреспонденцияны құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі қабылдайды және тіркейді. Ерекше жағдайларда өндірістік қажеттілікке байланысты аппарат қызметкері құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінен тыс қабылдаған корреспонденция құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде шұғыл тіркелуі тиіс. Тіркелмейтін құжаттардың тізбесіне енгізілген, құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі әзірлейтін және бөлім басшысы бекітетін құжаттардан басқа барлық корреспонденция түскен күні тіркелуге жатады. Шатасып түскен құжаттарды құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі олардың авторларына қайтарылады немесе бағыты бойынша жіберіледі.
Тармақ 14
14. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі барлық пакеттерді ("жеке өзіне" деген жазуы бар атаулардан басқа) ашады, оларда құжаттардың және оның қосымшаларының болуын тексереді, түскен құжаттардың нөмірлерінің конвертте көрсетілген нөмірлерге сәйкестілігін салыстырады. Егер адресат "жеке өзіне" деген жазуы бар конвертті ашқаннан кейін онда хат, өтініш, шағым немесе басқа қызметтік құжат болса, онда олар қаралғаннан кейін құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне тіркеуге берілуі тиіс. Егер жіберушінің мекен-жайын, жіберген немесе құжатты алған күнін тек конверт бойынша ғана анықтауға болатын болса, онда түскен корреспонденциялардың конверттері (құжаттарда) сақталады.
Тармақ 15
15. Құжаттың бірінші бетінде түскен күнін және кіріс нөмірін көрсетумен тіркеу мөртабаны соғылады. Құжаттар белгіленген үлгідегі карточкада тіркеледі. Бұдан әрі карточкаларда құжаттардың жылжуы мен қаралуының бүкіл барысы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде алдын ала белгі соғылғаннан кейін құжаттар қарауға облыс әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына беріледі. Қаралған құжаттарды алғаннан кейін басшылықтың қарары тиісті карточкаға енгізіледі, содан соң құжаттар орындаушыларға қол қоюмен беріледі, ал карточка картотекаға орналастырылады.
Тармақ 17
17. Құпия құжаттардың картотекасы жеке жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Қарар құжаттың бірінші бетінің мәтінінен бос жоғарғы жағына немесе белгіленген үлгідегі бланкаларға жазылады. Қарарда негізгі тапсырма, орындау мерзімі және орындаушы белгіленеді. Егер тапсырма бірнеше адамдарға берілетін болса, бүкіл тапсырманы орындау үшін жауаптының аты-жөні бірінші жазылады. Тапсырмаларды дер кезінде орындау үшін жауапкершілікті қарарда көрсетілген барлық қызметкерлер бірдей атқарады. Құжатты орындағаннан кейін бөлім қызметкері оны бақылаудан алынғандығы туралы белгі соғу үшін құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне береді.
Тармақ 19
19. Бөлімдерде іс-қағаздарын осы міндеттер жүктелген қызметкерлер жүргізеді.
Тармақ 20
20. Құжаттарды бір бөлімнен екінші бөлімге беру тек құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі арқылы қол қоюмен жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Бөлімдер түсетін корреспонденциялардың сипаты мен сапасына жүйелі талдау жасайды, өз құзыреті шегінде оның одан әрі жылжуын және қойылған мәселелерді шешуді белгілейді, құжат айналымын қысқартуға шара қолданады.
Тармақ 22
22. Аппараттың бөлім меңгерушілеріне жетекшілік ететін салалар бойынша құжаттарды өз бетімен қарауға құқық беріледі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына тапсырма береді және олардан қажетті ақпараттар алады.
Тармақ 23
23. Құжаттарды әзірлеген кезде осы регламентті және басқа қолданылып жүрген ережелерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттік өкімет билігі органдары мен басқармалардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің атауларын жазуда біркелкілікті сақтау қажет.
Тармақ 24
24. Қызметтік құжаттардың (хаттар, баяндамалар, есептер және т.б.) қысқаша, түсінікті болуы және белгіленген үлгідегі банктерге (аппараттан тыс жерге жіберген жағдайда) басылуы қажет. Аппараттың ішінде хат алысу жағдайында бланкалар пайдаланылмайды. Лауазымды адамға құжатты жіберген кезде жолданған жердің атауы атау септікте, ал адресаттың лауазымы мен тегі барыс септікте жазылады. Басқа қаланың адресіне жіберілетін құжатта оның атауынан кейін пошта индексі, облысы, қаласы (селосы), көшесі, үйінің нөмірі көрсетіледі. Егер құжат факсимальді байланыс бойынша жіберілсе, онда адресаттың факсимальді аппаратының нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Құжаттар төрт мекен-жайдан артық жіберілмеуі керек. Құжатты төрт мекен-жайдан артық мекен-жайға жіберген кезде жіберу тізімі жасалады және әрбір құжатта тек бір ғана мекен-жай көрсетіледі. Құжат жіберілетін адресат жалпы көрсетілуі мүмкін (мысалы, "қалалар мен аудандардың әкімдеріне").
Тармақ 26
26. Шығыс корреспонденциясы белгіленген үлгідегі карточкаларда тіркеледі. Облыстық атқарушы органдарға, қалалар мен аудандар әкімдеріне жіберілетін құжаттарға облыс әкімі аппаратының жетекшілік ететін бөлім меңгерушісі қол қойғаннан кейін, міндеттерді бөлуге сәйкес әкім, оның орынбасарлары немесе аппарат басшысы қол қояды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілетін корреспонденцияға облыс Әкімінің жетекшілік ететін орынбасары, аппарат басшысы қол қойғаннан кейін, тек қана әкім немесе әкімнің міндеттерін атқару жүктелген оның орынбасары қол қояды. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне берілетін тапсырмаларға, нұсқауларға облыс әкімі, әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы олар жетекшілік ететін мәселелер бойынша міндеттерді бөлуге сәйкес қол қояды. Қол қою құрамына құжатқа қол қоятын адамның лауазымы, жекедара қолы және оны анықтау енеді.
Тармақ 27
27. Әзірленетін құжатқа қысқаша тақырып қойылады. Хат қолдаухатқа жауап ретінде немесе сұрау салу ретінде жіберілетін барлық жағдайда мекен-жайдың сол жағында осы қолдаухаттың немесе сұраудың нөмірі мен күні көрсетіледі (мысалы, 200___ж. "___" _________ N____). Құжатқа (хатқа, анықтамаға, есепке, баяндамаға) қосымшалар оның мәтіннен кейін парақтары мен даналарын көрсетумен атап көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Шығыс құжатында толық немесе қысқаша келтірілетін күні (жұлдызы, айы, жылы) болуы тиіс (мысалы, "2004 жылғы 20-қаңтар" немесе "20.01.04 ж.") және тіркеу нөмірі жазылуы керек. Күнінің қыс қашасы анықтамаларда, баяндама жазбахаттарда қойылған қолдан кейін жазылады. Құжаттың шығыс нөмірі мынадай тәртіпте қойылады: бастапқысында оны әзірлеген аппараттың құрылымдық бөлімшенің индексі, бұдан соң сызық арқылы шығыс құжатының реттік нөмірі (мысалы "9/163") көрсетіледі. Құрылымдық бөлімшелердің индекстерін құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі әзірлейді және оны аппарат басшысы бекітеді. Шығыс құжатын әзірлеген орындаушының тегі, оның қызметтік телефон нөмірі құжаттың соңғы парағының сыртына жазылады (мысалы, М.Ғ.Шампиев, тел.27-43-46).
Тармақ 29
29. Телеграфпен, телефакспен, телекспен хат жазысу тек жедел сипаттағы мәселелер бойынша жүргізіледі. Шығыс жеделхаттарын тіркеу ағымдағы корреспонденция сияқты жүргізіледі. Факс байланысы бойынша корреспонденцияны жіберу аппарат басшысының рұқсатымен жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Жеделхаттар екі данада басылады және оған орындаушы бұрыштама соғады, облыс әкімі, әкім орынбасарлары, аппарат басшысы қол қояды. Қол қойылғаннан кейін жеделхаттар жіберу үшін құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне беріледі. Мәтіні бірдей жеделхаттарды бірнеше мекен-жайға жіберу қажеттігі туғанда орындаушы оны адресаттардың санына қарай көбейтеді. Мұндай жеделхаттарда әр данасына жеке мекен-жай мәліметтерімен бірге тек бір ғана бағыт пункті көрсетіледі. Адресаттарды жалпы көрсетуге жол беріледі (мысалы, "қалалар мен аудандардың әкімдеріне"), жеделхатқа аппарат басшысы куәландырған, жіберілуі көрсетілген қосымша беріледі. Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзумен ресімделген жеделхаттарды құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі жіберуге қабылдамайды. Арнайы байланыс органдары арқылы жіберілетін жеделхаттарды жіберу тәртібі арнайы нұсқаумен белгіленеді.
Тармақ 31
31. Шығыс құжаттарын жіберуге аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары әзірлейді. Мамандар жіберуге әзірленген құжаттарды, олардың көшірмелерін адресаттардың саны және аппарат басшысы бекіткен жіберу көрсеткіші бойынша (төрт мекен-жайдан артық жіберу кезінде) құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне жіберу үшін береді. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінсіз құжаттарды жіберуге тыйым салынады.
Тармақ 32
32. Факс байланысы арқылы құжаттарды жіберу кезінде орындаушы факс байланысы аппаратының нөмірін айқын көрсетуі, түпнұсқаны құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне тапсыруы тиіс. Жіберілгеннен кейін түпнұсқа жіберілгендігі туралы белгі соғумен орындаушыға қайтарылып беріледі.
Тармақ 33
33. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде жіберу алдында шығыс құжаттарын ресімдеудің дұрыстығы тексеріледі. Дұрыс ресімделмеген құжаттар түзету үшін орындаушыларға қайтарылады. Құжаттарды жібергеннен кейін құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі тіркеу карточкасының сыртына жіберілгендігі туралы белгі соғады. Құжаттарды дұрыс емес мекен-жай бойынша жібергені үшін жауапкершілікті орындаушы атқарады.
Тармақ 34
34. Басқа қаладан келген корреспонденция тізілімге енгізіледі. Жергілікті корреспонденция қолхат арқылы тарату кітабына қол қою арқылы беріледі. Құжаттарды жіберуге (тапсыруға) арналған тізілім, тарату кітаптары жыл бойы құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде сақталады.
Тармақ 5. 5. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеу, ресімдеу және келісу тәртібі
5. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеу, ресімдеу және келісу тәртібі
Тармақ 35
35. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 3-тармағына сәйкес облыс әкімі нормативтік-құқықтық сипаттағы, шешімдер мен әкімшілік-өкімдік, оперативтік және жекедара сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.
Тармақ 36
36. Облыс әкімінің адресіне ол тиісті шешім қабылдау үшін ұсыныстарды атқарушы органдар мәселені шешу облыс әкімінің құзыретіне жататын жағдайда енгізеді.
Тармақ 37
37. Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - жобалар) әзірлеуді аппарат бөлімдері мен атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және орындау үшін және "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде мүдделі органдармен келісумен бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның қол қоюымен беріледі. Жобаларға "ескертулермен" келісу болған кезде жобалармен келіспеушілік туралы қажетті түсініктемесі бар, бірінші басшы немесе оны ауыстыратын адам қол қойған анықтама қоса беріледі. Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушілік туған кезде облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы немесе оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Келіспеушілікті жойған кезде тиісті орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға береді. Талқыланатын мәселе бойынша келісім болмаған жағдайда облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы бұл жөнінде облыс әкіміне немесе оны ауыстырушы адамға ақырғы шешім қабылдау үшін хабарлайды.
Тармақ 39
39. Жобаларды дер кезінде (облыс әкімі жобаны беру мерзімін белгілеген жағдайда), сапалы әзірлеу және аппаратқа беру үшін, сондай-ақ жобалар мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде сай келуі үшін жауапкершілікті оны әзірлеуші органның бірінші басшысы атқарады.
Тармақ 40
40. Облыс әкімінің аппаратына түскенге дейін жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:
Тармақша 1
1) мүдделі атқарушы органдармен олардың құзыретіне қарай, мұнымен қатар жобамен келісуге мүдделілік мәселені қараудың мәні негізінде белгіленеді;
Тармақша 2
2) облыстық қаржы басқармасымен - жобаны қаржыландырудың мақсаттылығы және оны қаржыландырумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша;
Тармақша 3
3) облыстық экономика басқармасымен - экономикалық мақсаттылық және елді және облысты экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес келу мәселелері бойынша.
Тармақ 41
41. Жобаны әзірлеуші мұнымен бірге келісуге жобаның көшірмелерін барлық мүдделі атқарушы органдарға жібереді. Атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жоба түскеннен және тіркелгеннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс. Облыс әкімінің, оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімді неғұрлым шұғыл қабылдау мақсатында жобаға атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарынан төмен болмауы тиіс) кеңестерде (отырыстарда) бұрыштама соғуы абзал. Мұнымен қатар аталған лауазымды адамдар өздері соққан бұрыштамалар туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндауы қажет. Келісуге жоба көшірмесін алған кезде атқарушы органдар басқа мүдделі органның жобаға бұрыштама соғуын талап етпеуі қажет, сондай-ақ басқа формальді себептер бойынша келісуден бар тартпауы тиіс. Келісуші орган заңнамаға сәйкес өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзінің келіспейтіндігін білдіруге құқылы.
Тармақ 42
42. Жобаны қорғау қорытындылары бойынша келісуші орган әзірлеушіге бірінші басшының немесе оны ауыстырушы адамның қол қоюымен жауаптың мынадай вариантын беруі қажет:
Тармақша 1
1) жоба өзгертулерсіз келісілді (жобадағы бұрыштама);
Тармақша 2
2) жоба ескертпелермен келісілді (жобадағы "ескертпелермен" бұрыштама, бұлар қоса берілуі тиіс);
Тармақша 3
3) "жобаға келісуден бас тартылды" (бас тартудың себептері көрсетіліп қоса беріледі).
Тармақ 43
43. Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірленуші мүдделі органдардың барлық ұсыныстарын (ескертпелерді жояды) жобаның ақырғы вариантын әзірлеген кезде әзірлеуші атқарушы органдардың ескертпелерін оның келісуімен міндетті түрде жояды. Жобаны әзірлеуші жобаны аппаратқа енгізген кезде түсіндірме хатта осы жобада мүддесі қозғалатын органның бұрыштама соғуы не себепті жоқтығының (осындай факті болғанда) себептерін міндетті түрде көрсетеді, мұнымен қатар енгізілген материалдарға келісу үшін оны тиісті органға берілгендігін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Осындай дәлелдеушілік болмаған жағдайда жоба келісу үшін мүдделі органға жіберілген жоқ деп саналады. Әзірлеуші жобаға түсініктеме қағазды міндетті түрде қоса береді, онда осы жобаны қабылдау қажеттілігі негізделеді, әлеуметтік-экономикалық салдары көрсетіледі, оны қабылдаған жағдайда оны жүзеге асыруға байланысты болатын қаржылық шығындар, сондай-ақ облыс әкімінің қандай актілері осы мәселе бойынша бұдан бұрын қабылданғандығы және олар қалай орындалғандығы баяндалады. Қажет болған жағдайда облыс әкімінің, оның орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
Тармақ 44
44. Жоба облыс әкімінің тиісті бланкасында "Нормативтік құқықтық актілер туралы" және "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтай отырып, "Windows" операциялық жүйенің "Word" бағдарламасында мынадай параметрлерді ескеріп басылады:
Тармақша 1
1) солжақтағы алаңқай - 3 см; оңжақтағы алаңқай - 1,5 см; жоғарғы, төменгі алаңқай және колонтитулдары - 2,5 см.;
Тармақша 2
2) шрифт "Arial", шрифт өлшемі - 14 (қосымшаларда кіші өлшем қолданылуы мүмкін, бірақ 10-нан кіші емес);
Тармақша 3
3) жоларалық интервал - жалғыздылық, жаңа жолдық шегініс (бірінші жолдың шегінуі) - 1,25 см., тақырып пен мәтін, мәтін мен қол қою арасындағы интервал - 2 жол;
Тармақша 4
4) шешімдер мен өкімдердің беттері және оларға қосымшалар нөмірленуі қажет, мұнымен бірге әрбір қосымша үшін беттердің жеке нөмірлері болуы тиіс (беттерді нөмірлеу беттің ортасы бойынша жоғарыда араб цифрларымен нүктесіз жүргізіледі, бірінші бет нөмірленбейді);
Тармақша 5
5) тақырыбы, лауазымы және қойылған қолды айқындау, ал шешімдерде "ШЕШЕМІН" сөзі қара шрифтпен ерекше көрсетілуі тиіс.
Тармақ 45
45. Егер жобаға қосымша (шығаратын акті) болса, онда оларға жобаны енгізген мемлекеттік органның басшысы бұрыштама соғуы тиіс. Жобаның қысқаша атауы болуы тиіс, ол құжаттың мазмұнын ашуы қажет. Тармақтар маңыздылығы бойынша логикалық тәртіпте орналастырылуы қажет және бір-біріне қайшы келмеуі қажет. Мәтінде ұйымдардың, мекемелердің атауын қысқартуға жол берілмейді. Соңғы тармақ бақылауды көрсетеді (кімге жүктеледі, мерзімі, бақылау нысаны). Заңдардың, Жарлықтардың, қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің негізінде және орындау үшін жасалған жоба соларға сүйенуі керек. Шешімдер мен өкімдерді ресімдеуге бақылау жасауды құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. Аппаратқа сараптау үшін енгізілетін жоба құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде тіркеудің алдында құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінің қызметкерлері оның іс-қағаздар жүргізу талаптарына және осы регламентке сай келетіндігін тексереді. Енгізілетін жобалардың аталған құжаттардың талаптарына сай келмейтіндігі жағдайында аппараттың құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі оларды тіркеусіз әзірлеушілерге қайтарып беруге құқылы. Аталған талаптарға сай келгенде жоба құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде тіркеледі.
Тармақ 47
47. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде тіркелгеннен кейін жоба облыс әкімі аппаратының бөлімдерінде сараптаудан өтеді:
Тармақша 1
1) құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде - жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тектестігіне, жобаның іс-қағаздарын жүргізу талаптарына сай келетіндігі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік-құқық бөлімінде - жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келетіндігіне;
Тармақша 3
3) ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімінде - ұсынылатын жобаны орындау үшін бақылау жасауды жүзеге асыру қажеттілігін, осы мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілерді қайталауға жол бермеуге.
Тармақ 48
48. Облыс әкімінің аппараты сараптауды жүргізудің барысында жобаны мына негіздер бойынша пысықтау үшін қайтарып беруге құқылы:
Тармақша 1
1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде тектес еместігі, іс қағаздарын жүргізу талаптарына сай келмейтіндігі;
Тармақша 2
2) жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмейтіндігі;
Тармақша 3
3) осы мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілерді қайталайтындығы;
Тармақша 4
4) жобаны осы регламенттің талаптарын бұзумен ұсынуы. Басқа себептер бойынша сараптамалық теріс қорытынды жобаны қайтарып беруге негіз бола алмайды.
Тармақ 49
49. Жобаларды облыс әкімінің орынбасарларында келісу міндеттерді бөлісуге сәйкес жүзеге асырылады. Оларда мазмұнды сипатта ескертпелер туған жағдайда облыс әкімінің орынбасарлары қажет болғанда кеңес шақырады, оның нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Облыс әкімінің аппаратында сараптаудан өткізілгеннен кейін жобаға аппарат басшысы бұрыштама соғады және ол шешім қабылдау үшін облыс әкіміне немесе оны ауыстыратын адамға баяндайды.
Тармақ 50
50. Шешімдер мен өкімдерге облыс әкімі қол қояды. Қол қойылғаннан кейін актілердің түпнұсқаларына түзетулер енгізуге болмайды.
Тармақ 51
51. Облыс әкімдерінің шешімдері мен өкімдері қол қойылғаннан кейін құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде (хаттама бөлімшесі) тіркеледі. Бұл үшін құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне мыналар беріледі:
Тармақша 1
1) қол қойылған түпнұсқа қосымшаларымен;
Тармақша 2
2) анықтама - негіздеме;
Тармақша 3
3) "Word"-қа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мәтін және барлық қосымшаларымен дискет;
Тармақша 4
4) атқарушы толтырған жіберу парағы әрбір жағдайда құжатты жіберудің шын мәніндегі қажеттілігі және қай адресатқа болсын оның неше дана жіберілетіндігі тыңғылықты тексеріледі. Жіберу парағын аппарат басшысы бекітеді;
Тармақша 5
5) осы жобаны қабылдау қажеттілігін, оны қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық салдарын, оны жүзеге асыруға байланысты болатын қаржылық шығындарды негіздеумен түсініктеме қағазы, сондай-ақ облыс әкімінің осы мәселе бойынша бұрын қабылдаған актілері, және олар қалай орындалғандығы туралы анықтама;
Тармақша 6
6) осы мәселеге қатысты бастапқы құжаттар. Облыс әкімінің куәландырылған шешімдері мен өкімдерін облыс әкімі аппаратының құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі аппарат басшысы бекіткен жіберу парағына сәйкес жібереді. Облыс әкімінің жалпы міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы, азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне жататын барлық актілері әділет органдарында тіркеуге, облыс әкімі ресми жариялау үшін белгілеген бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға жатады. Жариялау үшін актілерді облыс әкімінің баспасөз қызметі жүзеге асырады. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі (хаттама бөлімшесі) облыс әкімінің әділет органдарында тіркелуге жататын актілерін мемлекеттік тіркеуден кейін адресаттарға жібереді. Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары облыс әкімі аппаратының құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде (хаттама бөлімшесі) сақталады. Құжаттарды дер кезінде шығару мен адресаттарға жіберуге жауапкершілікті облыс әкімі аппаратының құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінің меңгерушісі атқарады.
Тармақ 52
52. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі (хаттама бөлімшесі) арнайы тіркеу-регистр журналында әкімияттың және облыс әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің мониторингісін жүргізеді.
Тармақ 53
53. Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын техникалық қателер жағдайында ауыстыруды құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі тек облыс әкімі аппараты басшысының рұқсатымен жүргізеді. Бұл жағдайда бастапқыда жіберілген құжаттар облыс әкімі аппаратының құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне кері қайтарылуы тиіс.
Тармақ 54
54. Облыс әкімі қабылдаған актілерді есепке алу мен жүйеге келтіруді облыс әкімі аппаратының құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 55
55. Мүдделі адамдарға облыс әкімі қабылдаған нормативтік актілермен, мемлекеттік құпиясы бар немесе заң қорғайтын құпиясы бар актілерден басқа, танысу үшін рұқсат беру облыс әкімі аппаратының басшысы белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 6. 6. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі басшысының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмалары бар құжаттарды, сондай-ақ облыс әкімиятының қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын орындауды бақылау мен тексеруді ұйымдастыру тәртібі
6. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі басшысының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмалары бар құжаттарды, сондай-ақ облыс әкімиятының қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын орындауды бақылау мен тексеруді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 56
56. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тапсырмалары бар құжаттарды және облыс әкімияты мен әкімнің нормативтік-құқықтық актілерін орындау мен бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің нормативтік актілерімен осы мәселе бойынша жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы Президентінің, үкіметінің, облыс әкімінің, әкімиятының актілерін бақылауға қою, орындау барысына бақылау жасау, орындау мерзімін (қажет болғанда) ұзарту, бақылаудан алу, облыс әкімінің аппаратында, бөлімдерінде, департаменттерінде, комитеттері мен басқармаларында міндетті түрде орындау тәртібі белгіленеді.
Тармақ 57
57. Бақылауға алынған құжаттарды орындау мерзімдеріне бақылау жасау жөніндегі ұйымдастыру және аналитикалық жұмысты ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі жүзеге асырады, ол бекітілген тәртіпте атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша облыс әкіміне ақпарат береді.
Тармақ 58
58. Бақылауға мыналар алынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің облыс әкіміне тапсырмалар берілетін актілері;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен хаттамалық шешімдері, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің облыс әкіміне тапсырмалар берілетін өкімдері;
Тармақша 3
3) Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орындау мерзімдері көрсетілген тапсырмалары;
Тармақша 4
4) облыс әкімияты мен әкімінің облыстық атқарушы органдарының басшыларына тапсырмалар берілген актілері;
Тармақша 5
5) облыс әкімінің кеңестерде, облыс бойынша сапарларында берген тапсырмалары;
Тармақша 6
6) облыс әкімінің азаматтардың өтініштері бойынша берген тапсырмалары.
Тармақ 59
59. Бақылауға алынған құжаттар облыс әкімінің орынбасарларына және аппараттың құрылымдық бөлімдеріне оның қарарына сәйкес облыс әкімі орынбасарларының тапсырмасы бойынша бекітіліп беріледі.
Тармақ 60
60. Аппараттың құрылымдық бөлімдерінің басшылары осы бөлімге бекітіліп берілген әрбір бақылауға алынған құжат бойынша қызметкерді белгілейді (бұдан әрі- орындаушы), оған құжатты толық немесе оның жеке бөлімдерін орындауға бақылау жасау жүктеледі.
Тармақ 61
61. Қазақстан Республикасы Президентінің, үкіметінің, облыс әкімияты мен әкімнің актілерін дер кезінде және толық орындау үшін жауапкершілік облыс әкімінің қарарында белгіленген лауазымды адамдарға жүктеледі. Нормативтік-өкімдік актілерді орындау үшін бақылау жасауды ұйымдастыруға жауапкершілікті аппарат басшысы, ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі, облыс әкімінің орынбасарлары белгілеген аппараттың жауапты қызметкерлері, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары атқарады.
Тармақ 62
62. Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар белгіленген мерзімде орындауы шарт. Егер Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларында орындаудың нақты мерзімдері және орындауға жауапты көрсетілмесе, онда орындаушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі белгілейді және орындаушыға жеткізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмасын егер тапсырмада басқасы белгіленбесе екі апта мерзімінде орындау қажет.
Тармақ 63
63. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау мерзімі болмаған жағдайда құжат түскен күннен бастап саналатын орындаудың бір айлық мерзім, ал "жедел" белгісі болғанда онкүндік мерзім белгіленеді. Егер құжатты белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, онда орындаушы кешігу себептері туралы жазбаша хабарлауы тиіс және мерзімді ұзарту туралы өтінішін дәлелдеуі қажет.
Тармақ 64
64. Құжаттарды орындау мен бақылаудың белгіленген тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 65
65. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері бастапқы өңдеу және олар бойынша шешім қабылдау үшін облыс әкіміне немесе оны ауыстыратын адамға беру үшін ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне түседі. Бақылауға жататын актілерге "Бақылау" деген мөртабан соғылады. Бақылауға жататын актілер облыс әкімінің қарарымен орындаушылар танысу және оны орындауға бақылау жасау жөнінде жұмысты ұйымдастыру үшін ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне қайтарылады. Бақылауға жатпайтын актілер облыс әкімінің қарарымен құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне (кеңсеге) беріледі, ол қарарда көрсетілген лауазымды адамдардың олармен танысуын ұйымдастырады. Барлық актілер лауазымды адамдар танысқаннан кейін облыс әкімінің қарарымен құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөліміне (мұрағатқа) сақтауға беріледі.
Тармақ 66
66. Бақылауға жататын актілерді ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімінде бақылау папкалары және екі бақылау карточкасы толтырылады. Біреуі актінің көшірмесімен оны бақылауға алған облыс әкімінің орынбасарына жіберіледі. Бақылау бірнеше орынбасарларға тапсырылған жағдайда қажетті мөлшерде карточкалар толтырылады. Орындау, қорыту және орындаудың барысы туралы ақпарат беру үшін жауапты адам тапсырмада бірінші көрсетілген лауазымды адам болып табылады.
Тармақ 67
67. Облыс әкімі орынбасарларының бас мамандары (көмекшілері) облыс әкімінің орынбасарлары актілерді орындау жөнінде лауазымды адамдарға берген тапсырмаларға есеп жүргізеді, оларды тікелей орындаушыларға тез жібереді. Облыс әкімінің орынбасары бақылау жүргізуді жүктеген бөлімдерде әрбір бақылауға алынған актінің, құжаттың көшірмелері, бақылау карточкасы, құжатты орындау бойынша іс-шаралар және құжаттың әрбір тармағы бойынша орындау барысы туралы ақпарат сақталатын жинақтау папкасы қалыптастырылады: егер құжатта орындау мерзімі көрсетілсе, жедел; ағымдағы - Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімияты мен әкімінің актілері бойынша құжаттың бақылауда болатын бүкіл уақыты бойынша тоқсан сайын; қорытынды - құжаттың барлық тармақтары толық орындалғанда.
Тармақ 68
68. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің бақылауға алынған тармақтарын орындау туралы жауаптар мен есептер Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің, министрліктерінің тиісті құрылымдық бөлімдеріне осы регламентте белгіленген лауазымды адамның қол қоюымен жіберіледі. Жауаптар мен есептердің көшірмелері белгіленген мерзімде ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне беріледі. Орындаушы бөлім облыс әкімінің құжатты орындау үшін жауапты орынбасарына орындау барысы туралы тоқсан сайын анықтама әзірлейді, онда оны орындаудың деңгейі әрбір тармақ бойынша көрсетіледі. Орындамаған жағдайда оның себептері, нақты орындаушы және орындау мерзімдері көрсетіледі. Анықтамаға орындаушы бөлімнің меңгерушісі қол қояды. Бөлімдерде бақылау жөніндегі жұмыстың жағдайы үшін жауапкершілікті бөлімдердің меңгерушілері атқарады.
Тармақ 69
69. Облыс әкімінің орынбасарлары "Бақылау күні туралы" ережені басшылыққа ала отырып, "Бақылау күнін" ай сайын өткізеді, онда өздерінде бақылауда болып табылатын құжаттардың орындалу барысын қарайды, орындаушыларға тапсырмалар мен нұсқаулар береді, құжаттардың талаптарын көрсетілген мерзімде сөзсіз орындауға шара қолданады. "Бақылау күні" отырыстары хаттамаларының көшірмелері ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне беріледі.
Тармақ 70
70. Орындау және бақылау мерзімдерін ұзарту қажет болған кезде облыс әкіміне құжатты орындау үшін жауапты оның орынбасарының қолымен тиісті ұсыныспен ақпарат әзірленеді. Ақпаратта орындау мерзімін ұзарту ұсынылатын құжаттың әрбір тармағы бойынша дәлелді негіздеме беріледі. Облыс әкімінің қарауынан кейін аталған ақпарат ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне орындау және бақылау мерзімдеріне өзгерістер енгізу үшін беріледі.
Тармақ 71
71. Актілер оларда қойылған мәселелер толық шешілгеннен кейін және бұл туралы тиісті мемлекеттік органға хабарланған соң бақылаудан алынады. Бақылаудан алу үшін орындаушы бөлім облыс әкімінің немесе оның бірінші орынбасарының атына актінің әрбір тармағын орындау бойынша оны бақылаудан алу ұсынысымен қоса ақпарат әзірлейді. Ақпарат ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімімен келісіледі және осы актіге бақылау жасау тапсырылған әкім орынбасары оған қол қояды. Облыс әкімі немесе оның бірінші орынбасары бақылаудан алу туралы бұрыштама соққаннан кейін ақпарат ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне бақылау папкасы және есеп журналына тиісті жазу енгізу үшін жіберіледі.
Тармақ 72
72. Атқарушы бөлімдер ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне мынадай ақпараттар жібереді: бір апта мерзімінде - Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімияты мен әкімінің актілерін іске асыру жөнінде бөлімдерде, департаменттерде, басқармаларда әзірленген құжаттар (оларды іске асыру жөніндегі жоспар және орындау үшін бақылау жасау, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау мен бақылау жасау); ағымдағы - Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің облыс әкімияты мен әкімінің актілерін орындау барысы туралы әр айдың 25 жұлдызына дейін; қорытынды-құжаттың барлық тармақтары толық орындалған кезде облыс әкімінің немесе оның бірінші орынбасарының қарарымен бақылаудан алу.
Тармақ 73
73. Ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі бөлімдерде, комитеттерде, басқармаларда, аудандар (қалалар) әкімдерінің аппараттарында бақылауда болып табылатын құжаттарды орындау барысына жүйелі талдау жасайды, осы мәселелер бойынша облыс әкіміне ақпарат әзірлейді, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілген мерзімдерде және тоқсансайын әзірлейді. Бақылауға алынған құжаттарды орындаудың жағдайына тоқсансайын талдау жасау жазбахатпен ресімделеді және танысу үшін облыс әкімі аппаратының басшысына, бөлімдердің, департаменттердің, басқармалардың басшыларына жіберіледі. Бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімдері бұзылған және тиянақты орындалмаған жағдайда ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі атқарушы бөлімдерден олардың себептері туралы жазбаша есеп беруді сұрайды және осындай фактілер бойынша облыс әкіміне ұсыныс әзірлейді.
Тармақ 74
74. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының хаттамамен ресімделмеген тапсырмаларын, Парламент депутаттарының сұрауларын, облыс әкімінің қызметтік хатжазысу жөніндегі тапсырмаларын орындаудың барысына бақылау жасауды құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 75
75. Барлық тапсырмалар құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде тіркеледі, онда оларға екі данада бақылау картатекалары толтырылады: бірінші данасы орындаушыға жіберіледі, екіншісі - құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімнің картотекасында қалады.
Тармақ 76
76. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі аптасайын тапсырмаларды орындау барысына талдау жасайды.
Тармақ 77
77. Тапсырмаларды орындау мерзімін ұзарту, оларды бақылаудан алу тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі, облыс әкімияты мен әкімі актілері үшін бірдей (67, 68 тармақтарды қараңыз).
Тармақ 78
78. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың барысы туралы ақпаратты ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі әзірлейді және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөліміне белгіленген мерзімдерде жібереді.
Тармақ 7. 7. Кадр мәселелерін шешу
7. Кадр мәселелерін шешу
Тармақ 79
79. Облыс әкімінің құзырына жататын кадр мәселелерін шешу "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23-шілдедегі N 453-1 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10-желтоқсандағы N 494-1 Заңына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі белгілеген тәртіп пен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 80
80. Саяси мемлекеттік қызметшілерге жататын лауазымды адамдарды (облыс әкімінің бірінші орынбасарын, облыс әкімінің орынбасарларын, облыс әкімі аппаратының басшысын, тәртіптік кеңес төрағасын, қалалар мен аудандар әкімдерін) тағайындауды және босатуды облыс әкімі заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 81
81. Мемлекеттік қызметке қабылдау облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі арқылы "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі белгілеген тәртіп пен ережелерге сәйкес, сондай-ақ облыс әкімінің кадр мәселелері жөніндегі шешімдерімен, өкімдерімен жүзеге асырылады.
Тармақ 82
82. Ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі:
Тармақша 1
1) облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімі аппараты басшысының мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметтен өтуіне байланысты бұйрықтарын ресімдейді, қызметшілердің жеке ісін жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тізіміне (еңбек кітапшасына) қажетті жазулар енгізеді. Шектеуді қабылдағаны туралы мемлекеттік қызметшінің келісімін жазбаша түрде бекітеді және шектеулерді сақтауға бақылау жасайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасына беру үшін бос қызметтердің тізімін, бос қызметтердің орнын толтыруға тапсырыс әзірлейді. мемлекеттік қызметтің әкімшілік лауазымынан үміткерлердің құжаттарын арнайы тексеруден өткізуге ресімдейді;
Тармақша 3
3) кадрлар резервін құрады, саяси қызметшілердің бос орнына кандидаттарды облыс әкімімен келіседі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Премьер-Министрдің Кеңсесіне кадрлар жөнінде есеп береді.
Тармақ 83
83. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларын Қазақстан Республикасының конкурс жариялаған тиісті министрліктері, агенттіктері және ведомстволары тағайындайды. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының министрліктерімен, агенттіктерімен және ведомстволарымен келісім бойынша облыс әкімінің өкілі енгізіледі.
Тармақ 84
84. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, құрылымдық бөлімдердің бастықтарын осы органдардың бірінші басшылары тағайындайды. Облыс әкімінің өкілі конкурстық комиссияның отырыстарына қатысады.
Тармақ 85
85. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының бос орнына, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері басшыларының бос орнына орналасу үшін облыс әкімі конкурс жариялайды. Аппараттың Д-4, Д-5, Д-6 санаттағы мемлекеттік қызметшілердің бос әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін облыс әкімі аппаратының басшысы конкурс жариялайды. Конкурстық комиссия отырысының қорытынды шешімі негізінде облыс әкімі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын, облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушілерін тағайындайды. Облыс әкімі аппаратының Д-4, Д-5, Д-6 санаттағы мемлекеттік қызметшілердің бос әкімшілік лауазымына тағайындау конкурстық комиссияның шешімі негізінде облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 86
86. Қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларын, құрылымдық бөлімдер бастықтарын конкурс жариялаған қалалар мен аудандардың әкімдері жоғарыда тұрған органмен келісім бойынша тағайындайды. Конкурстық комиссияның құрамына облыс әкімінің өкілі енгізіледі.
Тармақ 87
87. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату Қазақстан Республикасы Президенті тиісті тәртіпті қабылдағанға дейін облыс қалалары мен аудандарының әкімдері облыс әкімімен келісім бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 8. 8. Облыс әкімінің аппаратында ішкі тәртіпті ұйымдастыру
8. Облыс әкімінің аппаратында ішкі тәртіпті ұйымдастыру
Тармақ 88
88. Қызметтік куәлігін ұсыну бойынша облыс әкімі аппаратының ғимаратына мыналар өтеді:
Тармақша 1
1) облыс әкімі аппаратының және облыс әкімі аппаратының ғимаратында болып табылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары;
Тармақша 4
4) облыстық мемлекеттік органдардың басшылары;
Тармақша 5
5) әкімият отырыстары және басқа іс-шаралар күндерінде құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімі меңгерушісінің қол қоюымен тізім бойынша.
Тармақ 89
89. Облыс әкімінің лауазымды адамдарды қызметтік мәселе бойынша қабылдауы туралы мәселені оның көмекшісі немесе облыс әкімі аппаратының басшысы шешеді.
Тармақ 90
90. Облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша аппарат бөлімдерінің қызметкерлері келушілер туралы кезекші милиционерлерге жазбаша немесе телефон арқылы хабарлайды. Болғандығы туралы белгіні тек басқармалар, комитеттер, департаменттер бастықтары және облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушілері соғады.
Тармақ 91
91. Осы регламентте басқасы көзделмеген жағдайларда келушілермен кездесу туралы шешімді облыс әкімі орынбасарының жеке өзі, әкім көмекшісі, облыс әкімі аппаратының басшысы, бөлім меңгерушілері қабылдайды.
Тармақ 92
92. Болу уақыты: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге және сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін.
Тармақ 93
93. Облыс әкімі аппаратының лауазымды адамдарды айына кемінде бір рет азаматтарды жеке өздері қабылдауды жүргізулері қажет. Қабылдау белгіленген күндерде және сағатта жүргізілуі тиіс. Егер лауазымды адамдар өтінішті немесе шағымды қабылдау кезінде шеше алмаса, олар жазбаша түрде баяндалады және олармен хат арқылы өтінішпен жұмыс істегендей жұмыс істеледі.
Тармақ 94
94. Облыс әкімі азаматтарды әр айдың бірінші сейсенбісінде қабылдайды, облыс әкімінің орынбасарлары және әкім аппаратының басшысы - облыс әкімімен бекітілген кесте бойынша.
Тармақ 95
95. Азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау сағат 15.00-ден бастап бірінші қабатта N 114 бөлмеде жүргізіледі. Облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының қабылдауына жазылуды құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімнің қызметкерлері қабылдау күнінде жүргізеді. Облыс әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау үшін бақылауды құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлім жүзеге асырады. Тапсырмаларды орындаудың нәтижелері туралы әкімге аппарат басшысы баяндайды. Басқа қалалардың азаматтарын қабылдау аппарат басшысымен, әкім көмекшілерімен және оның орынбасарларымен келісім бойынша олардың өтініш берген күні жүзеге асырылады. Азаматтардың өтініштерін қарау үшін облыс басқармаларының, комитеттердің, бөлімдердің, кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары қатыстырылады. Құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлім жеке мәселелер бойынша қабылдау жөніндегі істің жағдайы туралы аппарат басшысына хабарлайды.
Тармақ 9. 9. Облыс әкімінде және оның аппаратында кеңестер өткізудің тәртібі
9. Облыс әкімінде және оның аппаратында кеңестер өткізудің тәртібі
Тармақ 96
96. Облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, комитеттер мен департаменттердің басшылары, ведомстволық бағыныштығына қарамастан, қалалар мен аудандардың әкімдері ай сайын 25-жұлдызына дейін ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне келесі айда өткізілетін іс-шаралар, кеңестер мен отырыстар (оның ішінде селекторлық), мерейтойлар, естелік күндер тізбесін береді.
Тармақ 97
97. Ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі өткізілетін кеңестердің және басқа іс-шаралардың материалдарын жинауды, қорытуды және мерзімдерін үйлестіруді қамтамасыз етеді, оларды кейін облыс әкімі бекітеді. Іс-шаралар тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолданады және бөлім меңгерушісі бекіткен жіберу көрсеткішіне сәйкес жіберіледі.
Тармақ 98
98. Жоспардан тыс іс-шаралар, кеңестер, семинарлар өткізу қажеттігі туған жағдайда облыс әкімінің орынбасарлары мәселені облыс әкімімен келіседі, ал атқарушы органдардың басшылары жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары арқылы облыс әкімімен оны өткізуден бұрын бір аптадан кешіктірмей келіседі және бұл туралы ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөліміне хабарлайды.
Тармақ 99
99. Қайталауды, қалалар мен аудандар әкімдерін, олардың орынбасарларын, құрылымдық бөлімдердің басшыларын әртүрлі кеңестерге Өскемен қаласына жүйесіз шақыруды болдырмау мақсатында негізгі іс-шараларды өткізудің мынадай тәртібі белгіленеді:
Тармақша 1
1) облыс әкімиятының отырыстары - әр айдың соңғы сейсенбісі;
Тармақша 2
2) облыс әкімінің оперативтік кеңесі - әр айдың бірінші дүйсенбісі;
Тармақша 3
3) облыс әкімі орынбасарларының қалалар мен аудандар әкімдерінің, құрылымдық бөлімдер басшыларының қатысуымен кеңесі - бейсенбіде;
Тармақша 4
4) облыстық басқармалардағы, комитеттердегі, департаменттердегі кеңестер - сәрсенбіде;
Тармақша 5
5) қоғамдық ұйымдардың, облыстың атқарушы органдарының лауазымдық тұлғаларының қатысуымен кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу мерзімдерін белгілеуді аппарат басшысы жүзеге асырады. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы