Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление туризма Туркестанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы «1» шілдедегі № 133 қаулысына қосымша «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өкілеттіктер берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарма құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20, пошталық индексі 161200.
Тармақ 10
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.
Тармақ 12
12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, туристік өнімді ішкі және дүниежүзілік нарықта ілгерілету;
Тармақша 2
2) Түркістан облысын жағымды туристік имиджін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
Тармақша 4
4) Түркістан облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге; белгіленген тәртіпте Түркістан облысының мүдделерін республикалық, өңіраралық және басқа да туристік іс-шараларда білдіруге; облыстық іс-шараларды өткізуге, республикалық іс-шараларға қатысуға, халықаралық туристік іс-шаралар өткізуге жәрдем көрсетуге; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшылар, басқа атқарушы органдардан мамандар тартуға; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) міндеттері: Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге; кадлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын бекітуге және үйлестіруге, олардың қызметтерін әдістемелік қамтамасыз етуге, туризм жөніндегі мамандармен симпозиумдар, конфренциялар, семинарлар, оқыту формаларын және тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға: Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) Түркістан облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Түркістан облысының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
Тармақша 3
3) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
Тармақша 4
4) Түркістан облысының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 5
5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
Тармақша 6
6) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
Тармақша 8
8) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
Тармақша 9
9) туристік ақпарат орталығын құрады;
Тармақша 10
10) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) гидтерді (гид аудармашы) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
Тармақша 13
13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
Тармақша 14
14) Түркістан облысының аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 15
15) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 16
16) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;
Тармақша 17
17) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 18
18) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізеді;
Тармақша 19
19) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 20
20) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
Тармақша 21
21) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
Тармақша 21-1
21-1) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;
Тармақша 21-2
21-2) тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 21-3
21-3) шығу туризмі саласындағы туроператордың «Туристік міндетті сақтандыру туралы» Заңында белгіленген туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 21-4
21-4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 2
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен әкімдігінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 5
5) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;
Тармақша 7
7) келісім-шарттар жасасады;
Тармақша 8
8) сенімхаттар береді;
Тармақша 9
9) банкте шоттар ашады;
Тармақша 10
10) өз уәкілеттігі шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 11
11) Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
Тармақша 12
12) Басқарма басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады; Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарма «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманың және қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарма қарамағындағы ұйым: «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».