Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесін бекіту туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын және 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2002 жылғы 26 шілдедегі "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" N 22-5 шешімінің күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Шыңғырлау аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (Айтмухамбетов Қ.) осы шешімді басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері және агроөндірістік кешен жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 6-3 шешімімен бекітілген Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 7. І. Тұрғын үй көмегі
І. Тұрғын үй көмегі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі халықтық табысы жағынан аз қамтылған санаттарына тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жалдауға берілетін, халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі Республикада тұрғылықты тұратындарға, егер отбасы бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормалары шегіндегі, бірақ ол нақтылы отырған жалпы көлемнен көп болмауы керек, тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтер мен пайдалануға нормативтері шығыны осы мақсаттардағы ұйғарынды шекті шығын үлесінен асса көрсетіледі. Жалғыз басты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, жұмыссыз 50 жастан асқан әйел және 55 жастан асқан ер адамдар, 1-2 топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылармен мүгедектерінің жесірлері тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайызы, қалғандары 30 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңнамасында отбасының әр мүшесіне белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жай көлемінің бір адамға 18 шаршы метрін құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін тұратын мекен-жай көлеміне байланыссыз 50 шаршы метр шегінде, бірақ нақтылы көлемінен аспайды.
Тармақ 4
4. Көмектің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және осы отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарынды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушысы болатын (жалдаушы) жеке тұлғаға тағайындалады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге белгіленген өтемақыға электр жүйесі, судың, газдың, отынның (көмір) шығыны есептеледі.
Тармақ 7
7. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Егер отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра, жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса, немесе жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмаса, отбасының тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, сонымен қатар ұсынылған жұмыстан бас тартқан, белсенді түрде жұмыс іздемеген және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Бұл сағатқа жатпайды: стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдар, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен курсанттар, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектер, сексен жастан асқан адамдар, жеті жасқа дейінгі балаларды, немесе бір жарым жасқа дейінгі баланы бағып күтумен айналысатын азаматтар.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы әлеуметтік қорғау органдарына хабарлап отыруы керек, сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, 10 күн ішінде хабарлауы керек. Жоғары деңгейде тұрғын үй көмегін тағайындауға, немесе заңсыз өтемақы алуға әлеуметтік қорғау органдарына біле тұра жалған мәлімет берген меншік иесі (жалдаушы) бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңнамамен белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім үй иесінің (жалдаушының) арызының және қоса берілген отбасы құрамы туралы, отырған үйдің (пәтердің) оған жататындығы туралы, арыз берердің алдындағы тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық табысы туралы құжаттардың негізінде әлеуметтік қорғау органымен қабылданады.
Тармақ 10
10. Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күмән туса, әлеуметтік қорғау органы қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін көмек, арнаулы үкіметтік көмек, материалдық көмек, атаулы әлеуметтік көмек азаматтардың таңдауына қарай беріледі.
Тармақ 12
12. Жеке отбасының жиынтық табысының қосалқы шаруашылықтан түсетін табысының мөлшері 6 айлық есептік көрсеткіш есебінде саналады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақы тағайындауда дау, жанжал, стандартсыз жағдай туса, жергілікті атқарушы және өкілдік органдардан құралған арнаулы комиссияға қарауға беріледі.
Тармақ 14
14. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақы ақшалай тағайындалып, пайдаланушылардың есеп шотына аударылады. Ақы мөлшері, белгіленген нормативтер бойынша пайдалануға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалауға төленуге тиісті ақы мөлшерінен аспауға тиісті.
Тармақ 15
15. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалауға төленетін ақы, өтініш берген уақыттан бастап 6 айға тағайындалады. 3 айға тағайындалған қаржы мөлшері бір уақытта беріледі.
Тармақ 16
16. Тапсырылған құжаттар қаралып шарт жасалады. Шарт екі дана жасалып, оның бір данасы үйді пайдаланушыда сақталады.
Тармақ 17
17. Отбасының жиынтық табысына отбасына қайтыс болғанда жерлеуге берілетін және баланың тууына байланысты берілетін жәрдемақылардан басқа барлық табыстары есептеледі.
Тарау 25. ІІ. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
ІІ. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
Тармақ 1
1. Меншіктің барлық нысандарындағы үйлерде тұратын тұрғындарға тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі меншік иесінің (жалдаушының) тізімдерін рәсімдеп, берілген жәрдемақылардың сомасын көрсете отырып, қаржы органдарына тапсырылады.
Тармақ 3
3. Қаржы органдары тізімдемелердің негізінде бағдарламалардың иелеріне жергілікті бюджетте қаралған қаражат есебінен төлем тапсырмаларымен қаржыларды өтейді.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі тұрғын үй көмегіне төленген бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалғанын бастапқы құжаттар бойынша жылына бір рет тексеруден өткізеді.
Тармақ 5
5. Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.