«Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Бородулихинскому району» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Бородулиха аудандық мәслиихаттың 2024 жылғы № шешіміне қосымша Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер № Атауы Бір тұрғыннан айына абоненттік төлем (қосылған құн салығынсыз, теңге) Жылдық тариф (қосылған құн салығынсыз, теңге) Жайлы үйлер Жайлы емес үйлер м3 1 Жинау, тасымалдау 216,46 244,93 1484,33 2 Сұрыптау 50,08 56,67 343,35 3 Көму 136,46 154,40 935,75 Барлығы: 403,00 456,00 2763,43 Жылына жинақтау нормасы, м3 1,75 1,98