Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысы 2024 жылғы 5 шілдедегі №08-02-07/315 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Тармақ 1
1. Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді-мекені Егемендік көшесі №13 мекен жайдағы үйде тұратын О.Буленовтың 1 (бір) бас ірі қара малынан «бруцеллез» ауруы пайда болуына байланысты Буленов Оразбайдың жеке мал қорасына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.