«О создании штаба при акимате Зерендинского района по координации деятельности районных отделов и комитетов, их подразделений по формированию электронных списков, регистрации и учету избирателей» Күшін жойған
Басқа 0
«Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан аудандық бөлімдер мен комитеттердің олардың құрылымдарының сайлаушылар электронды тізімін жасау, оларды тіркеу, есепке алу жөніндегі қызметтерін үйлестіру штабын құру туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2004, жылғы 9 наурыздағы № 1 «Қазақстан Республикасы министрліктерінің, агенттіктері мен ведомстволарының сайлаушылардың электронды тізімін жасау, оларды тіркеу, есепке алу жөніндегі қызметтерін үйлестіретін Республикалық штаб құру туралы» өкімінің негізінде аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес құрамда Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан аудандық бөлімдер мен комитеттердің және олардын құрылымдарының сайлаушылардың электронды тізімін жасау, оларды тіркеу, есепке алу жөніндегі қызметтерін үйлестіру штабы құрылсын.
Тармақ 2
2. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы штабтың жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан аудандық бөлімдер мен комитеттердің және олардың құрылымдарының сайлаушылардың электронды тізімін жасау, оларды тіркеу, есепке алу жөніндегі қызметтерін үйлестіру штабының Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
Осы қаулының күші 2004 жылғы 6 сәуірден шыққан құқық қатынастарына тарайды.
Тармақ 4
4. Селолық және поселкелік округ әкімдері, басты міңдеттері сайлау учаскелері мен селолық округтегі сайлаушылардың тізімін құру болып табылатын осындай үлестіру штабтары өз орындарында қалыптастырып, сәйкес шешімдерімен бекітсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Б.Нұғымановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Басқа 7. Зеренді ауданы әкімдігі жанында сайлаушылардың электронды тізімін құрастыру, тіркеу мен есепке алу бойынша жергілікті атқарушы органдардың, бөлімдер мен комитеттердің, жергілікті жерлердегі олардың құрылымдарының қызметін үйлестіретін штабтың арнайы құрамы
Зеренді ауданы әкімдігінің
2004 жылдың «06» 04
№ 87-1 қаулысына
1-қосымша
Зеренді ауданы әкімдігі жанында сайлаушылардың электронды тізімін құрастыру, тіркеу мен есепке алу бойынша жергілікті атқарушы органдардың, бөлімдер мен комитеттердің, жергілікті жерлердегі олардың құрылымдарының қызметін үйлестіретін штабтың арнайы құрамы
Ермек Бекенұлы Нұғыманов - аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы;
Светлана Әйтенқызы Халилева - штаб төрағасының орынбасары, аудандық сайлаушылар комитетінің төрайымы;
Әлия Аманжолқызы Таласбаева - штаб мүшесі, әкім аппаратының басшысы;
Виктор Николаевич Разин - штаб мүшесі, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы;
Танат Әдінұлы Кішкенов- штаб мүшесі, миграциялық полиция бөлімінің бастығы;
Гүлбану Қасымбекқызы Әміржанова - штаб мүшесі, аудандық ахаж бөлімінің меңгерушісі;
Біржан Сәкенұлы Хасенеев - штаб мүшесі, аудандық статистика бөлімінің бастығы;
Клара Ғалымқызы Сағындықова - штаб хатшысы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
Евгения Рихардовна Капустина - штаб мүшесі, аудандық тұрғындарды еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы;
Басқа 8
Зеренді ауданы әкімдігінің
2004 жылдың 06.04
№ 87-1 қаулысына
2-қосымша
Зеренді ауданы әкімдігі жанында сайлаушыларды электронды тізімін құрастыру, тіркеу мен есепке алу бойынша жергілікті атқарушы органдардың, бөлімдер мен комитеттердің, жергілікті жерлердегі олардың құрылымдарының қызметін үйлестіретін штаб туралы ЕРЕЖЕ
Осы ереже Зеренді ауданы әкімдігі жанында сайлаушылардың электронды тізімін құрастыру, тіркеу мен есепке алу бойынша жергілікті атқарушы органдардың, бөлімдер мен комитеттердің, жергілікті жерлердегі олардың құрылымдарының қызметін үйлестіретін штабтың тапсырмаларын, міндеттерін, штаб қызметінің құқықтық және ұйымдастыру негіздерін айқындайды /әрі қарай - үйлестіру штабы/.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Үйлестіру штабы сайлаушылардың электрондық тізімінің нақтылығын және оларды «Сайлаушы» АСЖ бағдарламасының тәртібінде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдардың, бөлімдер мен комитеттердің, олардың бөлімшелерінің өз орнында сайлаушыларды тіркеу мен есепке алуды тиімді, бірлескен түрде жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында құрылды
Тармақ 2
2. Үйлестіру штабы - Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 3
3. Үйлестіру штабы өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Аудандық штабтың міндеттері
2. Аудандық штабтың міндеттері
Тармақ 1
1. Үйлестіру штабының міндеттері төмендегідей:
Тармақша 1
1) Жұмыс істейтін АСЖ «Сайлаушы» бағдарламасының базасында аудан бойынша сайлаушылар туралы тұтастай мәліметтері бар электронды банкы бола алатын жергілікті атқарушы органдардың, бөлімдер мен комитеттердің сайлаушылардың тізімін қалыптастыруға байланысты қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың сайлаушыларды тіркеу мен есепке алу бойынша қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың сайлау туралы заңын, оның ішінде сайлаушылардың тізіміне кезеңмен түзетулер енгізуді сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне жауапкершілікті жоғарылату;
Тарау 2. 2. Аудандық штабтың құқықтары
2. Аудандық штабтың құқықтары
Аудандық штабтың Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіп бойынша және өзінің өкілеттігінің шеңберінде төмендегідей құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Бөлімдер мен комитеттердің жетекшілерін, селолық және поселкелік округ әкімдерін тыңдауға;
Тармақша 2
2) аудан әкімдігінің қарауына тұрғындарды тіркеу мен есепке алуды әрі қарай жетілдірудің мәселелері бойьшша ұсыныс енгізуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, оның ішінде сайлаушыларды тіркеу мен есепке алу тізімін сапалы дайындауға байланысты, сондай-ақ Республикалық және облыстық штабтың шешімдерін бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етпеген мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілеріне тәртіптік ықпал ету туралы ұсыныс енгізуге;
Тарау 3. 3. Жұмысты ұйымдастыру
3. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Аудандық штабтың төрағасы оның қызметіне жетекшілік етеді, Үйлестіру штабының мәжілісінде төрағалық етіп, оның жұмысын жоспарлайды.
Тармақ 2
2. Үйлестіру штабының төрағасы болмаған жағдайда мәжіліс оның орынбасарының төрағалық етуімен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Үйлестіру штабының кезекті мәжілісінің күн тәртібі үйлестіру штабы мүшелерінің ұсыныстары ескеріле отырып, төрағамен немесе оның орынбасарымен қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Үйлестіру штабының кезекті мәжілісіне енгізілетін мәселені дайындауға жұмыс тобы құрылып, оның арнайы құрамын төрағалық етуші белгілейді.
Тармақ 5
5. Үйлестіру штабының мәжілісі кемінде айына бір рет өткізіледі.