Об образовании Комиссии по охране историко-культурного наследия при акимате Егиндыкольского района Күшін жойған
Басқа 0
Егіндікөл ауданы әкімдігі жанында тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңдарына сәйкес Егіндікөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанында құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге енгізілсін ( қосымша).
Тармақ 3
3. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанында құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия туралы қосымша беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанында құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы болып Егіндікөл аудандық мәдениет және спорт бөлімі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6. «Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның дербес құрамы
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 19 сәуірдегі № а-4/37
«Егіндікөл ауданы әкімдігі
жанындағы тарихи-мәдени мұраны
қорғау жөніндегі Комиссия құру
туралы» қаулысына қосымша
«Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның дербес құрамы
Тармақ 1
1. Жұматова Зоя Кендібайқызы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия Төрайымы
Тармақ 2
2. Әбілов Бегендіқ Қуандықұлы - аудандық мәдениет және спорт бөлімінің менгерушісі, комиссия Төрайымының орынбасары
Тармақ 3
3. Серікбаева Айсұлу Әкімқызы – мәдени шаралар ұйымдастырушы комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Тармақ 4
4. Менешева Бақытгүл Насиқызы - аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 5
5. Цитеркоп Надежда Ивановна - аудандық экономика, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы бөлімінің бас маманы
Тармақ 6
6. Жармұқанов Болат Садықұлы - аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі
Басқа 13
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 19 сәуірдегі № а-4/37
«Егіндікөл ауданы әкімдігі
жанынан тарихи-мәдени ескерткіштерді
қорғау Комиссиясын құру туралы»
қаулысымен БЕКІТІЛДІ
Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия (бұдан былай - Комиссия) Егіндікөл ауданының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жәйе күтімін жасау үшін қызмет жасайтын аудандық әкімдік жанындағы кеңес беру - ақылдасу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Ата Заңына және Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Реопубликасының сәулет, қала құрылысы және құрылыстық қызмет туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа Заңдарына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 3
3. Комиссия және атқару органының қарауына ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) тарихи-мәдени мұра нысандарын айқындау, есепке алу, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану;
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени құндылықтарға республикалық және жергілікті маңызды мәртебе беру;
Тармақша 3
3) табиғат апаты салдарынан объекті қираған немесе тарихи, ғылыми, көркемдік құндылығынан айырылған жағдайда тарихи және мәдениет ескерткіштерін алып тастау, көшіру немесе қалпына келтіру;
Тармақша 4
4) барлық санаттағы ескерткіштердің сақталуына қауіп төндіретін қызметке тыйым салу;
Тармақша 5
5) республикалық және жергілікті маңызды тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен объектілерді шығару;
Тармақша 6
6) республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштерді есепке алу, сақтау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды аудандық экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына енгізу жөніндегі шараларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) тарихи және мәдени ескерткіштер болып табылатын мемлекеттік меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру;
Тармақша 8
8) тиісті әкімшілік-аймақтық бірлік аймағында тиянақты жобалау, құрылыс жүргізу және өңдеу жобаларын әзірлеген және бекіткен кезде барлық санаттағы тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу, сақтау, орындау бойынша шараларды іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша бағдарламаларды әзірлеу;
Тармақша 10
10) тарихи және мәдени ескерткіштер бойынша зерттеудің, жобалаудың және қалыпқа келтіру-сақтауға қою жұмыстарының кез-келген түрлерін жасау;
Тармақша 11
11) сәулеттік, қала қүрылысы және құрылыстық қызметке тыйым салынатын немесе шектелетін аяда реттеу шекарасын белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу жатады.
Тармақ 4
4. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте және оның құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша:
Тармақша 1
1) қалада тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауға байланысты сұрақтар бойынша тиісті органдарға ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) тарихи, археологиялық, сәулеттік құрылыс және ескерткіштерді қайта қалпына келтіру және пайдалану үрдісінде ұйымдармен консультативтік жұмыс жүргізуге;
Тармақша 3
3) комиссия құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңды және жеке тұлғаларға қажеттті ақпарат беруге;
Тармақша 4
4) комиссия отырыстарында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану сұрақтары бойынша жергілікті орган мен ұйымдардың жауапты өкілдерін, қаланың сараптау және жұмыс топтарының жетекшілерін тыңдауға құқылы.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия отырысы қажет болған жағдайда өткізіледі және құқылы болып есептеледі, егер оған оның мүшелерінің жалпы санынан 2/3 қатысса.
Тармақ 6
6. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады және қабылданған болып есептеледі, егер ол үшін көпшілік дауыс берілсе.
Тармақ 7
7. Дауыстар тең түскен кезде комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия мүшелері ерекше пікір айтуға құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысының өткізілу қорытындысы бойынша мүшелері қол қойған хаттама жасалады. Оған отырыста қаралған барлық құжаттар немесе материалдар қосымша беріледі.
Тармақ 9
9. Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы Егіндікөл аудандық мәдениет бөлімі болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімдері ұсыныс ретінде қабылданады.