Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 05 шілдедегі № 02-05/189 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Тексеруге өткізілген бір бас уақ малдың ішкі ағзасынан бактериялық зерттеулер нәтижесінде, «Бруцеллез» ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қызылқия ауылы округі, Қызылсеңгір елді мекені, Қонаев № 36, 40, 44, 49А. Қалниязов № 31, 35, 36, 39, 41, 40А, Құрымбаев № 14, 23 тұрғын үйлердің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.