Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания в области промышленности и строительства Күшін жойған
Басқа 0
Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 1. Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушысының
2024 жылғы 12 шілдедегі
№ 261 бұйрығына
қосымша
Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық бюджеттен қаржыланатын зерттеулер жүргізудің, консалтингтік қызметтер көрсетудің және мемлекеттік тапсырманы орындаудың құнын айқындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) зерттеулер – аналитикалық тәсілдер негізінде экономиканың нақты сегментінде мемлекеттік саясатты іске асыруға және мемлекеттік міндеттерді шешу үшін ұсыныстар дайындауға бағытталған зерттеулер;
Тармақша 2
2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – өнеркәсіп және құрылыс саласы қызметінің тиімділігін бағалауды әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс;
Тармақша 4
4) орындаушы - өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеу, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырма орындайтын заңды және/немесе жеке тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау кезінде орындаушының негіздейтін құжаттармен расталған тікелей және жанама шығыстары ескеріледі.
Тармақ 4
4. Орындаушының тікелей шығыстарына жүргізілетін зерттеулермен, көрсетілетін консалтингтік қызметтермен және орындалатын мемлекеттік тапсырмамен тікелей байланысты шығыстар жатады.
Жанама шығыстарға орындаушының тұтастай қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету және мемлекеттік тапсырма орындау процесінде тікелей қолданылмайтын шығыстар жатады.
Тармақ 5
5. Жұмыстар мен қызметтер құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Рбарлығы = Рт + Рж
мұнда,
Рбарлығы – зерттеулер жүргізуге, консалтингтік қызметтер көрсетуге және мемлекеттік тапсырма орындауға арналған шығыстар;
Рт – тікелей шығыстар;
Рж – жанама шығыстар.
Тарау 3. 3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған шығындар түрі
3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған шығындар түрі
Тармақ 6
6. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік тапсырманы тікелей жүзеге асыратын персоналдың еңбекақысы;
Тармақша 2
2) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы тікелей орындайтын персоналға қатысты салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар;
Тармақша 3
3) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы тікелей орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
Тармақша 4
4) сарапшыларды тарту (бірлесіп орындаушылар) (шығыстар орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен шекті көлемінен аспау қажет);
Тармақша 5
5) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын тауарлар мен материалдарды сатып алу;
Тармақша 6
6) зерттеулер жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу;
Тармақша 7
7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулер, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, электрондық пошта, интернет);
Тармақша 8
8) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алу төлемі;
Тармақша 9
9) ақпараттық дерекқорларға жазылу және қолжетімділік;
Тармақша 10
10) зерттеулер материалдарын жариялау шығыстары;
Тармақша 11
11) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері.
Тармақ 7
7. Жанама шығыстар тікелей өзіндік құнына жатпайды және мынадай шығындарды:
Тармақша 1
1) әкімшілік – басқару персоналының еңбек ақысын;
Тармақша 2
2) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы тікелей орындайтын персоналға қатысты төлемдерді қоспағанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды;
Тармақша 3
3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсетуді және жөндеуді;
Тармақша 4
4) өзге де шығыстарды (режимдік объектілерді қүзету қызметтері, банктік қызметтер, полиграфиялық және типографиялық шығыстар, курьерлік қызметтер) қамтиды.
Тармақ 8
8. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырманы орындау үшін бюджеттік өтінім қалыптастыруда шығыстардың әрбір бабы негіздеме құжаттармен расталады (орындаушының штаттық кестесі, есептер, шарттар көшірмесі, кемінде үш баға ұсыныстары).
Тармақ 9
9. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырманы орындау үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталынан орташа баға пайдаланылады.