Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара» Күшін жойған
Басқа 0
«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 552/2 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесi туралы
Ереже
Павлодар қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «___» маусымдағы
№ ______қаулысымен
бекітілді
«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесi туралы
Ереже
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 6
6. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесi, 25.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.
орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара».
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Павлодар қаласының аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды іске асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауылшаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) Павлодар қаласының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;
Тармақша 5
5) бау-бақша кооперативтері жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыру, одан әрі бау-бақшалардың дамуына үлес қосу;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді төмендету жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1.1
1.1) мемлекеттік және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі алдында қойылған міндеттерді орындаумен байланысты өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрау және алу;
Тармақша 1.2
1.2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Павлодар қаласы әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 1.3
1.3) келісім шарттар, келісімдер мен басқа да заңды мәмілелер жасау;
Тармақша 1.4
1.4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақша 2.1
2.1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын және оны материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру;
Тармақша 2.2
2.2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қаланың мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;
Тармақша 2.3
2.3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) жекеменшік кәсіпкерлікті мемлекеттік саяси дамытудың және қолдаудың іске асуын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жекеменшік кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) аймақтарда мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен дамуына жауапты болу және қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 5
5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдарының өзара қатынасын дамыту стратегиясын анықтау;
Тармақша 6
6) сараптама кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) жергілікті деңгейдегі жекеменшік кәсіпкерлікті және шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) кәсіпкерлік пен өнеркәсіптік мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 9
9) инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
Тармақша 10
10) сәйкесінше аумақта инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 11
11) негізгі бағыттағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
Тармақша 12
12) агроөнеркәсіптік кешендер саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;
Тармақша 13
13) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) өзінің құзыры шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат берілетін бөлшек бағалар мөлшерін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) өзінің құзыры шегінде әкімшілік құқық бұзушылық саласында іс жүргізуді жүзеге асыру:
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 199-бабы (бірінші, екінші және үшінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 455-бабы (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері) бойынша хаттамалар жасау;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерінен асып кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;
- белгілі емес орындардағы сауда саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;
- ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;
- тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтер көрсету және кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;
- мақта саласын дамытуда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;
- азық-түлік өнімдеріне өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу.
Тармақша 16
16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 17
17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру;
Тармақша 18
18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу;
Тармақша 19
19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу;
Тармақша 20
20) АТМТ (Ауылшаруашылық техникасын мемлекеттік тіркеу), МДБ (Мемлекеттік деректер базасы) Е-лицензиалау электрондық базасын жүргізу, мемлекеттік органдардың сұрауларына жауап және жоғары тұрған органдарға, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардан түскен арыздар мен шағымдарға тиісті есептер дайындау және ұсыну;
Тармақша 21
21) Павлодар қаласында туристік кластерді дамытуды жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 20
20. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Павлодар қаласының әкімдігіне бекітуге ұсынады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;
Тармақша 3
3) басшының бұйрықтарын шығарады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;
Тармақша 6
6) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;
Тармақша 8
8) заңнамада белгіленген жағдайлар мен шегінде мүлікке иелік етеді;
Тармақша 9
9) белгіленген заңнама тәртібінде келісімдер жасайды;
Тармақша 10
10) сенімхаттар береді;
Тармақша 11
11) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
Тармақша 12
12) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң қызметшілерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
Тармақша 13
13) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесі қызметшілерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;
Тармақша 14
14) «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 15
15) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 21
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.