Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет искусственного интеллекта и развития инноваций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің инновацияларды дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы «__» мамырдағы № ___ бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) іске асырушылық функцияларын жүзеге асыратын жасанды интеллект, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларындағы реттеушілік функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілетін болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/5 ғимарат.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 13
13. Комитеттің міндеттері:
Тармақша 1
1) жасанды интеллект, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру, жасанды интеллект, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар дамыту үшін жағдайлар жасау.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Комитет құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 4
4) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы хабардарлығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;
Тармақша 8
8) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 9
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 10
10) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;
Тармақша 11
11) қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат беруге қатысады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Комитеттің функциялары:
Тармақша 1
1) жасанды интеллект, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету (бұдан әрі – реттелетін саласындағы);
Тармақша 2
2) реттелетін саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 3
3) реттелетін саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекіту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) реттелетін саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын реттелетін саласындағы дамыту бөлігінде келісу бекіту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) реттелетін салаларда консультативті-кеңестік органдардың қызметін ұйымдастырады қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 9
9) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 11
11) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге қаражат бөлуді қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 12-1
12-1) нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу;
Тармақша 13
13) жобалардың инновациялық өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені әзірлеу;
Тармақша 13-1
13-1) инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 13-2
13-2) инновациялық қызметті дамытудың ұлттық индексін есептеу әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 13-3
13-3) инновациялық қызмет сыныптамасын әзірлеу;
Тармақша 14
14) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 15
15) технологиялық болжауды жүзеге асырудың, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 16
16) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың жасанды интеллект, технологиялық саясат, инновациялық жүйені дамыту, ғылыми-техникалық даму, электрондық өнеркәсіп цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар саласын дамыту бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын келісу;
Тармақша 17
17) Ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасанды интеллект, технологиялық саясат, инновациялық жүйені дамыту, ғылыми-техникалық даму, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар мәселелерін қамтитын технологиялық меморандумдар жасасу;
Тармақша 18
18) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 19
19) әзірлеуші Комитет болып табылатын немесе өз құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;
Тармақша 20
20) жасанды интеллект, технологиялық саясат, инновациялық жүйені дамыту, ғылыми-техникалық даму, электронық өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық техноллогиялар бойынша оның ішінде халықаралық тәжірибе негізінде ұсыныстарды әзірлейді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы технологиялық саясат жөніндегі Кеңес туралы ережені әзірлейді және оның құрамын қалыптастыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстарды енгізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталғақатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін және инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын айқындау жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 23
23) бюджет қаражаты және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесудің орындалған бағдарламалары бойынша есептерді бекітуді қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың іске асырылуы туралы ақпаратты уәкілетті органға беру;
Тармақша 25
25) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру жөніндегі шараларды жоспарлау, іске асыру;
Тармақша 26-1
26-1) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 26-2
26-2) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға қатысу;
Тармақша 27
27) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі және іске асырылуы туралы ақпаратты ғылым саласындағы уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін құзыреті шегінде инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тартуды қамтамасыз ету;
Тармақша 29
29) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында әлеуетті инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен құзыреті шегінде іздеуді және келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 30
30) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіру бойынша, оның ішінде нақты тауарлар бойынша көшбасшы жетекші әлемдік өндірушілердің тауарлардың жаңа түрлерін және әлемдік өндірістік франшизаларын өндіруге техникалық құжаттаманы қолдану арқылы жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету;
Тармақша 31
31) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша жетекшілік ететін салалардағы технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды құзыреті шегінде әзірлеуді қамтамасыз ету және оны ілгерілетуді жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) құзыреті шегінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдік жобаларда, шетелдік мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы таратуды қамтамасыз ету;
Тармақша 34
34) қолданыстағы инвесторлардың құзыреті шегінде қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 35
35) бірлескен өндірістер құру үшін құзыреті шегінде инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тартуды қамтамасыз ету;
Тармақша 36
36) өз құзыреті шегінде қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіру үшін трансұлттық корпорацияларды тартуды қамтамасыз ету;
Тармақша 37
37) салалық орталықтардың жетекшілік ететін бағыттарында технологиялық құзыреттерді, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 38
38) Республикалық бюджеттен және сыртқы қарыздан қаржыландырылатын Халықаралық Қайта Құру және даму банкімен (ХҚДБ) бірлесіп іске асырылатын «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын үйлестіру және мониторингілеу;
Тармақша 39
39) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 40
40) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар беру;
Тармақша 41
41) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау;
Тармақша 42
Тармақша 43
43) тиісті салада ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 44
44) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау Қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 45
45) «Цифрлық майнинг пулдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 46
46) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тіркеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 47
47) цифрлық майнерлер мен цифрлық майнинг пулдарының кірістері туралы мәліметтерді оларды салық салу мақсаттары үшін ұсыну қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 48
48) цифрлық майнерлер мен цифрлық майнинг пулдарына қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын әзірлеу;
Тармақша 49
49) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу;
Тармақша 50
50) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру;
Тармақша 51
51) цифрлық майнинг пулдарын аккредиттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 52
52) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 52-1
52-1) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив түрлерінің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 52-2
52-2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы тәртібін әзірлеу;
Тармақша 52-3
52-3) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
Тармақша 52-4
52-4) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 52-5
52-5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру;
Тармақша 53
53) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен тізілімін жүргізеді;
Тармақша 54
54) Қазақстан Республикасының Цифрлық активтер саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
Тармақша 55
55) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 55-1
55-1) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;
Тармақша 56
56) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;
Тармақша 57
57) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың біріздендірілген жұмыс орнына немесе терминалдық жүйесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің құрауыштарын біріздендіру жөніндегі талаптарды әзірлейді;
Тармақша 58
58) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді;
Тармақша 59
59) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 60
60) электрондық өнеркәсіп саласында салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 61
61) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын әзірлеу.
Тармақша 61-1
61-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 61-2
61-2) өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 61-3
61-3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 61-4
61-4) ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесін басқару, жүргізу, қолдап отыру, оның жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 61-5
61-5) жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 62
62) импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін әзірлеу;
Тармақша 63
63) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын, оның ішінде қызметтерді көрсету және олардың құнын айқындау тәртібін бекіту;
Тармақша 64
64) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің үйлестірілуін жүзеге асыру;
Тармақша 65
65) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін бекіту;
Тармақша 66
66) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 67
67) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 68
68) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 69
69) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту бойынша ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 70
70) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту бойынша ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 71
71) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;
Тармақша 72
72) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;
Тармақша 73
73) жасанды интеллект, технологиялық саясат, инновациялық жүйені дамыту, ғылыми-техникалық даму және цифрлық активтер салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 73-1
73-1) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
Тармақша 74
74) Жасанды интеллект, мемлекеттік технологиялық саясатты дамыту, іске асыру және қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы және елді ғылыми-техникалық дамыту, цифрлық активтер мәселелері жөніндегі саясаты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 75
75) Комитеттің құзыреті шегінде реттелетін салаларда өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі Комитет төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі Комитет төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 3
3) өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін конкурстық құжаттарды бекітеді, техникалық ерекшеліктерді бекітеді, Министрліктің мемлекеттік сатып алу жоспарларын келіседі, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, азаматтық-құқықтық мәмілелер туралы шарттарға қол қояды, берілген (көрсетілген) қызметтер, тауарлар жұмысы актілерін бекітеді;
Тармақша 7
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 8
8) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 9
9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
Тармақша 10
10) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Министрлік басшылығына бекітуге ұсынады;
Тармақша 11
11) Комитеттің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізуі үшін Министрге ұсынылатын бюджеттік өтінімдерді Министрліктің аппарат басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрліктің аппарат басшысының бекітуіне енгізеді;
Тармақша 13
13) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 15
15) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапкершілікте болады;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке иелік етуге құқығы бар. Комитеттің мүлкі оған иесі өткізген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден құралады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті егер заңнамада өзгесі белгіленбесе, дербес иеліктен айыруға немесе оған басқадай жолмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.