Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 9 шілдедегі № 05-03/413-И және № 05-03/414-И ұсыныстары негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шектеу іс-шаралары:
Тармақша 1
1) Шымкент қаласы Абай ауданы Қайнарбұлақ саяжайы Т. Құрасбек көшесі № 3 үйдің мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Т.Құрасбек көшесінің бойына;
Тармақша 2
2) Шымкент қаласы Абай ауданы Тельман бөлімшесі Бабыр көшесі № 106А үйдің ұсақ малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Бабыр көшесінің бойына белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.