О Правилах использования средств резерва акимата Кызылжарского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылжар ауданы әкімдігінің резерв қаржысын пайдалану Ережесі туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 01 сәуіріндегі №357-І «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Қызылжар ауданы әкімдігінің резерв қаржысын пайдалану Ережесі бекітілсін. КЕЛІСІЛГЕН Аудандық қаржы басқармасының бастығы Ә.Айтқожанова «__»_______2004 жыл
Басқа 2. Қызылжар ауданы әкімдігінің резервтегі қаражатын пайдалану Ережесі
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы «30» сәуіріндегі №111 «Қызылжар ауданы әкімдігінің резерві қаражатын пайдалану Ережесі туралы» қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Қызылжар ауданы әкімдігінің резервтегі қаражатын пайдалану Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2004 жылғы 19 желтоқсанындағы №5/3 қаржы жылына сәйкес Қызылжар аудандық Мәслихат сессиясының шешімімен анықталған сома шегінде «2003 жылғы 24 желтоқсанындағы №3/3 «2004 жылғы аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттын шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылжар ауданы әкімдігі (әрі қарай әкімдік-резерві) резерві қаражатын бөлу және жұмсау механизмы айқындайды.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджет құрамында көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына аудан әкімдігінің резерві Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуіріндегі №357-1 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13 бабына және 2001 жылғы 7 желтоқсанындағы №261 Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және 1996 жылғы 5 шілдесіндегі №19-1 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңына сәйкес қалыптастырылады. Аудан әкімдігінің резервімен: аудан әкімдігі қаулысымен анықталатын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға және басқа көзделмеген шығындарға қаражат; сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін өтеуге арналған қаражат көзделеді. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімдігі резервінің құрамында карастырылған қаржы толық көлемде пайдаланылған жағдайда, егер өтелмеген міндеттемелер болса, онда аудан әкімі жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерулер енгізу жолымен аудан әкімдігі резерв көлемін ұлғайту туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізеді.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген, экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйегіндегі бекітіліп, Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде 2002 жылғы 16 қазанда №2012 тіркелген, Бірыңғай бюджеттік жіктеуге сәйкес алушысы, қаражат мөлшері, олардың мақсатты жұмсалу тәртібінде көрсетілгендей жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің резерв қаражатының мақсаты бар, оны қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысымен көзделмеген қажеттіліктерге пайдалануға болмайды. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулысы қаржы жылы аяқталған соң күшін жояды. Пайдаланылмаған қаражаттардың қалдығы, сонымен қатар мақсатсыз пайдаланылған аудан әкімдігінің резервінің қаржысы да аудандық бюджетке қайтарылады.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің резерв мөлшері аудандык бюджет түсімдері көлемінің 2 пайызынан аспауы керек.
Тармақ 6
6. Егер бюджеттік орындау үдерісінде бекітілген дефицит деңгейінің жоғарылауы немесе бюджетке түсетін кірістердің едәуір төмендеуі қалыптасқан жағдайда, белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің резерв шығыстары бойынша секвестірлеу енгізіледі.
Тарау 2. 2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Аудандық қаржы басқармасының келісімі бойынша төтенше жағдайлар бойынша комиссия төтенше жағдайларды жоюға аудандық әкімдік резервінен қаражат бөлу мәселелерін қарастырады, қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасына белгіленген тәртіппен рұқсат белгі қояды. Бұл ретте негізделген материалдармен, олардың тізбесін ұсыну ережесін аудандық қаржы басқармасы мен аудандық төтенше жағдайлар комиссиясы анықтайды.
Тармақ 8
8. Сондай-ақ, төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу мына жағдайларда: төтенше жағдайлар туындау нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсетуге; зардап шеккен тұрғындар үшін тамақтану және уақытша тұру пунктерін ашауға және ұстауға; шұғыл әрекет ету апаттық-құтқару және апаттык қалпына келтіру бөлімшелерін қосымша техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен жабдықтауға; меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қатынасуымен жүзеге асырылған құтқару және апаттық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жұмсалған шығындарды қалпына келтіруге; төтенше жағдайлар зонасына күштер мен құралдарды, тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша шығындарды қалпына келтіруге; төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да іс-шараларға жұмсалады.
Тарау 3. 3. Сот шешімдері бойынша, аудандық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
3. Сот шешімдері бойынша, аудандық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 9
9. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге арналған, аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын белгіленген заңды тәртіпте аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, аудан әкімі аппаратының құқық мәселелері бойынша бас маман немесе атқарушы органдары дайындайды.
Тармақ 10
10. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болғанда және мекеме сметалары есебінен өтеуге мүмкін болмаған жағдайда аудан әкімдігінің резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4. Өзге де тосын шығындарға қаржы бөлу
4. Өзге де тосын шығындарға қаржы бөлу
Тармақ 11
11. Аудан әкімдігі резервінен басқа да тосын шығындарды қаржыландыру аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде және ағымдағы жылы облыс бюджетінде көзделмеген шығындарды және ағымдағы қаржы жылы жеткіліксіз көлемде көзделген және кідіргісіз шешуді талап ететін шығындарды қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Аудан әкімдігі резервінен басқа да тосын шығындарға қаржы бөлу үшін, аудандық бюджеттік бағдарламасының әкімшілері аудандық қаржы департаментіне тиісті негіздеме мен есептерімен қаржы бөлу туралы қолдаухат ұсынады.
Тармақ 13
13. Аудандық қаржы басқармасы ұсынылған қолдаухаттың негізінде аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу мүмкіндігі немесе мүмкіндігі жоқтығы туралы қорытынды береді.
Тармақ 14
14. Аудандық бюджеттік бағдарламасының әкімшілерінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған жағдайда аудан әкімдігі резервінен басқа да тосын шығындарға қаржы бөлу туралы заңды түрде бекітілген аудандық бюджет бағдарламасының әкімшіліктерінің мәліметтермен дайындалады.
Тарау 5. 5. Бақылау және есеп беру
5. Бақылау және есеп беру
Тармақ 15
15. Аудандық қаржы басқармасы тоқсан сайын аудан әкімдігіне аудан әкімдігінің резерв қаржысының пайдаланылғаны және барлығы туралы ақпар береді.
Тармақ 16
16. Аудан әкімдігі резервінен қаржы алған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, төтенше жағдайлар бойынша комиссия, аудандық қаржы басқармасына бөлінген қаржының пайдалануы, көлемі және орындалған жұмыс құны туралы аудандық қаржы басқармасы белгілеген тәртіппен және уақытында береді.
Тармақ 17
17. Аудан әкімдігі резервінің мақсатты пайдалануын бақылауды аудандық қаржы басқармасы, қазынашылық басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Аудан әкімдігі резерві қаржысын пайдалануын бақылауды Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау департаменті жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Бөлінетін бюджет қаржының мақсатты және нәтижелі пайдаланылуына жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген тәртіппен, алушыға жүктеледі.