О расширении перечня и категорий получателей услуг инватакси Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8950) Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту: «Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда); Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары; Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары; Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
Тармақ 2
2. Теміртау қаласындағы инватакси қызметін алушылар санатын келесі санаттармен кеңейту: жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; аяқтарында ампутациялық тұқылдары бар екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; жүріс арбалар көмегімен жүретін екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
Тармақ 3
3. Күші жойылды деп тану: Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 «Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4942 болып тіркелген); Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №61/1 «Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 «Мүгедектердің құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29333 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.