Вопросы лицензирования отдельных видов деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Кейбір қызмет түрлерін лицензиялау сұрақтары
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешені басқармасы төмендегі қызмет түрлеріне лицензия алу үшін лицензиаттардың қажетті құжаттарын дайындау және реттеу, талдау және сараптау жөніндегі өкілетті орган болып белгіленсін:
Тармақша 1
1) жылу энергияларын өндіру, беру және тарату (жиынтық орнатылған жылу қуаты 100 Гкал/сағаттан астам жылу энергиясы көздерінен);
Тармақша 2
2) қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды (жиынтық жылу қуаты 100 Гкал/сағатқа дейін және оны қоса есептегенде) және құбырларды пайдалану;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және сатуы;
Тармақша 4
4) қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану (өнеркәсiптiк тоңазытқыш қондырғыларының, тұрмыстық газ баллондарының құрамындағы).
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасы Батыс Қазақстан облысы аумағында лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге лицензия алу үшін лицензиаттардың қажетті құжаттарын дайындау және реттеу, талдау және сараптау жөніндегі өкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешені, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармалары:
Тармақша 1
1) лицензия алу үшін құжаттарды дайындау және реттеу, лицензиаттардың қызметін талдау және сараптау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алсын;
Тармақша 2
2) бір ай мерзім ішінде мекемелердің құрылтайшылық құжаттарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. П. Качалоға жүктелсін.