Об утверждении Требований к порядку осуществления деятельности центра обмена данными по платежным транзакциям с признаками мошенничества и его взаимодействия с лицами, участвующими в его деятельности Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін жүзеге асыру және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне, 6, 8 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін жүзеге асыру және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2024 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін жүзеге асыру және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының міндетін атқарушы 2024 жылғы 16 шілдедегі № 43 Қаулымен бекітілген Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін жүзеге асыру және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін жүзеге асыру және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 25-1-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне, 6, 8 және 10-тармақтарына сәйкес әзірленді және алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (бұдан әрі – антифрод-орталық) қызметін жүзеге асыру және антифрод-орталық қызметіне қатысатын тұлғалармен (бұдан әрі – антифрод-орталыққа қатысушылар) өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптарды, антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорын қалыптастыру және жүргізуді жүзеге асыру тәртібін, антифрод-орталықтан алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына қатысы бар адамдар туралы ақпарат алған кезде қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының (бұдан әрі – ұйым, ұйымдар) бас тартуы немесе тоқтата тұруы жөніндегі тәртібі мен мерзімдері, ұйымдардың алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттену туралы ақпаратты жіберу тәртібі, нысандары мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Талаптарда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заңында және «Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарда (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 болып тіркелген) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Антифрод-орталық – алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болғызбауға бағытталған шараларды тәулік бойы режимде жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – антифрод-орталықтың операторы).
Тармақ 4
4. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес:
Тармақша 1
1) қаржы ұйымдары;
Тармақша 2
2) төлем ұйымдары;
Тармақша 3
3) ұялы байланыс операторлары;
Тармақша 4
4) қылмыстық қудалау органдары;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк);
Тармақша 6
6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган антифрод-орталыққа қатысушылар болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру және антифрод-орталықтың оның қатысушыларымен өзара іс-қимылы
2-тарау. Антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру және антифрод-орталықтың оның қатысушыларымен өзара іс-қимылы
Тармақ 5
5. Антифрод-орталықтың операторы:
Тармақша 1
1) ұйымдардан, ұялы байланыс операторларынан және қылмыстық қудалау органдарынан келіп түскен, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша, оның ішінде өзге де күдікті және (немесе) құқыққа қарсы операциялар бойынша оқиғалар мен әрекеттенулер туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды және сақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына жатқызылған, қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына қажетті төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі деректерді өңдейді және талдайды;
Тармақша 3
3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болғызбау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қатерлер, осал тұстар, оқиғалардың туындауының алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына ұсынады;
Тармақша 4
4) қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өз қызметі процесінде алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) дербес деректерді иесіздендірілген түрде жинайды, өңдейді және сақтайды.
Тармақ 6
6. Антифрод-орталыққа қатысушы «Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қорғалатын ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтай отырып, антифрод-орталық операторының ішкі құжаттарында айқындалған және дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіппен антифрод-орталық операторының ақпараттық жүйесімен техникалық өзара іс-қимыл орнату арқылы антифрод-орталыққа қосылады.
Тармақ 7
7. Ақша жөнелтушіні және (немесе) бенефициарды (ақша алушыны) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары туралы (бұдан әрі – оқиғалар туралы дерекқор) және (немесе) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыруға әрекеттену туралы (бұдан әрі – әрекеттену туралы дерекқор) дерекқорға қосу үшін ұйымнан және қылмыстық қудалау органынан антифрод-орталық операторының ақпараттық жүйесі арқылы алынған алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы туралы хабар антифрод орталықтың операторы алғаннан кейін дереу жаңартылады және антифрод-орталыққа барлық қатысушылар үшін қолжетімді болады. Антифрод-орталық операторының ақпараттық жүйесі:
Тармақша 1
1) ұйымның антифрод-орталығына хабарды жібергенін;
Тармақша 2
2) антифрод-орталықтың осы хабарды алғанын және оны антифрод-орталыққа қатысушылардың атына одан әрі жібергенін;
Тармақша 3
3) антифрод-орталыққа қатысушылардың хабарды жеткізгенін және алғанын растайтын антифрод-орталыққа ұйым жіберген алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы туралы хабарды дәйекті түрде тіркеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Ұйымдар төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқауды орындағанға дейін өз клиенттерінің – жөнелтушінің және алушының сәйкестендіру деректерін антифрод-орталықтың дерекқорларымен міндетті түрде салыстырып тексереді.
Тармақ 9
9. Ұлттық Банк күн сайын антифрод-орталық операторынан алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша мәліметтерді антифрод-орталық операторының ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша алады.
Тармақ 10
10. Антифрод-орталықтың операторы ұялы байланыс операторларына олардың арасында жасалған келісімдерге сәйкес алаяқтық төлем транзакцияларына қатысу туралы ақпараты бар тұлғалардың ұялы байланыс нөмірлері бойынша мәліметтер жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары және әрекеттену туралы дерекқорын қалыптастыру және жүргізу
3-тарау. Антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары және әрекеттену туралы дерекқорын қалыптастыру және жүргізу
Тармақ 11
11. Антифрод-орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін антифрод-орталықтың операторы оқиғалар туралы және әрекеттену туралы дерекқорларды қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Алаяқтық төлем транзакцияларына қатысқаны туралы расталған ақпарат болған тұлғалар бойынша қылмыстық қудалау органынан алынған алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары туралы хабарлар негізінде оқиғалар туралы дерекқор қалыптастырылады. Тұлғаны оқиғалар туралы дерекқордан алып тастау осы тұлғаны антифрод-орталық операторының ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша оқиғалар туралы дерекқорға енгізген қылмыстық қудалау органы антифрод-орталық операторына жіберген хабардың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әрекеттену туралы дерекқор ішкі құжаттарға сәйкес клиенттердің алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясына байланысты төлем операцияларына қатысқаны туралы негіздер (күдік) расталатын өз клиенттері бойынша ұйымдардан алынған алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары туралы хабарлар негізінде қалыптастырылады. Ұйым мынадай негізді талаптарды орындау кезінде антифрод-орталық операторына әрекеттену туралы дерекқорға енгізуі үшін хабар жібереді:
Тармақша 1
1) ұйым ішкі құжаттарға сәйкес клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын анықтайды және осы операцияны бұғаттайды;
Тармақша 2
2) 3 (үш) жұмыс күні ішінде өз клиентінің қызметі және (немесе) операциялары бойынша, оның ішінде мән-жайларды анықтау және шешім қабылдау үшін клиенттен қосымша ақпарат алу бойынша нысаналы (егжей-тегжейлі) талдау жүргізеді.
Тармақша 3
3) клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясына байланысты төлем операцияларына қатысуы туралы негіздер (күдік) расталған жағдайда антифрод-орталық операторына хабар жібереді. Тұлғаны әрекеттену туралы дерекқордан алып тастау антифрод-орталық операторының ішкі құжаттарында бекітілген нысан бойынша жүргізілген тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қылмыстық қудалау органы антифрод-орталық операторына жіберген хабардың негізінде, сондай-ақ Талаптардың 15-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Оқиғалар туралы дерекқорда бенефициарға қатысты шектеулерді алып тастауды антифрод-орталық оны көрсетілген дерекқорға енгізген қылмыстық қудалау органының шешімі негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Ұйым:
Тармақша 1
1) клиенттің операциясын зерделеу және талдау;
Тармақша 2
2) клиенттің оны негізсіз не қате енгізу туралы өтінішін қарау қорытындысы бойынша Клиентті өзінің шешімі негізінде әрекеттену туралы дерекқордан шығарады.
Тарау 4. 4-тарау. Ұйымдардың нұсқауларды орындаудан бас тартуы немесе орындауды тоқтата тұруы
4-тарау. Ұйымдардың нұсқауларды орындаудан бас тартуы немесе орындауды тоқтата тұруы
Тармақ 16
16. Ұйым төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқауды орындағанға дейін, Талаптардың 8-тармағында көзделген тиісті іс-шараларды жүргізеді.
Тармақ 17
17. Ұйым төлемнің және (немесе) ақша аударымының бенефициары туралы ақпарат қылмыстық қудалау органы растаған оқиғалар туралы дерекқорда бар бенефициар туралы ақпаратпен сәйкес келген кезде төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырудан бас тартады. Ұйым төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқаулықты орындаудан бас тартқан кезде клиентпен жасалған шартта белгіленген тәртіппен ақша жөнелтуші клиентке себептер мен негіздемелерді көрсете отырып, төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырудан бас тарту туралы ақпарат береді.
Тармақ 18
18. Ұйым Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төлемнің және (немесе) ақша аударымының бенефициары туралы ақпарат әрекеттену туралы дерекқорда бар бенефициар туралы ақпаратпен сәйкес келген кезде төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруда нұсқаудың орындалуын тоқтата тұрады және (немесе) ақша сомасын бұғаттайды және клиентпен жасалған шартта белгіленген тәртіппен, клиентке себептері мен негіздемелерін көрсете отырып, төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтата тұру туралы ақпарат береді. Егер ақша жөнелтуші клиент барлық тәуекелдерді қабылдаған жағдайда, ұйым осы төлемді және (немесе) ақшаны аударымын әрекеттену туралы дерекқорға енгізілген бенефициардың пайдасына аударуды қайта бастайды. Егер клиент тәуекелдерді қабылдамаса және төлемді және (немесе) ақша аударымын жалғастырғысы келмесе, қаржы ұйымы бұл төлемді және (немесе) ақша аударымын қабылдамайды.
Тармақ 19
19. Клиенттің кейінгі нұсқауларын орындауды қайта бастау оқиғалар мен әрекеттену туралы дерекқорда бенефициарға қатысты шектеу алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Ұйым клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын анықтағаны туралы өтінішін алған кезде:
Тармақша 1
1) ақша жөнелтушіге қызмет көрсететін ұйым операцияға талдау (зерделеу) жүргізеді, оның нәтижелері бойынша антифрод-орталық операторына клиенттің және бенефициарға қызмет көрсететін ұйымның деректемелерін көрсете отырып, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы туралы хабар жібереді;
Тармақша 2
2) антифрод-орталықтың операторы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген хабарды алғаннан кейін бенефициардың банктік шотына және (немесе) электрондық әмиянына ақша аудару туралы нұсқауды орындауды тоқтата тұруы және бенефициардың ақша алу негіздерін анықтауы үшін бенефициарға қызмет көрсететін ұйымды бір мезгілде хабардар ете отырып, бенефициар туралы ақпаратты әрекеттену туралы дерекқорға дереу енгізеді.
Тармақша 3
3) бенефициарға қызмет көрсететін ұйым антифрод-орталықтан осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін, операция сомасы шегінде ақшаны бенефициардың банктік шотына және (немесе) электрондық әмиянына есептеуді тоқтата тұрады;
Тармақша 4
4) бенефициардың банктік шотына және (немесе) электрондық әмиянға ақша аударуды тоқтата тұру мүмкін болмаған жағдайда, бенефициарға қызмет көрсететін ұйым, бенефициардың банктік шотындағы және (немесе) электрондық әмиянындағы ақша сомасын бұғаттайды және бұл туралы шартта белгіленген тәртіппен бенефициарды дереу хабардар етеді. Ақшаны бұғаттау бенефициардың ақша алу негіздерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) банктік шоттан және (немесе) электрондық әмияннан ақша одан әрі аударылған және (немесе) алынған жағдайда бенефициарға қызмет көрсететін ұйым банктік шот және (немесе) электрондық әмиян бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады және бенефициармен жасалған шартта белгіленген тәртіппен бенефициарды дереу шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы хабардар етеді. Шығыс операцияларын тоқтата тұру бенефициардың ақша алу негіздерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда бенефициарға қызмет көрсететін ұйым алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, төлем транзакциясына талдау жасайды, оның қорытындысы бойынша: күдік расталмаған жағдайда антифрод-орталықтың операторына әрекеттену туралы дерекқордан бенефициарды алып тастау туралы хабарлама жібереді, сондай-ақ шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бенефициардың банктік шотына ақшаны және (немесе) электрондық әмиянына электрондық ақшаны аударады және (немесе) бенефициардың банктік шотын және (немесе) электрондық әмиянын бұғаттан шығарады және (немесе) бенефициардың банктік шоты және (немесе) электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды. Антифрод-орталықтың операторы бұл бенефициарды әрекеттену туралы дерекқордан алып тастайды; күдік расталған жағдайда бұл туралы антифрод-орталықтың операторына хабарлама жібереді, сондай ақ шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бенефициарға қатысты тергеу жүргізу үшін материалдарды қылмыстық қудалау органына жібере отырып, ақша жөнелтушіге ақша сомасын қайтарады.
Тарау 5. 5-тарау. Ұйымдардың алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттену туралы ақпаратты антифрод-орталыққа жіберуі
5-тарау. Ұйымдардың алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттену туралы ақпаратты антифрод-орталыққа жіберуі
Тармақ 21
21. Ұйым антифрод-орталықтың операторына жіберетін алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы туралы хабарда өз клиентінің рөлі туралы мәліметтер болады: алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы клиенттің ақшасын ұрлауға бағытталған үшінші тұлғалардың әрекеттерінен зардап шеккен; клиенттің ақшасын алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен ұрлауға бағытталған клиентке қатысты іс-әрекеттер жасаған.
Тармақ 22
22. Ұйым және қылмыстық қудалау органы алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы туралы хабарды электрондық нысанда жібереді және онда антифрод-орталық операторының ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша клиентті сәйкестендіруге арналған деректемелер болады, бірақ төлемді және (немесе) ақша аударымын:
Тармақша 1
1) банктік шотты пайдалана отырып жүзеге асырған кезде: шот нөмірі, төлем транзакциясының сомасы мен уақыты;
Тармақша 2
2) төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырған кезде: карточка нөмірі және (немесе) эквайер оны өңдеу процесінде беретін төлем транзакциясының бірегей идентификаторы (бар болса), төлем транзакциясының сомасы мен уақыты;
Тармақша 3
3) электрондық ақшаның электрондық әмиянын пайдалана отырып жүзеге асырған кезде: әмиянның деректемелері, төлем транзакциясының сомасы мен уақыты жөніндегі деректемелермен шектелмейді.
Тармақ 23
23. Ұйым ішкі құжаттармен бекітілген мынадай өлшемшарттар (белгілер) негізінде алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын анықтайды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) ұйым жалпы жасалатын операциялар (клиент жүзеге асыратын қызмет) бойынша талдау негізінде анықтаған клиент жүргізетін операция сипатының (өзгеше) сәйкес келмеуі, атап айтқанда: операцияны жүзеге асыру уақыты (күндері); операцияларды жүзеге асыру орны (клиенттің нақты орналасқан жері, операцияны жүзеге асыру орны және тағы басқалар); оны пайдалана отырып операция жүзеге асырылатын құрылғы.
Тармақша 2
2) клиент жүргізетін операция параметрлерінің сәйкес келмеуі: операция сомасы; операцияларды жүзеге асыру кезеңділігі (жиілігі); ақша алушы (бенефициар).
Тармақша 3
3) клиенттің: шетелдік қызмет көрсетушілердің пайдасына, оның ішінде цифрлық активтер платформалары; қызметі ірі төлемдерді қабылдауға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің пайдасына жүргізетін операциялар көлемінің сәйкес келмеуі.