О создании штаба при акимате Буландынского района по координации деятельности районных отделов и ведомств по формированию электронных списков, регистрации и учету избирателей Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды ауданы әкімдігінің жанында сайлаушылардың электрондық тізімін құрастыру тіркеу және есепке алуға байланысты аудандық бөлімдер мен водомстволардың қызметін үйлестіру жөнінде штаб құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2004 жылғы 9 наурыздағы «Сайлаушылардың электрондық тізімін құрастыру, тіркеу және есепке алуға байланысты Қазақстан Республикасы министрліктерінің, агенттіктерінің және водомстволарының қызметін үйлестіру жөнінде Республикалық штаб құру туралы» өкімінің негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұланды ауданы әкімдігінің жанында сайлаушылардың электрондық тізімін құрастыру, тіркеу және есепке алуға байланысты аудандык бөлімдер мен водомстволардың қызметін үйлестіру жөнінде штаб кұрылсын.
Тармақ 2
2. Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы штабтың жеке құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Бұланды ауданы әкімдігінің жанында сайлаушылардың электрондық тізімін құрастыру, тіркеу және есепке алуға байланысты аудандык бөлімдер мен водомстволардың қызметін үйлестіру жөніндегі штабтың ережесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Макин қаласы мен селолық округ әкімдері “Сайлау” автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің компьютерлік бағдарламасын пайдалана отырып, электрондық мәліметтер банкі түріндегі сайлаушылардың тізімін құрастыру жөнінде осындай штабтар құрсын және бекітсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орыдалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Акмола облысының әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Келісілді: Аудан әкімінің орынбасары А.И.Бежин Аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямова Аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі Г.В.Павликова Аппарат жетекшісі А.Б.Камельинов Жұмыспен қамту орталығының директоры С.Д.Доспаев Экономика бөлімінің бастығы О.Н.Горбач Аудандык статистика бөлімінің бастығы Г.А.Молдаспаева
Басқа 7
Бұланды ауданы әкімдігінің 2004 ж. 07.04 № а-4/53 “ Бұланды ауданы әкімдігінің жанында сайлаушылардың электрондық тізімін құрАстыру, тіркеу және есепке алуға байланысты аудандық бөлімдер мен водомстволардың қызметін үйлестіру жөнінде штаб құру туралы қаулысына 1-қосымша Бұланды ауданы әкімдігінің жанында сайлаушылардың электрондық тізімін құрастыру, тіркеу және есепке алуға байланысты аудандық бөлімдер мен водомстволардың қызметін үйлестіру жөнінде штабтың Қ Ұ Р А М Ы
Тармақ 1
1. Еслямова Ақнұр Қабиденқызы - аудан әкімінің орынбасары, төраға
Тармақ 2
2. Камельинов Амангелді Байкенұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы, төрағаның орынбасары
Тармақ 3
3. Доспав Сейілхан Доспайұлы - орталық сайлау комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Қожахметова Айнаш Малғаздарқызы - жалпы бөлім маманы, төрағаның орынбасары
Тармақ 5
5. Молдаспаева Гүлнар Асқарқызы - аудандық статистика бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Павликова Галина Ваасильевна - аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 7
7. Гончарова Вера Семеновна - аудандық мәслихаттың бас маманы
Тармақ 8
8. Горбач Оксана Никитична - экономика және шағын бизнес бөлімінің бастығы
Тармақ 9
9. Сарманов Қойшыбай Сарманұлы - аудандық телекоммуникация торабының бастығы (келісім бойынша)
Басқа 17
Бұланды ауданы әкімдігінің 2004 ж. 07.04 № а-4/53 “Бұланды ауданы әкімдігінің жанында сайлаушылардың электрондық тізімін құрастыру, тіркеу және есепке алуға байланысты аудандық бөлімдер мен водомстволардың қызметін үйлестіру жөнінде штаб құру туралы қаулысына 2-қосымша Бұланды ауданы әкімдігінің жанында сайлаушылардың электрондық тізімін құрастыру, тіркеу және есепке алуға байланысты аудандық бөлімдер мен водомстволардың қызметін үйлестіру жөнінде штаб құру туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Бұланды ауданы әкімдігінің жанында сайлаушылардың электрондық тізімін құрастыру, тіркеу және есепке алуға байланысты аудандық бөлімдер мен водомстволардың қызметін үйлестіру жөнінде штабтың міндеттерін, функцияларын және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды (бұдан былай - аудандық штаб).
Тармақ 2
2. Аудандық штаб сайлаушылардың электрондық тізімдерінің дұрыстығын және оларды “Сайлаушы” автоматтандырылған ақпараттақ жүйе бағдарламасының режимінде өңдеуді қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде бөлімдер мен ведомстволардың, олардың бөлімшелерінің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Тармақ 3
3. Аудандық штаб Бұланды ауданы әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 4
4. Аудандық штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Аудандық штабтың міндеттері.
2. Аудандық штабтың міндеттері.
Тармақ 5
5. Аудандық штабтың міндеттері: Аудан, қала, әрбір елді мекендер мен сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар жөніндегі электрондық деректер банкін құру мүмкіншілігін беретін “Сайлаушы” автоматтандырылған ақпараттык жүйе бағдарламасы мен органдардың негізінде сайлаушылардың тізімін жасау жөнінде жергілікті жерлердегі бөлімдер мен ведоствлардың, атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру; Сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөнінде жергілікті жерлердегі орталық мемлекеттік орган бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету. Сайлаушылардың тізімін құрастыру және оған түзету енгізуге байланысты Сайлау туралы заң талаптарының дер кезінде және сапалы орындалуы үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Тарау 3. 3. Аудандық штабтың кұқықтары.
3. Аудандық штабтың кұқықтары.
Тармақ 6
6. Аудандық штабтың Қазакстан Республикасындағы заңдармен белгіленген тәртіп бойынша және өз құзыретінің шегінде: бөлім мен ведомство басшыларының, селолық округтер мен Макин қаласы әкімдерінің, аймактық штаб басшыларының есептерін тыңдауға; аудан әкімдіктің қарауына тұрғындарды тіркеу және есепке алуға байланысты жұмыстарды одан әрі жетілдіру мәселесі жөнінде ұсыныс енгізуге; сайлаушылардың тізімін оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмыстың сапасына байланысты Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының тиісті ,деңгейде орындалуын қамтамасыз етпеген мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган басшыларына тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы бар.
Тарау 4. 4. Жұмыстың ұйымдастырылуы
4. Жұмыстың ұйымдастырылуы
Тармақ 7
7. Аудандық штабтың төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, аудандық штабтың отырысында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды.
Тармақ 8
8. Аудандық штабтың төрағасы жок кездерде отырысты төрағаның орынбасары өткізеді.
Тармақ 9
9. Аудандық штабтың кезекті отырысының күн тәртібін аудандық штаб мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып төраға немесе оның орынбасары тұрғызады.
Тармақ 10
10. Аудандық штабтың кезекті отырысына енгізілетін сұрақты дайындау үшін жұмыс тобы құрылады, оның жеке құрамын төрағалық етуші адам анықтайды. Аудандық штабтың отырысы кем дегенде айына бір рет өткізіледі.