О создании штаба при акимате Егиндыкольского района по координации деятельности районных ведомств по формированию электронных списков, регистрации, учету избирателей Күшін жойған
Басқа 0
Егіндікөл ауданы әкімдігі жанынан сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі аудандық ведомстволар қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлаушылардың тізімін құрауды автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанынан сайлаушылардың электрондық тізімдерін электрондық банк деректері ААЖ «Сайлаушы» компьютерлік бағдарламасын пайдалану арқылы түзу, оларды тіркеу және қосымшаға сәйкес сайлаушыларға есеп жүргізу жөніндегі аудандық ведомстволар жұмысын үйлестіру штабы құрылсын.
Тармақ 2
2. Беріліп отырған Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу, сайлаушыларға есеп жүргізу жөніндегі аудандық ведомстволар қызметін үйлестіру жөніндегі штаб туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық штабтың дербес құрамы бекітуге мәслихатқа ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық штабтың ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етілуі аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау бөліміне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.К. Жұматоваға жүктелсін.
Басқа 6. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі аудандық ведомстволар қызметін үйлестіру жөніндегі штабтың құрамы
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/30
«Егіндікөл ауданы әкімдігі жанынан
сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу,
оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі аудандық
ведомстволар қызметін үйлестіру жөніндегі штаб
құру туралы» қаулысына қосымша
Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі аудандық ведомстволар қызметін үйлестіру жөніндегі штабтың құрамы
Жұматова Зоя Қандыбайқызы - аудан әкімінің орынбасары, төрайым
Малгаждаров Ерблан Көпейұлы - «Қазпошта» ААҚ бастығы, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, төрайымның орынбасары (келісім бойынша)
Сыч Елена Васильевна – аудан әкімі аппаратының басшысы
Жүнісова Елена Юрьевна - жалпы бөлімнің бастығы
Шадура Татьяна Васильевна - ұйымдастыру - бақылау бөлімінің бастығы
Даштемирова Елена Владимировна - әкімнің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі
Березнева Татьяна Александровна- ұйымдастыру - бақылау бөлімінің бас маманы
Топоркова Марина Камиловна - аудандык ішкі істер бөлімі миграциялық полицияның аға инспекторы (келісім бойынша)
Шевченко Зоя Васильевна - аудандық статистика бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 7
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/30
«Егіндікөл ауданы әкімдігі жанынан
сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу,
оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі
аудандық ведомстволар қызметін үйлестіру
жөніндегі штаб құру туралы» қаулысымен бекітілген
Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі аудандык ведомстволар қызметін үйлестіру жөніндегі штаб туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық штаб сайлаушылардың электрондық тізімдерінің дұрыстығын және оларды «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы режимінде өңдеу мүмкіндігін, аудандық ведомстволардың ауылдық округ және ауыл әкімдері аппараттарымен сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Аудандық штаб аудан әкімдігі жанындағы консультативтік - кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Аудандық штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Аудандық штабтың міндеттері
2. Аудандық штабтың міндеттері
Тармақ 4
4. Аудандық штабтың міндеттері:
Тармақша 1
1) аудандық ведомстволардың, ауылдық округ және ауыл әкімі аппараттарының, тұтас алғанда аудан, әрбір елді мекен және сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар жөнінде электрондық деректер банкінің болуына мүмкіндік беретін, колданыстағы «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасының негізінде сайлаушылардың тізімдерін түзу жөніндегі іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 2
2) сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ауыл әкімі және ауылдық округ әкімдері аппараттарын «Сайлау туралы» Заңның сайлаушылардың тізімдерін жасау және оларға мерзімінде түзету енгізу бөлігіндегі талаптарын уақытылы әрі сапалы орындаудағы жауапкершілігін арттыру.
Тарау 3. 3. Аудандық штабтың құқықтары
3. Аудандық штабтың құқықтары
Тармақ 5
5. Аудандық штаб Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) ауыл және ауылдық округ әкімдерін, аудандық ведомстволар басшыларының есептерін тыңдауға;
Тармақша 2
2) халықты тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың тізімдерін сапалы жасау, оларды тіркеу және есепке алу бөлігіндегі талаптарын, сондой-ақ облыстық штабтың шешімдерін тиісінше орындауды қамтамасыз етпеген аудандық ведомстволар басшыларына, ауыл және ауылдық округ әкімдеріне тәртіптік шара қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге қүқығы бар.
Тарау 4. 4. Жұмысты ұйымдастыру
4. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Аудандық штабтың төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, оның жұмысын жоспарлайды.
Тармақ 7
7. Аудандық штабтың төрағасы орнында болмаған кезде, отырыстар оның орынбасарының төрағалық етуімен өткізіледі.
Тармақ 8
8. Аудандық штабтың кезекті отырысының күн тәртібін аудандық штаб мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, төраға немесе оның орынбасары құрайды.
Тармақ 9
9. Аудандық штаб отырысының мерзімділігі айына бір реттен сирек болмауы керек.