О районной территориальной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық аумақтық комиссия туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 Заңына, «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 Қаулысына, Ақмола облысы әділет Департаментінде 2004 жылғы 17 наурызда тіркелген, Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № А-2/41 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия туралы» қаулысына сәйкес және алдағы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін жетілдіру аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің халықты және аумақты авариядан, апаттан және табиғи зіл-заладан қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету жөніндегі қимылын үйлестіру мақсатымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымша бойынша, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық аумақтық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық аумақтық комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық аумақтық комиссия туралы қосымшадағы ереже бекітілсін.
Басқа 4
Астрахан ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «20» сәуір №127 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық аумақтық комиссия туралы» қаулысына қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық аумақтық комиссияның ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ Собеский Виктор Борисович аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Поплавский Станислав Юлианович ауыл шаруашылық бөлімінің, бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Мұхаметжанов Сағынтай Гелманұлы аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Игібаев Жомарт Жолданғорұлы мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің 7 өрт бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Айтмағамбетов Ғинаят Токанұлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Савин Виталий Иванович «Оңтүстік» біріккен телекоммуникациялар торабының директоры (келісім бойынша) Забудько Людмила Викторовна аудандық білім бөлімінің бастығы Жаңабеков Қайдар Қабдоллаұлы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспектор (келісім бойынша) Тарасов Николай Алексеевич мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Орлов Геннадий Александрович «Ақмола» электр жүйесі компаниясы» ААҚ филиалының директоры (келісім бойынша) Герасимова Наталья Константиновна сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы Нұркеев Ғомар Жалтыр стансасының бастығы (келісім бойынша) Іргебаев Серік Уәлиұлы ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Мейірманов Манарбек Мұратұлы аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы (келісім бойынша) Оспанбаев Жұмабай Сыздықұлы аудандық әскери комиссар Сембаев Нұрмұхамбет Айтқожаұлы аудандық аурухананың бас дәрігері
Басқа 5
Астрахан ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «20» сәуір №127 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық аумақтық комиссия туралы» қаулысымен БЕКІТІЛДІ Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық аумақтық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық аумақтық комиссия (бұдан әрі - комиссия) консультативті кеңесші орган болып есептелінеді және аудан аумағында авария, апат, табиғи және басқа апаттардан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жасау мақсатымен құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің өкілдігін орталық және жергілікті атқарушы органдармен мекемелермен, кәсіпорындармен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттестікпен жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері
2. Негізгі міндеттері Комиссияның негізгі міндеттері төмендегідей ұсыныстар жасау:
Тармақша 1
1) Авария, апат, табиғи немесе басқа апаттар себепті аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 2
2) Авария, апат, табиғи немесе басқа апаттар себепті халықты, аудан аумағын төтенше жағдайлардан қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа шаралар жүйесін калыптастыру;
Тармақша 3
3) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою құралдары мен күштерін құру және дамыту саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізу;
Тармақша 4
4) Төтенше жағдайлардың алдын алу және қимыл жасаудың аудандық қосымша жүйесін жетілдіру және дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
Тармақша 5
5) Авария, апат, табиғи және басқа апаттар салдарынан зардап шеккендерді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан тұлғаларды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық ақтап шығару мәселелері жөнінде жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 6
6) Жұқпалы аурулар эпидемиясының, адамдардың улануының, хайуанаттар індетінің және өсімдіктер ауруының алдын алуға, таратпауға және жоюға шекараны санитарлық күзетуге және аудан аумағына өте қауіпті және карантинді індеттерді тасымалдау мен таратуға жол бермеуге бағытталған жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің; барлық меншік түрі мен ведомстволық бағынышты ұйымдарының қызметтерін үйлестіру.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары
Тармақ 4
4. Комиссияның құқы бар:
Тармақша 1
1) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөнінде аумақтық басқармалардың, комитеттердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және аудан бірлестіктерінің қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) Комиссия құзіретіне қатысты мәселелер бойынша әкімдіктің және аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) Комиссия құзіретіне қатысты мәселелер жөнінде аудандық мекемелердің, ұйымдардың және барлық меншік түрі мен ведомстволық бағыныштылығындағы кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
Тармақша 4
4) Комиссия жұмысы үшін олардың қызметтері жөніндегі қажетті ақпаратты аудан мекемелерінен, ұйымдарынан және барлық меншік түрі мен ведомстволық бағыныштылығындағы кәсіпорындардан, жергілікті атқарушы органдардан сұратуға;
Тармақша 5
5) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөнінде мақсатты бағдарламаларды, оның ішінде шаралар бағдарламасын іске асыруға аудан бюджетінен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануға талдауды аудандық басқару органдарының, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің ұйымдардың және барлық меншік түрі мен ведомстволық бағыныштылығындағы кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы органдардың орындағанына талдау жүргізу;
Тармақша 6
6) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөнінде ауданның кәсіпорындарының, мекемелерінің және ұйымдарының (олардың басшыларымен келісім бойынша) мамандарын аналитикалық, эксперттік және басқа жұмыстарды орындау үшін жұмылдыруға;
Тармақша 7
7) Жұқпалы аурулар індеттерін және адамдардың жаппай улануын болдырмауға, өте қауіпті және карантинді індеттерді әкелудің, таратудың алдын алуға бағытталған шешім шығаруға;
Тармақша 8
8) аурудың тарап кетуін болдырмау және оның зардаптарын жою үшін аса қауіпті індет ауруларының ошағына аудандық денсаулық сақтау басқармасының және СЭС, басқа да мекемелердің мамандандырылған медицина құрамаларын, жедел топтарын жіберу жөніндегі ауданның денсаулық сақтау органдарының қимылдарын үйлестіруге;
Тармақша 9
9) Қауіпті жұқпалы аурулардың тарап кетуінің алдын алу жөнінде халықты дәрігерлік-санитарлық біліммен хабардар ету үшін денсаулық сақтау және ветеринария органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану жөніндегі қимылын үйлестіруге.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Аудан әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып есептеледі.
Тармақ 6
6. Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамту аудан әкімінің аппаратына жүктеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия өз қызметін комиссия төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес іске асырады. Комиссия мәжілісі қажет болған жағдайда, бірақ тоқсан ішінде кем дегенде бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 8
8. Комиссияның құзіретіне сәйкес қабылданған шешім ұсыным сипатында болады.