Об образовании при акимате района Координационного совета по борьбе с туберкулезом Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігі жанынан туберкулезбен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 «Қазақстан Республикасындағы халықты қорғаудың шұғыл шаралары туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдік жанынан қосымшаға сәйкес туберкулезбен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Беріліп отырған туберкулезбен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Туберкулезбен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде тіркеуден өткен сәттен бастап қүшіне енеді.
Басқа 5. Туберкулезбен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 13 мамырдағы
«Аудан әкімдігі жанынан
туберкулезбен күрес жөніндегі
Үйлестіру кеңесін құру туралы»
қаулысына қосымша
Туберкулезбен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Жұматова Зоя Кандыбайқызы - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрайымы
Ақылбеков Нұрлан Сәлімұлы - ОАА бас дәрігері, Кеңес төрайымының орынбасары
Қасенова Алтын Қайырбекқызы – ОДА бас дәрігері, Кеңес мүшесі
Балтабаев Қуат Хамитұлы - АІІБ бастығы (келісім бойынша), Кеңес мүшесі
Жармұқанов Арғын Асқарұлы - аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау бастығы (келісім бойынша), Кеңес мүшесі
Қазбеков Аманжол Белгібайұлы - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, Кеңес мүшесі
Лебига Татьяна Андреевна - аудан фтизиаторының міндетін атқарушы, Кеңес хатшысы
Басқа 6
Бекітілді
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 12 мамырдағы
«Аудан әкімдігі жанынан,
туберкулезбен күрес жөніндегі
Үйлестіру кеңесін кұру туралы»
қаулысы
Туберкулезбен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі (әрі қарай - Кеңес) аудан аумағындағы жергілікті атқару орган және басқа ұйымдардың туберкулезбен күрес жөніндегі шаралар жүргізуде өзара іс - қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін құрылған.
Тармақ 2
2. Кеңес жүмысының басты мақсаты туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсартута бағытталған шаралар өткізуден тұрады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңдарына және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі қызметтеріне:
Тармақша 1
1) жергілікті атқару органының туберкулезбен күрес жөніндегі жұмысын үйлестіруді жетілдіру;
Тармақша 2
2) туберкулезбен күрес жөніндегі мәселелер бойынша басқа ұйымдармен өзара іс - қимыл жасау және бірлесіп жұмыс жүргізуді жетілдіру;
Тармақша 3
3) жергілікті атқару органымен туберкулездің алдын алу жөнінен нәтижелі шараларды қамтамасыз ету туралы ұсыныстар әзірлеу жатады.
Тармақ 5
5. Міндеттерді орындау және өз жұмысын жүзеге асыру үшін Кеңестің:
Тармақша 1
1) жергілікті атқару органы және басқа ұйымдардан Кеңес міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) Кеңес мәжілістерінде жергілікті атқару органы және басқа ұйымдардың өкілдерін Кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;
Тармақша 3
3) Кеңес құзырына жататын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқықтары бар.
Тарау 2. 2. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
2. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары басқарады, ол оның жұмысына басшылық етеді, мәжілістерде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және Кеңес шешімдерінің орындалуына жалпы бақылау жасайды. Төраға болмаған кезде, оның жұмысын төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 7
7. Кеңес хатшысы мәжілістің күн тәртібі туралы ұсыныс, оның өткізілуіне қажетті құжаттар мен материалдар әзірлейді және ол өткеннен соң хаттама рәсімдейді.
Тармақ 8
8. Кеңес мәжілістері хаттамалармен рәсімделеді.
Тармақ 9
9. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатта болады, ашық дауыспен қабылданады, және Кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс бергені қабылданған болып саналады.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілістері жылына 4 реттен кем өткізілмейді.
Тармақ 11
11. Кеңестің бас жұмыс органы болып орталық аудандық аурухана саналады.