Об утверждении Правил страхования профессиональной ответственности медицинских работников Қолданыста
Басқа 0
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру
қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 104-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 24 шілдедегі
№ 58 бұйрығына
қосымша
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары (бұдан әрі – Сақтандыру қағидалары) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 7-бабының 104-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарына, қағидаларына және кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пулдың шеңберінде қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
Тармақша 3
3) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру жөніндегі бірлескен қызмет туралы шарт (бұдан әрі – Бірлескен қызмет туралы шарт) - Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін бірлесіп сақтандыру жөніндегі пулға қатысушылардың бірлескен қызметін регламенттейтін және реттейтін құжат;
Тармақша 4
4) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы (бұдан әрі – Пул) – заңды тұлға құрмайтын Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру мақсаттары үшін құрылған сақтандыру ұйымдарының бірлестігі;
Тармақша 5
5) медициналық оқыс оқиға – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетумен және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдаланумен байланысты, организмнің қалыпты жұмыс істеуінің ауытқуынан туындайтын, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің қайтыс болуына алып келуі мүмкін оқиға.
Тармақша 6
6) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
Тармақша 7
7) пулдың әкімшісі – сақтандыру брокері және (немесе) (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) – медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін Ортақ сақтандыру шарттарын жасасу, сүйемелдеу және орындау үшін Пулдың барлық қатысушыларының атынан және тапсырмасы бойынша шарт пен Сақтандыру қағидалары негізінде әрекет ететін, Пул қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы;
Тармақша 8
8) сақтандырылушы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын (Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға барлық қажетті рұқсаттары бар азаматтығы жоқ адам болып табылатын), Сақтанушының медициналық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыратын және Кодекстің 64-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8) тармақшаларымен көзделген медицина қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкері;
Тармақша 9
9) сақтанушы – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметке лицензия және оған қосымшалар негізінде медициналық қызметті жүзеге асыратын және медициналық ұйымдар үшін ұжымдық шарт және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар үшін жеке шарт түріндегі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бар денсаулық сақтау субъектісі.
Тарау 2. 2-тарау. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру, сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерін белгілеу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) және сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімдері
2-тарау. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру, сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерін белгілеу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) және сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімдері
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау субъектілері Кодекстің 64-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8) тармақшаларымен көзделген медициналық қызметті жүзеге асырғанға дейін медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасады.
Шарт медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісімен, бұл ретте Кодекстің 27-бабына сәйкес «Назарбаев Университетіне» немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына кәсіптік медициналық қызметпен айналысуға тартылған шетелдік мамандарды қоспағанда, медициналық көмекті (қызметтерді) көрсететін, соның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар медицина қызметкерімен жасалады.
Тармақ 4
4. Медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектісі бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушыларымен (бұдан әрі – Пулдың әкімшісі) жасалатын ортақ сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру объектісі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты медицина қызметкерлерінің мүліктік мүддесі болып табылады.
Тармақ 6
6. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады. Медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.
Зиян келтіру фактісі тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен, ал оның шешімдерімен келіспеген жағдайда заңды күшіне енген сот актісімен расталады (белгіленеді).
Тармақ 7
7. Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы Тәуелсіз сараптама комиссиясы медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің бар-жоғын анықтаған және растаған кезде немесе пациент немесе медицина қызметкері тәуелсіз сараптама комиссиясының шешімімен келіспеген кезде заңды күшіне енген сот актісі бойынша басталған болып есептеледі.
Тармақ 8
8. Медицина қызметкерлері кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
Тармақ 9
9. Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының медицина қызметкерінің денсаулық сақтау субъектісімен кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру кезінде деректермен алмасу үшін электрондық нысанда Пул әкімшісінің интернет-платформасы (бұдан әрі – Интернет-платформа) қолданылады.
Тармақ 11
11. Ортақ сақтандыру шартында Сақтанушы, Сақтандырылушы (медициналық қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкері) көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Ортақ сақтандыру шарты денсаулық сақтау субъектілерімен Интернет-платформада жеке кабинеті арқылы электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық нысанда жасасады. Бұл ретте, мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілері мен Пул әкімшісі арасында ортақ сақтандыру шарты оның Интернет-платформада жасасу кезеңінен кейін үш жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алу платформасында жасасады.
Ортақ сақтандыру шарты жыл сайын мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілерімен бір қаржылық жылға, мемлекеттік емес денсаулық сақтау субъектілерімен бір жылға жасасады, сақтандыру мерзімі ішінде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда өз қолданысын тоқтатпайды.
Ортақ сақтандыру шартының қолданылу барысында сақтандыру тәуекелінің өзгеруі мынадай мән-жайлар болып саналады:
Тармақша 1
1) жұмыстан босатуды немесе жаңа персоналды жұмысқа қабылдауды қоса алғанда, Сақтандырылушының тізіміне кез-келген өзгерістер, сондай-ақ Сақтандырылушының медициналық қызметінің бейінін өзгеруі;
Тармақша 2
2) медициналық қызметтің өзге де бейіндерінде қызметті жүзеге асыру.
Ортақ сақтандыру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде Сақтандырушы сақтандырудың аяқталмаған кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) қайта есептеуді жүзеге асырады және қосымша төлеуге немесе қайтаруға жататын сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) есептейді.
Сақтанушы Сақтандырылушылар тізіміне енгізілген қосымша медицина қызметкерлері туралы Пул әкімшісін хабардар еткен немесе кейбір Сақтандырылушыларға қатысты тәуекелдің ұлғаюы туралы хабарлаған кезде сақтандыру қорғанысы Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) төлеген күннен кейінгі күннің 00 сағат 00 минутынан бастап күшіне енеді.
Тармақ 13
13. Денсаулық сақтау субъектілерімен электрондық нысанда ортақ сақтандыру шартын жасасуы, өзгертуі және бұзуы Интернет-платформада ақпарат алмасу жолымен жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілерімен ортақ сақтандыру шартын жасасуы, өзгертуі және бұзуы бірыңғай сатып алу платформасында оның Интернет-платформада жасасу, өзгерту және бұзу кезеңінен кейін жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Денсаулық сақтау субъектісі интернет-платформада құрылған денсаулық сақтау субъектісінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда сақтандыруға өтініш береді.
Тармақ 15
15. Пулдың әкімшісімен сақтандыру шартын жасасу кезінде «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-4-бабында көзделген сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде және сақтандыру жағдайын реттеу кезінде жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемінен уәжді бас тартуды жіберуге не сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімінен асқан әрбір күн үшін, сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып есептелетін тұрақсыздық айыбын ескеріп сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысы Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен кейінгі күннің 00 сағат 00 минутынан бастап күшіне енеді, он екі ай бойы қолданысты болады және бірінші сақтандыру жағдайының басталуы бойынша өзінің қолданысын тоқтатпайды.
Тармақ 17
17. Пул әкімшісі ортақ сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы ұсынған мәліметтердің сақтандыруға арналған өтініште сәйкестігіне тексереді.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар немесе дауыс беру акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымдары үшін ортақ сақтандыру шарттары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жасасады.
Бұл ретте сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) төлеу Сақтанушымен ортақ сақтандыру шартын жасасқан күннен және сақтандыру арқылы қорғау басталған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде Пул әкімшісінің арнайы банктік шотына ақша аудару жолымен біржолғы төлеммен жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Сақтандырушы-қатысушыға, Пул әкімшісінің өкіліне өз өкілеттіктерін жазбаша нысанда растау берілген жағдайда Тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысына қатысуға рұқсат етіледі.
Сақтандырушы, Пул әкімшісінің өкілі тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысында:
Тармақша 1
1) іс материалдарымен танысады;
Тармақша 2
2) көшірмелерін жасайды;
Тармақша 3
3) құжаттар мен мәліметтердің рұқсат етілуі мен толықтығына қатысты жазбаша нысанда пікір білдіреді;
Тармақша 4
4) сақтандырылған медицина қызметкерінің, пациенттің және зиян келтіру фактісін анықтауға тартылған өзге де адамдардың денсаулық сақтау субъектісіне қосымша құжаттар, жазбаша немесе ауызша түсініктемелер беру қажеттігі туралы мәлімдейді;
Тармақша 5
5) қарастырылып отырған зиян келтіру фактісі мен мән-жайлары бойынша түсініктеме береді;
Тармақша 6
6) сақтанушының, сақтандырылушының, пациенттің өкілдерінен бетпе-бет сауалнама жүргізу кезінде сұралатын адамға сұрақтар қояды;
Тармақша 7
7) келіспеген немесе зиян келтіру фактісі мен мән-жайлары бойынша ерекше пікір болған кезде комиссияға, сондай-ақ пул әкімшісіне келіспеушіліктің немесе ерекше пікірдің жазбаша негіздемесін жібереді.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы ортақ сақтандыру шартының (сақтандыру аумағы) қолданылу орны болып табылады.
Тармақ 21
21. Ортақ сақтандыру шарты мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) сақтандыру объектісі өмір сүруін тоқтатқан кезде;
Тармақша 2
2) сақтандыру жағдайының туындау мүмкіндігі жойылып, сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;
Тармақша 3
3) сот ортақ сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдағанда;
Тармақша 4
4) ортақ сақтандыру шартының мерзімі өткеннен кейін.
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тараптардың келісімі бойынша ортақ сақтандыру шартын бұзу;
Тармақша 6
6) сақтанушының бастамасы бойынша ортақ сақтандыру шартын бұзу;
Тармақша 7
7) Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын белгіленген мерзімде төлемеген жағдайларда немесе заңнамада көзделген өзге де жағдайларда Сақтандырушының бастамасы бойынша Ортақ сақтандыру шартын бұзу.
Тармақ 22
22. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектілері есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігінің сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең аз мөлшері осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 24
24. Сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген Сақтанушыларды қоспағанда, Сақтанушы (Сақтандырылушы) Кодекстің 7-бабының 104-3) тармақшасына сәйкес ортақ сақтандыру шартына қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Пул әкімшісінің арнайы банктік шотына ақша аудару жолымен біржолғы төлеммен жүргізеді.
Тармақ 25
25. Сақтандыру төлемдерінің мөлшерлер Кодекстің 270-4-бабының 3-тармағында айқындалған.
Сақтанушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде пациенттен немесе оның заңды өкілінен зиянды өтеу туралы талаппен өтініштің интернет-платформада немесе өзге де қолжетімді құралдармен келіп түскені туралы хабардар етеді.
Сақтандыру төлемдерін Пул әкімшісі Сақтанушы ұсынған мынадай құжаттардың көшірмелері негізінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тәуелсіз сараптама комиссиясының шешімі немесе пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің талап арызы бойынша соттың шешімі;
Тармақша 2
2) пациенттің немесе оның заңды өкілінің өтініші немесе талап арызы;
Тармақша 3
3) Сақтанушының (сақтандырылушының) медициналық қызметті ұсыну құқығын растайтын құжат;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) пациенттың ауру тарихы;
Тармақша 6
6) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе анықтама;
Тармақша 7
7) мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
Тармақша 8
8) бұзушылықтардың сақтандыру жағдайымен организм функцияларының тұрақты бұзылуымен себеп-салдарлық байланысын растайтын құжаттар (пациент қайта куәландырылған және мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы анықталған жағдайда ұсынылады);
Тармақша 9
9) пациенттің аурумен байланысты нақты шығыстарының төленгенін растайтын қаржылық құжат;
Тармақша 10
10) Пайда алушының сақтандыру төлемін алу құқығын растайтын құжаты;
Тармақша 11
11) Сақтанушының, Сақтандырылушының қорғауға жұмсалған шығыстарымен байланысты шеккен нақты шығыстарын растайтын құжаттар;
Тармақша 12
12) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін толық банктік деректемелерді көрсете отырып, сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініш.
Пул әкімшісі сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті жетпейтін құжаттар туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық нысанда Пул әкімшісінің интернет-платформасында құрылған денсаулық сақтау субъектісінің жеке кабинеті арқылы хабарлайды.
Сақтандыру төлемін жүзеге асыру күші сақтандыру төлемін алышуға ақшалай қаражат түскен күн болып есептеледі.
Пациенттің денсаулығының нашарлаған (мүгедектікті немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу) не сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиға нәтижесінде пациент қайтыс болған кезде медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы немесе сот шешімі негізінде Пулдың әкімшісі Кодекстің 270-4-бабына сәйкес сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуді жүргізеді.
Сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады, бірақ Кодекстің 270-4-бабына сәйкес осы сақтандыру жағдайы (лимиті) бойынша жауапкершіліктің шекті көлемінен аспайды.
Басқа 1. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігінің сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшері
Медицина қызметкерлерінің
кәсіптік жауапкершілігін
сақтандыру қағидаларына
1-қосымша
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігінің сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшері
Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
Жылына 1 штат бірлігіне сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшері (ең төменгі есептік көрсеткіш)
Тәулік бойғы режимде медициналық көмек көрсетпейтін ұйымдар
Тәулік бойғы режимде медициналық көмек көрсететін ұйымдар
Өзге ұйымдар
1. Авиациялық және ғарыштық медицина
0
0
7,8
2. Ересектер, балалар акушериясы және гинекологиясы
17,1
23,1
0
3. Ересектер, балалар аллергологиясы және иммунологиясы
7,8
7,8
0
4. Ересектер, балалар ангиохирургиясы
11,7
13,8
0
5. Ересектер, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы
17,6
20,7
0
6. Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы
11,6
11,6
0
7. Гематология (ересектер)
7,8
11,6
0
8. Гериатрия
1,9
1,9
0
9. Ересектер, балалар дерматовенерологиясы
3,9
3,9
0
10. Балалар хирургиясы
11,7
15,9
0
11. Ересектер, балалар инфекциялық аурулары
11,6
13,3
0
12. Ересектер, балалар кардиология
9,9
13,3
0
13. Ересектер, балалар кардиохирургия
20,6
24,2
0
14. Кинезиотерапия
3,9
3,9
0
15. Клиникалық фармакология
3,3
4,5
0
16. Еңбек медицинасы (кәсіптік патология)
3,9
3,9
0
17. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы
0
0
11,6
18. Медициналық генетика
6,6
9
0
19. Ересектер, балалар неврологиясы
6,6
9
0
20. Ересектер, балалар нейрохирургиясы
20,6
24,2
0
21. Неонатология
12,5
13,8
0
22. Ересектер, балалар шұғыл медицинасы
11,6
13,8
13,8
23. Ересектер, балалар нефрологиясы
6,6
9
0
24. Жалпы дәрігерлік практика
7,8
0
0
25. Жалпы хирургия
11,7
15,9
0
26. Онкология
17,1
23,1
0
27. Балалар онкологиясы және гематологиясы
17,1
23,1
0
28. Радиациялық онкология
17,1
23,1
0
29. Химиотерапиялық онкология
17,1
23,1
0
30. Ересектер, балалар оториноларингологиясы
7,8
11,7
0
31. Ересектер, балалар офтальмологиясы
6,9
7,9
0
32. Химиотерапиялық онкология
6,6
7,8
7,8
33. Педиатрия
8,3
8,3
0
34. Ересектер, балалар пластикалық хирургия
17,6
23,8
0
35. Ересектер, балалар психиатриясы
1,6
2,2
0
36. Ересектер, балалар пульмонологиясы
6,6
9
0
37. Радиология
9,9
11,6
0
38. Ересектер, балалар ревматологиясы
6,6
9
0
39. Отбасылық медицина
7,8
0
0
40. Мейіргер ісі (академиялық бакалавриат)
1,5
1,7
0
41. Стоматология
8,6
8,6
0
42. Сот-медициналық сараптама
0
0
5,2
43. Терапия
6,6
9
0
44. Ересектер, балалар травматологиясы - ортопедиясы
17,6
23,8
0
45. Ересектер, балалар урологиясы
11,7
15,9
0
46. Ересектер, балалар физикалық медицинасы және оңалту
3,3
4,5
0
47. Ересектер, балалар фтизиатриясы
6,6
9
0
48. Ересектер, балалар жақ-бет хирургиясы
11,7
13,8
0
49. Ересектер, балалар эндокринологиясы
7,8
7,8
0
50. Эрготерапия
3,9
3,9
0
51. Ядролық медицина
0
11,6
11,6
52 Мейіргер ісі
1,5
1,7
0
53. Емдеу ісі
1,5
1,7
0
54. Акушерлік ісі
1,5
1,7
0
55. Стоматология (маман)
1,5
1,5
0
56. Зертханалық диагностика
1,5
1,7
0
57. Медициналық оптика
1,5
1,7
0
58. Ортопедиялық стоматология (маман)
1,5
1,5
0
59. Гигиена және эпидемиология
11,6
13,3
0
60. Күтім бойынша әлеуметтік жұмыс
1,9
1,9
0
61. Парамедицина
3,9
3,9
0
62. Фармация
3,9
4,7
0
63. Денсаулық сақтау менеджменті (Қоғамдық денсаулық сақтау)
0
0
0
3,9
4,7
0
64. Қоғамдық денсаулық (медициналық-профилактикалық іс, биомедицина, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс)
3,9
4,7
0
Басқа 2. Сақтанушыдан/Сақтанушыдан/Пайда алушыдан
туындаған сақтандыру жағдайының басталуы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға
өтініш
Медицина қызметкерлерінің
кәсіптік жауапкершілігін
сақтандыру қағидаларына
2-қосымша
Сақтанушыдан/Сақтанушыдан/Пайда алушыдан
туындаған сақтандыру жағдайының басталуы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға
өтініш
Сақтандыру жағдайының басталуына байланысты сақтандыру төлемін жүргізуді сұраймын.
Сақтандыру жағдайының себептері мен мән-жайлары:
Ортақ сақтандыру шарты № ______________________________________________ бастап
____________________________
Сақтанушының Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ) : ____________________________________________________________________
Сақтанушының туған күні мен жері:
ЖСН:
Азаматтығы:
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (атауы, нөмірі, берілген күні және органы, қолданылу мерзімі):
Шетелдік салық резиденттігі туралы мәліметтер (бар болса резидент елін және салық төлеушінің нөмірін көрсету):
☐ Ия ☐ Жоқ
Тұрақты мекен жайы:
Байланыс нөмірі:
Шетелдік жария лауазымды тұлғаларға қатыстылығы?
☐ Ия ☐ Жоқ
Сақтандыру жағдайы: ________________________________________________ орын алды:
(уақыт, күн, ай, жыл)
Оқиға орны: _______________________________________________________________________
Диагноз:
___________________________________________________________________________________
Нәтижесі (белгілеу керек):
Ерікті сақтандыру түрлері үшін:
☐ өлім; ☐ мүгедектік; ☐ ауруханаға жатқызу; ☐ уақытша еңбекке жарамсыздық;
☐ ауыр ауруы; ☐ дене жарақаты;
☐ өзгелері:
_____________________________________________________________________________
Сақтандырудың міндетті түрлері үшін:
☐ КЕА (еңбек жарақаты); ☐ КЕА (кәсіптік ауру)
☐ өзгелері:
_____________________________________________________________________________
Сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларының қысқаша сипаттамасы:
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
___________________________________________
Төлемге негіздеме (сақтандыру жағдайын растайтын құжаттар):
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
Сақтандыру төлемін алушы (Пайда алушы):
Пайда алушының ТАӘ (бар болған жағдайда):
____________________________________________________________________
Пайда алушының туған күні мен жері:
ЖСН:
Азаматтығы:
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (атауы, нөмірі, берілген күні және органы, қолданылу мерзімі):
Шетелдік салық резидент туралы мәліметтер (бар болса резиденттік елін және салық төлеушінің нөмірін көрсету):
☐ Ия ☐ Жоқ
Тұрақты мекенжайы:
Байланыс нөмірі (қала/оператор коды бар):
8
Шетелдік жария лауазымды тұлғаларға тиесілігі?
☐ Ия ☐ Жоқ
Виза туралы мәліметтер (шетел азаматтары үшін):
нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі:
Көші-қон карточкасының мәліметтері (шетел азаматтары үшін):
нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі:
Клиенттің сенім білдірілген тұлғасы (өкілі) туралы мәліметтер (бар болса):
Сенім білдірілген тұлғаның (өкілдің)ТАӘ:
Туған жері мен күні:
ЖСН:
Азаматтығы:
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (атауы, нөмірі, берілген күні және органы, қолданылу мерзімі):
Сенім білдірілген тұлға әрекет ететін негіздеме құжат (атауы, нөмірі, қолданылу мерзімі):
Байланыс деректері (тұрғылықты мекен жайы, телефон нөмірі):
Виза туралы мәліметтер:
Көші-қон карточкасының мәліметтері:
Сақтандыру төлемін мына деректемелер бойынша жүргізуді сұраймын:
Банктің атауы _________________________________ Банктің БСК ___________________________________
Банктің есеп айырысу шоты
Дербес (ағымдағы) шот/
карточкалық шот (астын сызу)
Ақша алушының ТАӘ (бар болған жағдайда) /атауы
______________________________________________________________
БСН
1. Мен сақтандыру төлеміне өтініште берген барлық ақпарат менің білімім мен сеніміме сәйкес дұрыс және толық екенін мәлімдеймін.
2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес дауды реттеу және пациенттің денсаулық сақтау субъектісіне және медицина қызметкеріне наразылығының болмауы туралы келісімдер жасасу кезінде қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
3. Құжаттарды дайындау үшін қажетті ақпаратты және сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған құжаттар тізімін алдым.
___________________________________________________________________________________
(қолы) ТАӘ (бар болған жағдайда) (Сақтандырушы/Сақтанушы/Пайда алушы) толығымен
Күні «______» ____________________________ 20___ж.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839 - бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін негіз болып табылады
Басқа 3. Дауды реттеу және пациенттің денсаулық сақтау субъектісіне және
медицина қызметкеріне наразылығының болмауы туралы
КЕЛІСІМ
Медицина қызметкерлерінің
кәсіптік жауапкершілігін
сақтандыру қағидаларына
3-қосымша
Кімге: Медицина қызметкерлерінің
кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру
жөніндегі бірыңғай сақтандыру пулы
кімнен_______________________________
(ТАӘ)
___________(байланыс телефондары)
Дауды реттеу және пациенттің денсаулық сақтау субъектісіне және
медицина қызметкеріне наразылығының болмауы туралы
КЕЛІСІМ
Мен, ___________________________________(пациент), ___-____-______
туған жылы, ЖСН ____________, № құжаттың (керегінің астын сызу керек: жеке
куәлігі, төлқұжаты, ықтияр хат) __________, берілді _________ жылғы
__________ ж.,
____________________________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын, ______________________ медициналық
қызметтерді (емдеу)___________________(түрі көрсетілсін қызмет) кезеңі
___________ бойынша __________ медициналық ұйымда
___________________________ диагнозы ________________, сақтандыру төлемін
толық көлемде алдым және аталған медициналық ұйымға, медицина персоналына
және Біріңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушыларына
көрсетілген қызметтердің сапасы бойынша наразылығым жоқ және болмайды.
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес дауды реттеу және пациенттің
денсаулық сақтау субъектісіне және медицина қызметкеріне наразылығының
болмауы туралы келісімдер жасасу кезінде қажетті ақпараттық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын менің қолжетімділігі шектеулі
дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
________________________
(ТАӘ)
________________________
(қолы)
________________________
(күні)