О мерах по реализации Порядка предоставления земельного участка собственникам помещений кондоминиума Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кондоминиум үйлерінің меншік иелеріне жер учаскелерін беру Тәртібін жүзеге асыру шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қантардағы N 06 шешімімен. "Кондоминиум үйлерiнiң меншiк иелерiне жер учаскелерiн беру тәртiбiн жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1813 Қаулысын орындау үшiн ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi 1998 жылғы 30 наурызға дейiн: - меншiк пәтер иелерi кооперативтерiмен кондоминиумдердi тiркеу үшiн құжаттарды әзiрлеу жөнiнде түсiнiк жұмыстарын жүргiзсiн; - кондоминиумның жер учаскелерiне құқысын ресiмдеу үшiн арнайы комиссия құрсын; - сәулет және қала құрылысы қызметтерiне кондоминиумдердiң жер учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу тапсырылсын; - кондоминиумдердiң жер учаскелерiн бөлуге байланысты елдi мекендердiң аумақтарының аралықтарын белгiлеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға жергiлiктi бюджеттен қаражаттар бөлу көзделсiн; -кондоминиумдерге жер учаскелерiн беру жөнiнде құжаттарды ресiмдеу нақты ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Әдiлет басқармасы (Рамазанов А.К.) кондоминиум объектiлерiн тiркеу тәртiбiн белгiлесiн, бұқаралық ақпарат құралдарында түсiнiктеме берсiн, қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес кондоминиумдердiң заңды құжаттарын оперативтi ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Жер қатынастарының комитетi (Соловьев В.В.) кондоминиумдердiң жер учаскелерiне заңды құжаттарын ресiмдеуге байланысты жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақта құрылыс салу басқармасы (Никитин Н.Л.) қалалар мен аудандардың бас сәулеткерлерiнiң кондоминиумдердiң жер учаскелерiн белгiлеу жөнiнде әдiстемелiк көмек көрсетсiн және олардың қызметтерiне бақылау жасасын.
Тармақ 5
5. "Жердi пайдалануға құжаттарды әзiрлеу тәртiбi және меншiк пәтер иелерiнiң кооперативтерiне жеңiлдiктер туралы" Әкiмнiң 1996 жылғы 19 маусымдағы N 40 шешiмi күшiн жойды деп саналсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмнiң орынбасары Н.Т.Носиковқа жүктелсiн.