О присвоении наименований составным частям города Кандыагаш Күшін жойған
Басқа 0
Қандыағаш қаласының атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6, 31- баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 - бабына, Қандыағаш қаласы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 және 2023 жылғы 17 мамырдағы № 1 қорытындылары негізінде, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қандыағаш қаласының келесідей атауы жоқ көшелеріне және саябақтарына атаулар берілсін:
атауы жоқ көшеге - Балуан Шолақ көшесі;
атауы жоқ көшеге - Сайым Балмұқанов көшесі;
атауы жоқ көшеге - Әлихан Бөкейхан көшесі;
атауы жоқ көшеге - Бірлік көшесі;
атауы жоқ саябаққа - Мәңгілік Ел саябағы;
атауы жоқ саябаққа - Анаға тағзым саябағы;
атауы жоқ саябаққа - Бақытты бала саябағы;
атауы жоқ саябаққа - Жауынгерлер саябағы;
атауы жоқ саябаққа - Батырлар саябағы.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы әкімінің осы сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.