О правовых актах, регулирующих вопросы продажи, предоставления в наем и доверительное управление субъектам малого предпринимательства государственного коммунального имущества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сату, жалдауға және сенiмдi басқаруға беру мәселелерiн реттейтiн құқықтық актiлер туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 444 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 мамырда № 1789 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімідігінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 575 қаулысымен "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, "Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3-ақпандағы № 118 қаулысын орындау үшiн, коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк мүлiктi пайдалану және басқару мәселелерiн реттейтiн ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi заңнамалық актiлерге сәйкес келтiру және коммуналдық меншiктi тиiмдi басқару саясатын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) жекешелендiретiн мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн сату Ережесi (№ 1 қосымша);
Тармақша 2
2) мемлекеттiк коммуналдық меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн өтеусiз беру құқығымен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне олардың ұсынған ақпараттары негiзiнде мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе сенiмдi басқаруға беру ережесi (№ 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет басқармасы 2000 жылы 21-наурызда тiркеген № 282 "Коммуналдық меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жалға немесе сенiмдi басқаруға беру туралы Ереженi бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 24-ақпандағы № 813 шешiмiнiң 1-тармағының 1)-тармақшасы күшiн жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары В.Н.Сухоруковаға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әдiлет органдарында тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Басқа 7. Шығыс Қазақстан облысының жекешелендiрiлетiн коммуналдық меншiк объектiлерiн сату ЕРЕЖЕ
Шығыс Қазақстан облысы әкiмиятының 2004 жылғы 26 cәуірдегі № 444 қаулысына № 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысының жекешелендiрiлетiн коммуналдық меншiк объектiлерiн сату ЕРЕЖЕ Ереже "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23-желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына, "Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26-маусымдағы № 942 қаулысымен бекiтiлген ережесiне, "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы Шығыс Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 3-желтоқсандағы № 253 қаулысымен бекiтiлген ережеге сәйкес әзiрлендi және Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiкке жататын жекешелендiру объектiлерiнiң сату тәртiбiн реттейдi. 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) "Сатушы" - Шығыс Қазақстан облысы әкiмиятымен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiрудi жүргiзуге уәкiлеттi "Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Басқарма);
Тармақша 2
2) "Жекешелендiру объектiсi": мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк мекеме немесе мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - кәсiпорын); жекешелендiрiлуi тұйықталған технологиялық циклдi бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; кәсiпорынның мүлкi; акциялар; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталдарындағы үлестерi; мекемелерге заң белгiленген тәртiппен бекiтiлген өзгеде мемлекеттiк мүлiк;
Тармақша 3
3) "Қатысушы" - сауда-саттыққа қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 4
4) "Тiкелей атаулы сату" - жекешелендiру түрi;
Тармақша 5
5) "Сауда-саттықтар" - жекешелендiру түрi;
Тармақша 6
6) "Аукцион" - қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттықтың нысаны;
Тармақша 7
7) "Аукционшы" - аукцион жүргiзушi және тиiстi аукциондық сауда-саттық жүргiзу техникасын меңгерген жеке тұлға;
Тармақша 8
8) "Сауда-саттықтың ағылшын әдiсi" - сауда-саттықтардың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдiсi;
Тармақша 9
9) "Сауда-саттықтың голланд әдiсi" - сауда-саттықтардың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн әдiсi;
Тармақша 10
10) "Тендер" - сауда-саттықтардың қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын Сатушының қалауы бойынша жазбаша жабық конвертте немесе жария мәлiмдейтiн нысаны;
Тармақша 11
11) "Коммерциялық тендер" - жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған Қатысушы жеңiмпаз болып танылатын, тендердiң шарттарын орындауға келiскен Қатысушылардың арасындағы сауда-саттықтар;
Тармақша 12
12) "Инвестициялық тендер" - комиссияның қорытындысы бойынша тендердiң шарттарына сәйкес ең жақсы инвестициялық бағдарлама ұсынған Қатысушы жеңiмпаз болып танылатын сауда-саттықтар;
Тармақша 13
13) "Есептiк баға" - жекешелендiру объектiсiнiң бағасын реттейтiн, қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес айқындалған жекешелендiру объектiсiнiң бағасы;
Тармақша 14
14) "Алғашқы баға" - Сатушы бекiткен есептiк баға не консалтингтiк ұйымдардың немесе тәуелсiз аудиттiң қорытындысы негiзiнде алынған баға;
Тармақша 15
15) "Ең төменгi баға" - жекешелендiру объектiсiн одан төменге сатуға болмайтын баға;
Тармақша 16
16) "Ағымдағы баға" - аукционда сауда-саттық барысында қалыптасатын жекешелендiру объектiсiнiң бағасы;
Тармақша 17
17) "Бастапқы баға" - жекешелендiрудiң әрбiр объектiсi бойынша сауда-саттықтар басталатын баға;
Тармақша 18
18) "Сату бағасы" - жекешелендiру объектiсiнiң сауда-саттықтардың нәтижесiнде белгiленген немесе тiкелей мекенжайға сату кезiнде тараптардың келiсiмi бойынша айқындалған түпкiлiктi бағасы;
Тармақша 19
19) "Жеңiмпаз" - жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттар ұсынған тендерге қатысушы;
Тармақша 20
20) "Сатып алушы" - Сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық Жеңiмпазы немесе жалға алушы немесе сенiмдi басқарушы (тiкелей мекенжайға сатқан жағдайда).
Тармақ 2
2. Объектiнi жекешелендiру туралы шешiмдi "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi жасақтауымен жекешелендiруге және оның алдын алу сатысына жататын коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту жолымен Шығыс Қазақстан облысы әкiмияты қабылдайды.
Тармақ 3
3. Жарғылық капиталдарындағы мемлекет акциялары мен қатысу үлестерi жекешелендiру объектiсi болып табылатын мемлекеттiк заңды тұлғалардың жекешелендiру объектiлерiнiң балансұстаушыларының, сондай-ақ мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары Сатушының сұрауы бойынша белгiленген мерзiмдерде объектiлердi сатуға дайындау үшiн қажет мәлiметтердi тапсыруға мiндеттi. Балансұстаушы тапсырылған мәлiметтерiнiң нақтылығына және жекешелендiруге түскен объектiнiң Сатып алушыға берiлген сәтке дейiн сақталуына жауапты болады.
Тармақ 4
4. Эмиссиялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға жол берiлмейдi.
Тармақ 5
5. Жабық акционерлiк қоғамдардағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен серiктестiктердегi мемлекеттiк үлестердi сату Қазақстан Республикасының заңнамасы қоятын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Жабық акционерлiк қоғамдардағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi мемлекеттiк үлестер ашық сауда-саттықта сатылған жағдайда, оларды сату осы ережемен реттеледi.
Тармақ 6
6. Жылжымайтын мүлiктi жекешелендiрген кезде объектiге меншiк құқығына кiрген Сатып алушыға тиiстi аудан немесе қала әкiмiмен жасалған жер учаскесiн сатып алу-сату шарты негiзiнде, жер заңнамасына сәйкес жер учаскесiне де меншiк құқығы көшедi. Қосып салынған үй-жайлар болып табылатын немесе қосып салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендiру объектiлерi (жылжымайтын мүлiк) бойынша жекешелендiру объектiсi орналасқан жер телiмiнiң бiр бөлiгiн сату үшiн бөлу, телiм жер заңнамасына сәйкес бөлiнетiндер разрядына жататын жағдайда ғана жүргiзiледi. Жекешелендiру объектiсi бөлiнбейтiн жер телiмiнде орналасқан жағдайда оны ортақ пайдалану тәртiбi жер телiмiн сату кезiнде ойластырылады. Бұл жағдайда жер телiмiнiң құнын Сатып алушы жеке төлейдi.
Тармақ 7
7. Сатушы жекешелендiру объектiлерiн сатуды осы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалған тәртiппен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Сауда-саттыққа қатысуға жеке тұлғалар, мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және шетелдiк заңды тұлғалар жiберiледi.
Тармақ 9
9. Төмендегi тұлғалар сауда-саттыққа қатысушы бола алмайды: Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтiң жүзеге асырылуы объектiлердi сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар; сатып алу-сату шартын жасасу және/немесе орындау жөнiндегi тиiстi мiндеттемелерiн орындамаған бұрынғы сауда-саттықтардың жеңiмпаздары. Ондай тұлғалар тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап бiр жылға дейiн сауда-саттыққа қатыса алмайды.
Тармақ 10. 2. Сатушының функциялары
10. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сату кезiнде Сатып алушы-акционерлiк қоғам, егер соңғысы Сатып алушының акцияларына ие болса, акционерлiк қоғам акцияларының 25 пайызынан артық сатып ала алмайды. 2. Сатушының функциялары
Тармақ 11
11. Сатушының функцияларына кiредi:
Тармақша 1
1) жекелеген сауда-саттықтар бойынша жекешелендiру объектiлерiн бөлу, сондай-ақ оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн белгiлеу;
Тармақша 2
2) әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтың нысаны мен әдiсiн белгiлеу;
Тармақша 3
3) сауда-саттықты ұйымдастырып өткiзушi комиссияның ұсынысы бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағасын бекiту;
Тармақша 4
4) тiкелей мекенжайға сатуды жүзеге асыру кезiнде сату бағасын және шарттың басқа да талаптарын бекiту;
Тармақша 5
5) кепiлдiк жарналарды қабылдау;
Тармақша 6
6) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу;
Тармақша 7
7) сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;
Тармақша 8. 3. Комиссия
8) Қатысушылармен және Сатып алушылармен сауда-саттық жүргiзу рәсiмдерiмен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру. 3. Комиссия
Тармақ 12
12. Сауда-саттықты ұйымдастырып өткiзу үшiн Сатушы Комиссияны қалыптастырады, оның құрамына Сатушының және келiсiмдерi бойынша Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң, Шығыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитетiнiң және басқа да мүдделi ведомстволардың өкiлдерi енедi. Комиссия мүшелерiнiң саны 5 адамнан кем болмау керек. Сатушының өкiлi комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия шешiмдерi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстардың теңдiгi кезiнде төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 13
13. Комиссия Сатушының тапсырмасы бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағасын бекiту үшiн Сатушыға ұсыным жасайды;
Тармақша 3
3) кепiлдiк жарнаның мөлшерiн айқындайды;
Тармақша 4
4) тендердiң шарттарын айқындайды;
Тармақша 5
5) сауда-саттық өткiзедi;
Тармақша 6. 4. Сауда-саттықты өткiзуге дайындық
6) сауда-саттықтардың жеңiмпазын жариялайды. 4. Сауда-саттықты өткiзуге дайындық
Тармақ 14
14. Объектiнi сауда-саттық өткiзуге дайындауды Сатушы жүзеге асырады, ол үшiн ол:
Тармақша 1
1) объектiнi сату алдында дайындау үшiн, соның iшiнде жекешелендiру объектiлерiн бағалауды реттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес оны бағалауды жүзеге асыру үшiн қажет материалдарды жинауды жүргiзедi;
Тармақша 2
2) сатып алушының талабы бойынша жекешелендiру объектiсiнiң ауыртпалығы туралы, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық қарыздардың сомасы, жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорын болып табылса жекешелендiрiлетiн кәсiпорынның жасаған келiсiм-шарттары мен шарттары туралы ақпарат дайындап тапсырады;
Тармақша 3
3) жекешелендiрiлетiн объектiде мемлекеттiк материалдық резерв құндылықтары болған жағдайда ол жайында дер кезiнде осы материалдық құндылықтарды объектiнi жекешелендiруге дейiн орналастыру туралы шешiм қабылдау үшiн алдағы мемлекеттiк жекешелендiру туралы материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарлайды;
Тармақша 4
4) әр жекешелендiру объектiсiнiң сауда-саттық нысандары мен әдiстерiн анықтайды;
Тармақша 5
5) жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы, ең төменгi бағаларын және сату талаптарын бекiтедi;
Тармақша 6
6) жекешелендiру объектiлерiн жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөледi;
Тармақша 7
7) кепiлдiк жарнаны төлеудiң ретiн анықтайды;
Тармақша 8
8) сауда-саттық өтуi жайындағы ақпараттық хабарламаның уақытында жариялануын қамтамасыз етедi;
Тармақша 9
9) Қатысушыларды тiркейдi, өтiнiштерiн, кепiлдiк жарналарын қабылдайды.
Тармақ 15
15. Консалтингтiк ұйымдардың қорытындысы немесе тәуелсiз бағалау өткiзу негiзiнде жекешелендiру объектiсiнiң есептiк бағасы Сатушымен анықталады. Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы Сатушымен бекiтiледi.
Тармақ 16
16. Кепiлдiк жарна қатысушының төмендегiдей мiндеттемелерiн қамтамасыз етедi:
Тармақша 1
1) сауда-саттықта жеңiске жеткен жағдайда сауда-саттықтың қорытындысы бойынша хаттамаға қол қою;
Тармақша 2
2) сауда-саттықтың қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасу;
Тармақша 3
3) сатып алу-сату шартының мiндеттемелерiн тиiстi түрде орындау.
Тармақ 17
17. Кепiлдiк жарна Сатушының деректемелерiне ақпараттық хабарламада белгiленген тәртiппен және нысанда, және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленедi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiле алмайды. Кепiлдiк жарнаны Қатысушының атынан кез-келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгiзуi мүмкiн. Кепiлдiк жарнаны алушы Сатушы болып табылады.
Тармақ 18
18. Сауда-саттықтарда жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан Қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi объектiнiң сату бағасынан асып кеткен жағдайда, Сатып алушыға кепiлдiк жарнаның, объектiнiң тиесiлi төлемдерiне жатпаған бөлiгi қайтарылып берiледi.
Тармақ 19
19. Кепiлдiк жарнаны Сатушы қайтармайды:
Тармақша 1
1) Сауда-саттықтарға қатысушыға - сауда-саттықтарға қатысудан ол өткiзiлуiне үш күннен аз қалғанда бас тартқан жағдайда немесе оның осы ереже және Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi байқалған жағдайда;
Тармақша 2
2) Жеңiмпазға - ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан немесе сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
Тармақша 3
3) атып алушыға - ол сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда. Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарна сауда-саттықтар аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кеш емес мерзiмде, ал егер ақша Сатушының шотына сауда-саттықтардан кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктiк күннiң iшiнде қайтарылады.
Тармақ 20
20. Сауда-саттықтар өткiзiлетiндiгi туралы ақпараттық хабарлама олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде 15 күн бұрын, ал акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестердi сату кезiнде - сауда-саттықтар өткiзiлуге дейiн 30 күннен кешiктiрмей жариялануы тиiс. Ақпараттық хабарлама ресми басылымдарда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануы тиiс.
Тармақ 21
21. Ақпараттық хабарламада хабарлануы тиiс:
Тармақша 1
1) сауда-саттықтардың өткiзiлетiн күнi, орны және уақыты;
Тармақша 2
2) сауда-саттықтардың әдiсi және нышаны;
Тармақша 3
3) жекешелендiру объектiсi туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) сатуға қойылатын жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы және ең төменгi бағасы;
Тармақша 5
5) сатушының кепiлдiк жарнасының мөлшерi мен банктiк деректемелерi;
Тармақша 6
6) өтiнiмдi қабылдайтын орны мен мерзiмдерi;
Тармақша 7
7) сауда-саттықтарды өткiзудiң тәртiбi мен сауда-саттықтардың Жеңiмпазын анықтаудың шарты;
Тармақша 8
8) Сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпарат.
Тармақ 22
22. Әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейiн (егерде нысан заңды тұлға болған жағдайда) Сатушы мынадай құжаттардың көшiрмелерiнен тұратын құжаттардың пакетiн дайындауы тиiс:
Тармақша 1
1) сауда саттықтарға қойылатын жекешелендiру объектiсiнiң жарғысы;
Тармақша 2
2) акциялар эмиссиясының проспектiсi мен эмиссиялардың тiркелгендiгi туралы куәлiк;
Тармақша 3
3) соңғы үш жылдағы және жекешелендiру объектiсiн сату туралы шешiм қабылданған күнге дейiнгi қосымшаларымен бiрге есептiк кезеңдегi бухгалтерлiк теңгерiм;
Тармақша 4
4) статистикалық карточка;
Тармақша 5
5) заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы куәлiк;
Тармақша 6
6) акционерлiк қоғам акционерлерiнiң немесе серiктестiк қатысушыларының тiзiлiмiнен көшiрме;
Тармақша 7
7) олардың құнын көрсете отырып, жарғылық капиталға енген негiзгi құрал-жабдықтардың тiзбесiн;
Тармақша 8
8) кредиторлық және дебиторлық берешектердiң таратылып жазылуын;
Тармақша 9
9) әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тiзбесiн, олардың құнын көрсете отырып, акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерi сауда-саттықтарға қойылатын акционерлiк қоғамдар мен серiктестiктер ұсынады;
Тармақша 10
10) Сатушының ұйғарымы бойынша басқа да құжаттар мен қосымша мәлiметтер. Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн Сатушы жекешелендiру объектiсi және сауда-саттықтарды өткiзудiң ережесi туралы ақпараттардың барлық тiлек бiлдiрушiлерге еркiн жетуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 23
23. Сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарламалар жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және аукционның басталуына бiр сағат және тендердiң басталуына жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады.
Тармақ 24
24. Сауда-саттықтардың қатысушысы ретiнде тiркелу үшiн:
Тармақша 1
1) сауда-саттықтарға қатысушының жазбаша мiндеттемесiн қамтитын сауда-саттықтарға қатысудың, ол Жеңiмпаз деп жарияланған жағдайда ақпараттық хабарламада белгiленген шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын жасасудың өтiнiмiн;
Тармақша 2
2) төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатты;
Тармақша 3
3) кепiлдiк жарнаның енгiзiлгендiгiн растайтын төлем құжатының көшiрмесi мен көшiрмелердiң шынайылығын растау үшiн төлем құжаттарының түпнұсқасын;
Тармақша 4
4) жабық конвертте берiлетiн коммерциялық тендерге қатысу өтiнiшiнде жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсынысты көрсетедi;
Тармақша 5
5) инвестициялық тендерге қатысу үшiн жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу бағасы туралы ұсыныс көрсетiлген өтiнiш және инвестициялық бағдарлама (бизнес-жоспар) жабық конвертте берiледi;
Тармақша 6
6) өкiлдiң уәкiлеттiгiн растайтын құжатты(сенiмхат) ұсыну қажет. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жарғысының, статистикалық карточкасының және заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы куәлiктiң нотариалдық расталған көшiрмелерiн ұсынады. Акционерлiк қоғамдар қосымша олардың акцияларына иелiк ететiн акционерлiк қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлердiң тiзiлiмiнен көшiрменi (ақпараттық хабарлама жарияланған сәттегi) ұсынады. Шетелдiк заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын орыс тiлiндегi нотариалдық расталған аудармасымен ұсынады.
Тармақ 25
25. Сауда-саттықтарға қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау мен тiркеу талап етiлетiн құжаттардың толық жинағы бар болған жағдайда жүргiзiледi.
Тармақ 26
26. Сатушының:
Тармақша 1
1) Қатысушыдан аукционға қойылғандардың iшiнен мына немесе ана объектiнi сатып алу ниетi туралы ақпаратты талап етуге;
Тармақша 2
2) сауда-cаттықтарға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделгендерден басқа жағдайларда, сауда-саттықтарды дайындаудың және оны өткiзудiң бүкiл кезеңi iшiнде жария етуге;
Тармақша 3
3) осы Ереженiң 24-тармағында аталғандарды қоспағанда Қатысушы ретiнде тiркеу үшiн қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге құқығы жоқ.
Тармақ 27
27. Қатысушылардың құжаттары арнаулы журналда тiркелгеннен кейiн сауда-саттықтар өткiзiлетiн күнi қарау және сауда-саттықтарға жiберу үшiн комиссияға берiледi.
Тармақ 28. 5. Аукционды өткiзу
28. Аукционға жiберiлген Қатысушы аукциондық нөмiр алады. Сауда-саттықтар процесi кезiнде аукциондық нөмiрдi басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салынады. 5. Аукционды өткiзу
Тармақ 29
29. Сауда-саттықтардың ағылшын әдiсiн қолдана отырып аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең. Сауда-саттықтардың голланд әдiсiн қолдана отырып аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаны 10-ға тең арттыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады. Ең төменгi баға белгiленген жағдайда, жекешелендiру объектiсi одан төмен бағаға сатыла алмайды.
Тармақ 30
30. Аукционға қатысуға арналған кепiлдiк жарна аукционға қойылатын барлық жекешелендiру объектiлерi үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мынадай әдiстеме бойынша есептеледi:
Тармақша 1
1) әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы бағасынан 1 пайыздан 15 пайызға дейiн (комиссияның ұйғарымы бойынша) айқындалады;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында алынған орташа арифметикалық шамасы айқындалады;
Тармақша 3
3) аукционға қойылатын жекешелендiру объектiлерiнiң iшiнен жекешелендiру объектiсiнiң ең төменгi бастапқы бағасы айқындалады;
Тармақша 4
4) кепiлдiк жарнаның мөлшерi осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында алынған ең төменгi шамасына тең мөлшерде қабылданады.
Тармақ 31
31. Қатысушылар кепiлдiк жарнаны кез-келген мөлшерде енгiзуге құқылы, бұл орайда бiр кепiлдiк жарна бiр жекешелендiру объектiсiн сатып алуға құқық бередi.
Тармақ 32
32. Жекешелендiру объектiсi алғашында аукционға сауда-саттықтардың ағылшын әдiсi қолданыла отырып шығарылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондардағы сауда-саттықтардың әдiсiн Сатушы белгiлейдi.
Тармақ 33
33. Аукционды Аукционшы жүргiзедi. Аукцион оның өткiзу тәртiбiн жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалардың аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткiзу ережесiн бұзуға құқығы жоқ, басқаша жағдайда оларды Аукционшы аукцион өткiзiлiп отырған залдан шығарып жiберуi мүмкiн. Жекешелендiру объектiсiн сауда-саттықтарға қоюдың ретi ақпараттық хабарламада белгiленген тәртiпке сәйкес келуi тиiс.
Тармақ 34
34. Әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтар Аукционшының сату нысанын, қойылып отырған жекешелендiру объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын сауда-саттықтарды өткiзудiң әдiсiн, бастапқы бағасын және бағаның өзгеру қадамын жариялауынан басталады. Аукционшы сауда-саттықтар процесi кезiнде осы туралы хабарлай отырып, қадамын өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы жекешелендiру объектiсiнiң 5 пайыздан 10 пайызға дейiнгi ағымдағы бағасы шегiнде белгiленедi.
Тармақ 35
35. Сауда-саттықтар төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша өткiзiледi:
Тармақша 1
1) Сауда-саттықтардың ағылшын әдiсi: Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын және бағаның арттырылу қадамын жариялайды. Сауда-саттықтардың қатысушылары нөмiрдi көтере отырып бастапқы бағаны арттырады, бiрақ жарияланған қадамнан кем болмауы тиiс. Аукционшы сауда-саттықтарға қатысушылардың аукциондық нөмірлерiн жариялайды, бағаларын бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтар ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi. Жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары баға ұсынған Қатысушыны Аукционшы жариялайды. Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң соңғы бағасын үш мәрте қайталайды және басқа нөмiр көтерiлмеген жағдайда балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсiнiң сатылғандығы туралы жариялайды. Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын ең болмағанда екi қатысушы бағаны арттырудың кемiнде екi қадамына арттырған жағдайда ғана жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтар өткiзiлген болып саналады;
Тармақша 2
2) Сауда-саттықтардың голланд әдiсi: Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы баға жарияланған кезде аукциондық нөмiрдi бiрiншi көтерген қатысушының нөмiрiн атайды және балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсi бойынша оны Жеңiмпаз деп жариялайды. Егер Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң ең төменгi бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бiрде-бiрi осы жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниет бiлдiрмесе, онда бұл жекешелендiру объектiсi сауда саттықтардан алынады. Егер, бағаны жариялаған сәтте екi немесе одан көп нөмiр көтерiлген жағдайда, онда Аукционшы бағаны Жеңiмпаз анықталған сәтке дейiн тiркелген қадам көлемiне көтере бередi.Жарияланған қадам сауда-саттықтардың голланд әдiсi бойынша белгiленген қадамына, бiрақ ұлғайту жағына тең болуы тиiс. Егер, бағаны арттыру кезiнде өз нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген сауда-саттықтарға қатысушы тұлғалардың бiрде-бiрi оны арттырылған баға бойынша сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, онда Аукционшы жеребе тастау рәсiмiне жүгiнуге құқылы. Үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықтарды қоспағанда, егер сауда-саттықтың өту сәтiнде жекешелендiру объектiсi бiр ғана Қатысушыға сатылуы мүмкiн пайдаланылмаған кепiлдiк жарнасы бар тек бiр ғана тiркелген қатысушы қалса, жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтар өтпеген болып саналады.
Тармақ 36
36. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтардың нәтижелерi сауда-саттықтар аяқталғанда әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшесi, Аукционшы және Жеңiмпаз қол қойған сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшесi өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндауға немесе хаттамаға қоса беруге құқығы бар. Аукционшы хаттамаға қол қою үшiн 10 минуттан аспайтын уақытқа үзiлiс жариялауға құқылы. Хаттама Сатушы мен Сатып алушыға арналып бiр-бiр данада жасалады.
Тармақ 37
37. Сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттықтардың нәтижелерi мен Жеңiмпаздың және Сатушының сату бағасы бойынша жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады. Хаттамаға қол қойылған күннен бастап, мерзiмi бiткенде бұл құқық жойылатын, он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге сатып алу-сату шартын жасасуға Жеңiмпаздың құқығы бар.
Тармақ 38. 6. Тендердi өткiзу
38. Объект аукционда сауданың ағылшын әдiсiмен сатылмай қалған жағдайда Сатушы сауданың тәсiлiн немесе әдiсiн өзгертуге құқылы, ал объект аукционда сауданың голанд әдiсiмен сатылмай қалса онда Сатушы комиссияның ұсынысы бойынша объектiнiң ең төмен бағасын өзгертуге немесе алты ай және одан ұзақ мерзiмде сатылмаған жағдайда сауда-саттықтан алып тастауға шешiм қабылдауға құқылы. 6. Тендердi өткiзу
Тармақ 39
39. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзудi Сатушы жүзеге асырады. Объектiнi бiрiншi тендерге қойған кездегi жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы, жекешелендiру объектiсi одан төмен сатылуы мүмкiн емес алғашқы бағаға тең.
Тармақ 40
40. Тендерге қатысуға арналған кепiлдiк жарна жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасынан 1-15 пайыз шегiнде әрбiр жекешелендiру объектiсi үшiн жеке белгiленедi.
Тармақ 41
41. Тендердiң шарттары:
Тармақша 1
1) объектiнiң қазiргi қызмет профилiн сақтап қалу немесе оны белгiлi бiр мақсатта пайдалану;
Тармақша 2
2) жекешелендiру объектiсiне тартылатын инвестициялардың көлемi, түрi және мерзiмi бойынша мiндеттемелер;
Тармақша 3
3) өндiрiс көлемiнiң, шығарылатын өнiмдер номенклатураларының немесе көрсетiлетiн қызметтердiң белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) белгiлi бiр тұтынушыларға өнiмдердi жеткiзу;
Тармақша 5
5) баға жасау шарттары, оның iшiнде бағаның шектi деңгейi бойынша шектеу;
Тармақша 6
6) табиғат қорғау шараларын жүргiзу;
Тармақша 7
7) жұмыс орындарының санын сақтау немесе жаңа жұмыс орындарын құру;
Тармақша 8
8) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң орын алып отырған тәртiбi мен пайдалану шарттарын сақтау;
Тармақша 9
9) кредиторлық берешектердi белгiленген мерзiмде өтеу;
Тармақша 10
10) жалақы төлемдерi бойынша берешектердi өтеу;
Тармақша 11
11) мәмiлелердi жасауды шектеу (қайта сату, кепiлге, сенiмдi басқаруға беру және т.б.) және\немесе жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салу;
Тармақша 12
12) комиссияның қалауы бойынша басқа да шарттар болуы мүмкiн.
Тармақ 42
42. Комиссия Сатушының тендер шарттарын, жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын бекiту үшiн ұсыныс жасайды, кепiлдiк жарнаның көлемiн белгiлейдi және тендердi ұйымдастыру бойынша өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
Тармақ 43
43. Егер тiркелген Қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықтарды қоспағанда, тендер өтпеген болып саналады.
Тармақ 44
44. Комиссияның отырысында Қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салыстырады. Комиссия барлық ресми жағдайлардың сақталуын тексередi, талап етiлген мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды.Сауда-саттыққа рұқсат алған соң комиссия барлық Қатысушылардың немесе олардың уәкiлеттi адамдарының қатысуымен ұсыныс жазылған конверттi ашады.
Тармақ 45
45. Коммерциялық тендердi өткiзу барысында комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары мәнге ие болған және тендердiң шарттарын қанағаттандырған Қатысушыны тендердiң Жеңiмпазы деп жариялайды. Егер коммерциялық тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бiрдей бағаға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда Жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында жекешелендiру объектiсiнiң бағасы бойынша сауда-саттықтардың ағылшын әдiсi қолданыла отырып аукцион өткiзiледi.
Тармақ 46
46. Инвестициялық тендер өткiзу кезiнде ұсынысы бiршама тиiмдi инвестициялық бағдарламаға ие және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушы Жеңiмпаз деп жарияланады. Егер, инвестициялық тендерде екi және одан көп қатысушының инвестициялық бағдарламалары инвестициялар және басқа да факторлар бойынша бiрдей ұсыныстарға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда Жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында жекешелендiру объектiсiнiң бағасы бойынша сауда-саттықтардың ағылшын әдiсi қолданыла отырып аукцион өткiзiледi.
Тармақ 47
47. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша тендердiң нәтижелерi сауда-саттықтар аяқталғанда әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшесi және тендердiң Жеңiмпазы қол қойған сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшесi өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндауға немесе хаттамаға қоса беруге құқығы бар. Тендер аяқталғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей, комиссия барлық қатысушыларға тендердiң нәтижелерiн жариялайды.
Тармақ 48
48. Хаттама Сатушы және Сатып алушы үшiн бiр-бiр данада жасалады.
Тармақ 49
49. Сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттықтардың нәтижелерi мен Жеңiмпаздың және Сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады. Хаттамаға қол қойылған күннен бастап, мерзiмi бiткенде бұл құқық жойылатын, он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге сатып алу-сату шартын жасасуға Жеңiмпаздың құқығы бар.
Тармақ 50. 7. Тiкелей атаулы сату
50. Егер объект тендерде сатылмаса, Сатушы комиссияның ұсынысы бойынша оны сатудың әдiсiн, бағаны және тендер шартын өзгерту туралы шешiм қабылдайды. 7. Тiкелей атаулы сату
Тармақ 51
51. Тiкелей атаулы сатуға "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының 16 бабына сәйкес артынан өтеп алуға құқықты мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе сенiмдi басқаруға соған сәйкес жалға алушыға (жалшыға) немесе сенiмдi басқарушыға берiлген коммуналдық меншiктiң объектiлерi жатады.
Тармақ 52
52. Жалға алушыларға (жалдаушыларға) және сенiмдi басқарушыларға жекешелендiру объектiлерiн олар келiсiм шартты тиiстi түрде орындағанда ғана сатады.
Тармақ 53
53. Егер жекешелендiру объектiсiнiң құнын өтеу жағдайлары мүлiктi жалдау шартында жалдауға (жалға) немесе сенiмдi басқаруға беру шартында қаралмаса онда ол екi жақты келiсiммен бекiтiледi.
Тармақ 54
54. Объектiнi сату бағасы сондай-ақ екi жақты келiсiммен де анықталады, бұл жағдайда оның бағасы алғашқы бағадан кем болмау керек.
Тармақ 55. 8. Сатып алушылармен есеп айырысудың тәртiбi және меншiк құқығын ресiмдеу
55. Жалға алушы (сенiмдi басқарушы) жалға (сенiмдi басқаруға) кейiннен сатып алу құқығымен берiлген объектiнi сатып алудан бас тартса немесе Сатып алушымен сатып алу-сату шартындағы келiсiмдер орындалмаған себептен шарт бұзылса объект Сатушымен сауда-саттыққа қойылады. 8. Сатып алушылармен есеп айырысудың тәртiбi және меншiк құқығын ресiмдеу
Тармақ 56
56. Сатып алу-сату шарты жазбаша түрде Сатушы мен Сатып алушының арасында жасалады және келiсiм-шарт жасасудың негiзi ретiнде сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға, немесе Басқарманың тiкелей атаулы сату жайындағы бұйрығын келiсiм шарт ретiнде, жасалған сiлтеменi қамтуы тиiс.
Тармақ 57
57. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар Сатушы мен Сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда Сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
Тармақша 1
1) аванстық төлем жекешелендiру объектiсiнiң сату бағасынан кемi 15 пайыз мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрiлмей енгiзiледi. Объектiнi сауда-саттықтан сатып алғанда кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;
Тармақша 2
2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей енгiзiлуi тиiс.
Тармақ 58
58. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда Сатушы шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға және Сатып алушыдан iс жүзiндегi зиянның кепiлдiк жарнамен (аванспен) жабылмаған бөлiгiн өтеудi талап етуге құқылы.
Тармақ 59
59. Ықтимал бөлiп-бөлiп төлеудiң шарты сауда-саттықтарға қатысушылардың назарына алдын-ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге рұқсат етiледi. Бұл орайда бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасынан 15 пайызға кем болмауы, ал бөлiп-бөлiп төлеудiң кезеңi 3 жылдан аспауы тиiс. Бастапқы жарнаны Сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күн тiзбелiк күн iшiнде енгiзуi тиiс. Одан кейiнгi соманы енгiзген жағдайда, әлi енгiзiлмеген сомаға тараптардың келiсiмiмен белгiленген мөлшерде пайыз есептеледi. Егер қамтамасыз етудiң өзге тәсiлi сатып алу-сату шартымен көзделмесе, сатып алушы алған жекешелендiру объектiсiне Сатушының кепiл құқығы төлемдердiң уақытылы өтелуiн қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Тармақ 60
60. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қоспағанда, объектiлердi беру Сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша Сатып алушы Сату бағасын толық төлегеннен кейiн меншiк иесiнiң сатылған жекешелендiру объектiсiнiң өзгерткендiгi туралы мемлекеттiк тiркеу жүргiзу үшiн негiз болып табылатын жекешелендiру объектiсiнiң қабылдау-беру актiсiне қол қою арқылы жүргiзiледi. Мерзiмiн ұзарту арқылы сатылған объектiнi тапсыру Сатып алушымен қабылдау-табыстау актiсiне қол қоя отырып аванс төлегеннен кейiн және Сатып алушы иелiгiне алған жекешелендiру объектiсiне Сатушы кепiлдiк құқығын ресiмдегеннен кейiн тапсырылады. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн беру Сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша Сатып алушы сату бағасын толық төленгеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 61. 9. Жекешелендiру объектiсiн сатудан алынған қаражат
61. Сатып алушы жекешелендiру объектiсiнiң меншiк құқығына жекешелендiру объектiсi тапсырылған мезгiлден бастап, егерде басқадай тәртiп заңнамалық кесiмдерде қаралмаса, ие болады. Егерде сатып алу-сату шарты мемлекеттiк тiркеуге жатса, онда Сатып алушының иелiкке құқығы Қазақстан Республикасының заңнамаларында қаралған тәртiп бойынша тiркелгеннен кейiн басталады. 9. Жекешелендiру объектiсiн сатудан алынған қаражат
Тармақ 62
62. Коммуналдық меншiк объектiлерiн сатудан алынған қаражат, объектiнiң орналасқан жерiне сәйкес, жергiлiктi бюджетке жiберiледi.
Тармақ 63
63. Сауда-саттықтарды ұйымдастыруға және өткiзуге арналған шығыстар облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Сатып алу-сату шартының орындалуын бақылау
Тармақ 64
64. Жекешелендiру объектiсi сатып алу-сату шартының келiсiмдерiн тиiстi орындалуын одан әрi бақылау Сатушымен жүзеге асырылады.
Тармақ 65
65. Шарт талаптарының орындалуын бақылау Сатып алушымен барлық мiндеттемелердiң аяқталғанына дейiн жүргiзiледi.
Тармақ 66
66. Бақылауды жүргiзу үшiн Сатушы шарттың орындалуына қатысты барлық құжаттарды, сонымен қатар өзiнiң iс-әрекеттерi тоқтап қалған құжаттарды да, ресми түрде сұрау салуға және танысуға құқықты. Аппарат басшысы
Басқа 171. Мемлекеттiк коммуналдық меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн өтеусiз беру құқығымен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне олардың ұсынған ақпараттары негiзiнде мүлiктiк жалдауға(жалға) немесе сенiмдi басқаруға беру ЕРЕЖЕСI
Шығыс Қазақстан облысы әкiмиятының 2004 жылғы 26 cәуірдегі № 444 қаулысына № 2 қосымша Мемлекеттiк коммуналдық меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн өтеусiз беру құқығымен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне олардың ұсынған ақпараттары негiзiнде мүлiктiк жалдауға(жалға) немесе сенiмдi басқаруға беру ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже "Шағын кәсiпкерлiкті дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6-наурыздағы Жарлығына, "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19-маусымдағы № 131-1 Заңына, "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне республикалық мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2003 жылғы 4-сәуiрдегi № 327 қаулысына сәйкес әзiрленген және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүлiктiк жалға (жалдауға) немесе бiр жыл мерзiмге сенiмдi басқаруға мемлекеттiк коммуналдық меншiктiң қарауындағы пайдалымда жоқ ғимараттарды, ғимараттарды және жабдықтарды (бұдан әрi-объектiлердi) кейiннен өтеусiз меншiкке тапсыру құқығымен беру талаптары мен тәртiптерiн, өнеркәсiп қызметiн ұйымдастыруға және халыққа көрсетiлетiн қызметтер саласын дамытуға, сатып алу саудасы (делдалдық) қызметiн қоспағанда, және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне объектiлердi берудi реттейдi.
Тармақ 2
2. Бiр жылдан аса белгiленген бағытта пайдаланылмаған мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар мен мекемелердiң объектiлерiн (бұдан әрi - ұйымдарды) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе кейiннен өтеусiз меншiкке тапсыру құқығымен сенiмдi басқаруға бiр жыл мерзiмге берiледi. Объектiлердi ұсыну тендер ережелерi негiзiнде Шығыс Қазақстан облысы коммуналдық меншiк басқармасымен (бұдан әрi - Басқармамен) жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 2. Тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияның мiндеттерi мен құқығы
3. Пайдаланылмайтын коммуналдық меншiктiң объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүлiктiк жалға (жалдауға) немесе сенiмдi басқаруға беру үшiн Басқармамен тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрылады. 2. Тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияның мiндеттерi мен құқығы
Тармақ 4
4. Тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия коммуналдық меншiк басқармасының және облыстың басқа мүдделi басқармалары мен комитеттердiң өкiлдерiнен құрылады. Комиссияның төрағасы басқарманың өкiлi болады. Комиссия мынадай мiндеттердi шешедi:
Тармақша 1
1) ұсынылған ақпараттар негiзiнде пайдаланылмайтын мемлекеттiк коммуналдық меншiктi мүлiктiк жалға (жалдауға) кейiннен өтеусiз меншiкке тапсыру құқығымен сенiмдi басқаруға беруге түскен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өтiнiмдерiн қарайды;
Тармақша 2
2) объектiнi пайдалану туралы ұсыныстарды қарайды;
Тармақша 3
3) коммуналдық меншiк басқармасына мүлiктiк жалға (жалдауға) немесе сенiмдi басқаруға беру туралы мәселелер бойынша дұрыс немесе терiс шешiм қабылдауына ұсыныс жасайды;
Тармақша 4
4) келiсiм шарт бекiтiлген мерзiмнен алты ай және бiр жыл өткеннен кейiн тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң шартта қаралған өнеркәсiп қызметтерiн (халыққа қызмет көрсету) ретке келтiру талаптарының орындалуына байланысты сол жерге барып тексеру жүргiзедi;
Тармақша 5
5) келiсiм шартта көрсетiлген талаптар орындалмаған жағдайда тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия шарттың мерзiмi аяқталмай тұрып бұзу орынды деп қорытынды жасайды;
Тармақша 6. 3. Ұсынылған ақпараттар негiзiнде пайдаланылмайтын коммуналдық меншiктiң объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге жалға немесе сенiмдi басқаруға беру тәртiбi
6) келiсiм шарттың мерзiмi өткеннен және оның талаптары толық орындалғаннан кейiн басқармаға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне объектiнi өтеусiз беруге шешiм қабылдауға ұсыныс жасайды. 3. Ұсынылған ақпараттар негiзiнде пайдаланылмайтын коммуналдық меншiктiң объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге жалға немесе сенiмдi басқаруға беру тәртiбi
Тармақ 5
5. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Басқармаға мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
Тармақша 1
1) өнеркәсiп қызметiмен немесе халыққа қызмет көрсетумен айналысады деген шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң мемлекеттiк тiркелу туралы құжаттарын;
Тармақша 2
2) объектiнi өнеркәсiп немесе халыққа қызмет көрсету мақсатында пайдалану туралы жазбаша түрде ұсыныстарын;
Тармақша 3
3) объектiге байланысты тiркелген құқықты және басқа мiндеттемелердiң болуы немесе болмауы туралы "Шығыс Қазақстан облысының жылжымайтын мүлiк орталығы" мемлекеттiк кәсiпорнынан анықтама;
Тармақша 4
4) объект бiр жылдан аса пайдаланылуда жоқ деген балансұстаушының анықтамасы (егер бар болса) және объект туралы бухгалтерлiк ақпарат. Құжаттар пакетi толық болған жағдайда белгiленген үлгi бойынша уақыты мен түскен күнi көрсетiлген өтiнiм ресiмделедi. Кәсiпкер бұған қосымша жергiлiктi атқарушы органдардың объектiнi беру туралы қолдаухат ұсынуына болады. Егер бiр объектiге бiрнеше шағын кәсiпкерлiк субъектiлерден ақпарат түссе, онда белгiленген үлгiде белгiленген тәртiппен өтiнiмдi бiрiншi тапсырған кәсiпкердiң ұсыныстары қаралады. Кезек Басқарманың кеңсесiнде тапсырма тiркелген уақытқа және нақтыланған күнге сәйкес анықталады (тапсырмалардың үлгiсi № 1, 2 қосымша).
Тармақ 6
6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне пайдаланылмайтын коммуналдық меншiктiң объектiлерiн мүлiктiк жалға (жалдауға) немесе сенiмдi басқаруға беру туралы өтiнiмдi қарайтын тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия өтiнiмдi 15-күн мерзiмiнде қарайды. Түскен өтiнiмдердi қараудың қорытындысы хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 7. 4. Шарттың талаптарының орындалуына бақылау және объектiнi меншiкке беру тәртiбi
7. Басқарма мен шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң арасындағы мәмiле дұрыс шешiлген жағдайда мүлiктi жалға (жалдауға) немесе сенiмдi басқаруға беру шарты жасалады (шарттың үлгiсi № 3 қосымша). Басқарма мен шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң арасында мүлiктiк жалға (жалдауға) шарт жасасқанда мемлекеттiк ұйымдарға сияқты, берiлетiн объектiнiң бiр шаршы метр ауданына ең төмен мөлшердегi тариф ставкасы қолданылады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне объектiнi беруден бас тартқан жағдайда, Басқарма субъектiге себебiн көрсетiп хабар жiбередi. Шағын кәсiпорын субъектiсiмен объектiнi сақтауды қамтамасыз етпеу салдарынан зиян келген және мақсатсыз пайдалану жағдайларында Басқармамен мүлiктiк шығынның орнын толтыра отырып шартты бұзу қарастырылған. Шағын кәсiпорын субъектiлерiне ұсынылған объектiлердi пайдалану ұсыныстары орынды себептермен мерзiмiнде орындалмаған жағдайда олардың мерзiмдерi айрықшалық ретiнде алты айға дейiн ұзартылуы мүмкiн. Қайтарылған объектiлер мен мүлiктер кейiннен басқарманың шешiмi бойынша тендерге немесе аукционға қойылады. Аяқталмаған құрылыс объектiлерiн тапсыру бойынша шартын қолданылу мерзiмi, кәсiпкерлердiң қосымшаларында ұсынылған көлеммен пайдалануға кiргiзу мерзiмiне сәйкес, басқармамен белгiленедi. 4. Шарттың талаптарының орындалуына бақылау және объектiнi меншiкке беру тәртiбi
Тармақ 8
8. Шарт жасасқан сәттен алты ай және бiр жыл өткеннен кейiн тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң шартта қаралған өнеркәсiп қызметiн (халыққа қызмет көрсету) ретке келтiру талаптарының орындалуына байланысты сол жерге барып тексеру жүргiзедi.
Тармақ 9
9. Келiсiм шартта көрсетiлген талаптар орындалмаған жағдайда комиссия шарттың мерзiмi аяқталмай тұрып бұзу орынды немесе меншiкке беруден бас тартамыз деп қорытынды жасайды. Қорытындыға комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және мiндеттi түрде мыналар болу керек: тексеру жүргiзiлген уақыты және жерi, комиссияның құрамы, объектiнiң аты, келiсiм шарттың нөмiрi мен қол қойылған уақыты, жүргiзiлген тексерудiң қорытындысы, ұсынылған бизнес-жоспар және шарттың талаптарының орындалуы туралы комиссияның тұжырымы, шарттың мерзiмi аяқталмай тұрып бұзуды орынды деп табу туралы. Комиссияның қорытындысымен келiспеген жағдайда комиссияның әрбiр мүшесi өзiнiң ерекше пiкiрiн бiлдiруге құқықты, ол да қорытындыда жазылуға тиiстi.
Тармақ 10
10. Қол қойылған қорытындының бiр данасы тексеру жүргiзiлген күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде объектiнi мүлiктiк жалға (жалдауға) немесе сенiмдi басқаруды жүргiзiп отырған шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қол қойғызылып немесе тапсырыс хатпен тапсырылуға тиiс. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi комиссияның қорытындысымен келiспеген жағдайда ол комиссияның қорытындысына заңнамада белгiленген тәртiппен шағым беруге құқықты.
Тармақ 11
11. Шарттың талаптары орындалмаған жағдайда басқарма комиссияның қорытындысы негiзiнде шартты бұзады.
Тармақ 12
12. Басқарманың ынтасымен мүлiктiк жалдық (жалдаулық) шартының бұзылуы жағдайында (ереженiң 11 тармағын қоспағанда) шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне басқарманың келiсiмiмен өз қаражатынан жүргiзiлген объектiден зиянсыз бөлiнбейтiн жақсартулардың құны, олармен тиiстi құжаттар тапсырылса қайтарылады.
Тармақ 13
13. Объектiнi сақтауды қамтамасыз етпеу т.с.с. және мақсатсыз пайдалану салдарынан зиян келген жағдайларында шағын кәсiпкерлiк субъектiсiмен заңнамада бекiтiлген тәртiппен келтiрiлген материалдық зиянның орны толтырылады.
Тармақ 14
14. Келiсiм шарттың мерзiмi өткеннен және оның талаптары толық орындалғаннан кейiн Басқармамен, комиссияның қорытындысы негiзiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне объектiнi өтеусiз беруге шешiм қабылданады.
Тармақ 15. 5. Қорытынды ережелер
15. Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне беру объектiнi өтеусiз беру шартымен және қабылдау-өткiзу актiсiмен ресiмделедi. Объектiнi меншiкке өтеусiз беру шарттарында үш жылға дейiн объектiлердi сатуға және Коммуналдық меншiк басқармасының келiсiмiсiз объектiге өкiм жүргiзуге болмайды деген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқығына шектеу қарастырылу қажет, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен объектiнi шарттың талаптарына қарама қайшы пайдаланған жағдайда объектiнi Басқармамен алып қоюға құқықты. Мәмiле тiркеу қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 5. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiнi мүлiктiк жалға (жалдауға) немесе меншiгiне кейiннен өтеусiз тапсыру құқығымен сенiмдi басқаруға беру кезiнде туған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады. Аппарат басшысы
Басқа 198
Мемлекеттiк коммуналдық меншiктің пайдаланылмайтын объектiлерiн өтеусіз беру құқығымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың ұсынған ақпараттары негізінде мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе сенімді басқаруға беру Ережесiне № 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасының бастығы ______________________ Жалға немесе сенiмдi басқаруға беру Тапсырысы (заңды тұлғамен толтырылады) Кiмнен:_______________________________________________________, (тапсырыс берген заңды тұлғаның толық атауы)
Тармақ 1
1. Құрамына кiретiн __________________________________________ _________________________пайдаланылмайтын тұрғын-жаймен танысып ______________________________________________________________ (кәсiпорынның аты) бiз, төменде қол қоюшылар, тапсырысқа қол қоюға уәкiлеттiлер, берiлген объектiнi өнеркәсiп мақсатында (халыққа қызмет көрсету) және осы тапсырыста көрсетiлген бiздiң ұсыныстарға сәйкес (керегiнiң астын сызу қажет) жалға пайдалануға (сенiмдi басқаруға) шарт жасасуға келiсемiз.
Тармақ 2
2. Бiздiң тапсырысымызды қараудың қорытындысы туралы шешiмдi мына мекен жайға жiберулерiңiздi сұраймыз: _____________________________________
Тармақ 3
3. Осы тапсырысқа келесi құжаттар қоса берiледi:_______________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) _______________________________________________________________ (уәкiлеттi тұлғалардың лауазымы, Т.А.Ә.) Қолы _____________ "____"____________200__ ж. Қабылданды "____"____________200__ ж. _____сағат____ минут Қолы_____________________ Шартқа қол қойылғанға дейiн осы тапсырыс бiздiң ұсыныстарымызды қабылдау туралы Сiздiң жазбаша хабарламаңызбен бiрге тараптар арасындағы шарт күшi бар құжат болып саналады.
Басқа 202
Мемлекеттiк коммуналдық меншiктің пайдаланылмайтын объектiлерiн өтеусіз беру құқығымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың ұсынған ақпараттары негізінде мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе сенімді басқаруға беру Ережесiне № 2 қосымша Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасының бастығы __________________________ Жалға немесе сенiмдi басқаруға беру Тапсырысы (жеке тұлғамен толтырылады)
Тармақ 1
1. ____________________________________________________________ _________________________пайдаланылмайтын тұрғынжаймен танысып _______________________________________________________________ (кәсiпорынның аты) ________________________________құрамына кiретiн, мен _________ _______________________________________________________________ берiлген объектiнi өнеркәсiп мақсатында (халыққа қызмет көрсету) және осы тапсырыста көрсетiлген менiң ұсыныстарыма сәйкес (керегiнiң астын сызу қажет) жалға пайдалануға (сенiмдi басқаруға) шарт жасасуға келiсемiн.
Тармақ 2
2. Менiң тапсырысымды қараудың қорытындысы туралы шешiмдi мына мекен жайға жiберулерiңiздi сұраймыз: _________________________
Тармақ 3
3. Осы тапсырысқа келесi құжаттар қоса берiледi:_______________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Қолы _____________ "____"____________200__ ж. Қабылданды "____"____________200__ ж. _____сағат____минут Қолы________________________ Шартқа қол қойылғанға дейiн осы тапсырыс бiздiң ұсыныстарымызды қабылдау туралы Сiздiң жазбаша хабарламаңызбен бiрге тараптар арасындағы шарт күшi бар құжат болып саналады.
Басқа 206. 1. ШАРТТЫҢ ЗАТЫ
Мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн (мүліктерін) мүлiктiк жалдауға (жалға) беру Ережесiне № 3 қосымша "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттік мекемесі Мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға (жалдауға) беру туралы № _______ Шарт Өскемен қаласы "____"__________200_ ж. "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы" Шығыс Қазақстан облысының әкiмияты 2003 жылы 03-желтоқсанда № 253 қаулысымен бекiткен Ереженiң негiзiнде әрекет ететiн_______________________ _____________атынан, бұдан әрi "Жалға беруші", бір жағынан және _________________________________________бұдан әрi "Жалға алушы" ________________________________________негiзiнде әрекет ететiн ___________________________атынан екiншi жағынан, осы Шартты төмендегiлер туралы жасасты: 1. ШАРТТЫҢ ЗАТЫ 1.1 Осы Шартқа сәйкес Жалға берушi Жалға алушыға қосалқы жалгерлікке беру құқығынсыз уақытша өтеусіз иеленуге және пайдалануға келесi мүлiктi (бұдан әрi "жалдау объектiсiн") бередi: __________________________________________________ 1.2 Шарттың қолданылатын мерзiмi _______________________ дейiн. 2. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР 2.1 _______________________________________________________ балансындағы_______________________________________________ ____________________________ жалдау объектiсi "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң, бұдан әрi "Басқарма" 200__ ж. "___" _ № ____ Бұйрығының негiзiнде жалға берiледi. 2.2 Жалдау объектiсi мынадай күйде ұсынылады _____________ _____________________________________________________ және ___________________________________________________________ ________________________________________ үшiн пайдаланылады. 2.3 Объектiнi жалға қабылдау-беру және Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына немесе Шартты бұзуға байланысты объектiнi қайтарып алу Жалға берушiнiң, Жалға алушының және Балансұстаушының өкiлдерiнен тұратын комиссиямен, Жалдау шартының бiрден-бiр бөлiгi саналатын және объектiнiң қабылдау-беру мезетiндегi толық техникалық мiнездемесi енгiзiлген қабылдау-беру актiсiн жасасу арқылы жүзеге асырылады. 2.4 Тараптардың заңды статусының немесе ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруi Шарттың мәнiн өзгерте алмайды, барлық құқықтары және мiндеттерi, тараптар Шартты бұзуға, өзгерту енгiзуге ниет бiлдiрген немесе құқық нормалары оны қайта ресiмдеудi талап еткен жағдайларды қоспағанда тиiстi құқық иеленушiлерге ауысады. Мұндайда тараптар заңды статустарының өзгеруi туралы қайта тiркеу фактiсiнен кейiн 10 күннен кешiктiрмей бiр-бiрiне хабарлауға мiндеттi. 3. ТАРАПТАРДЫҢ МIНДЕТТЕМЕЛЕРI 3.1 Жалға берушi мiндеттi: 3.1.1 Объектiнi осы Шартта қарастырылған қабылдау-беру актiсi бойынша беруге.
Тармақ 3.1.2
3.1.2. Жалға алушыға жалдау объектісін пайдалану қызметін осы Шартта талаптарының кезделген мақсатпен жүзеге асыруға кедергі жасамауға. 3.1.3 Жалға алушыны Шарттың талаптарының өзгеруi, сонымен бiрге жалдау төлемiнiң өзгеруi туралы байланыстың кез-келген түрiн пайдалана отырып 15 күн бұрын хабардар етуге. 3.1.4 Жалдау төлемiнiң мөлшерiн нормативтiк актiлердiң өзгерiстерiн қоспаған жағдайда, жылына бiр реттен жиi өзгертпеуге. 3.2 Жалға алушы мiндеттi: 3.2.1 Объектiнi осы Шартта көрсетiлген қабылдау-беру актiсiмен қабылдауға. 3.2.2 Жалдау төлемiн уақытымен өткiзуге. 3.2.3 Жалдау объектiсiн тек осы Шартта қарастырылған мақсатпен пайдалануға. 3.2.4 Объектiнi тиiстi қалыпта ұстауға, объектiге немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияларға зақым келтiретiн iс-әрекет жасамауға және объектiнi ағымды ұстауға шығатын барлық шығындарды (коммуналдық төлемдер, күзет, өрт қауiпсiздiгi, ағымды жөндеу және т.б.) көтеруге. 3.2.5 Объектіні және онда орналасқан жүйелер мен коммуникацияларды Басқармамен жазбаша келіспей жақсарту, қайта жоспарлау, қайта салу, құрылысты аяқтау жұмыстарын жүргізбеуге.
Тармақ 3.2.6. 4. ЖАЛГЕРЛIК ТӨЛЕМI ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТIБI
3.2.6. Объектiге және оған жататын жер телiмiне Басқарманың, санитарлық қадағалау қызметтерiнiң және басқа да ғимаратты пайдалану тәртiбiне қатысты заңдар мен нормалардың сақталуын бақылайтын мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн кiргiзуге және олар бекiткен мерзiмде белгiлеген кемшiлiктерiн жоюға. 3.2.7 Жалдау шартын бұзғаннан немесе қолдану мерзімі біткеннен кейiн 15 күннiң iшiнде объектiнi одан әрi пайдаланылатын және жалға бергендегiден төмен емес қалпында қайтаруға. 3.2.8 Балансұстаушымен Жалдау шартына отырғаннан кейiн бiр айдың iшiнде жердi пайдалану құқығы мәселесiн келiсуге. Объектiнi сәулет, тарих, мәдениет ескерткiшi ретiнде сақтауға бағытталған шарттарды орындауға. Шарт бір жылдан жоғары мерзімге бекітілгенде, мемлекеттік тіркеу жүргізуге. 3.2.9 Жалдаудан одан әрi бас тартқан немесе жалдауға алған алаңның мөлшерi және жалдау талаптары өзгерген жағдайда, Басқарманы бас тартқан шамадан бiр ай бұрын жазбаша ескертуге. 4. ЖАЛГЕРЛIК ТӨЛЕМI ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТIБI 4.1 Жалгерлiк төлемнiң мөлшерi айына ____________________ теңгенi құрайды (есебi қоса берiледi). 4.2 Жалгерлiк төлемi Жалға алушымен жалдау объектісі орналасқан жердегі салық комитетiне ай сайын ағымдағы айдың 15-нен кешiктiрiлмей аударылады. 4.3 Жалгерлiк төлемi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң күнтiзбелiк жыл басында қолданылған қайта қаржыландыру мөлшерiне қарай жалгерлiк төлемiн арттыру арқылы тараптармен қайта қаралады. 4.4 Жалға алушы алдын-ала, бір жылдың мөлшерінен аспайтын жалгерлiк төлемiн төлеуге құқықты. 4.5 Басқарманың ынтасымен Шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда (Шарттың 6.4 тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда) алдын-ала төлеген жалгерлiк төлемi Жалға алушыға қайтарылады. 4.6 Жалға алушының ынтасымен Шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда онымен алдын-ала төленген жалгерлiк төлемi қайтарылмайды. 5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI 5.1 Жалға алушымен осы Шартта қарастырылған жалгерлiк төлемiн уақытында аудармағаны үшiн, ол әр мерзiмi өткен күнiне төлем ақысының 0,50 пайызы мөлшерiнде өсiм төлейдi. 5.2 Тежеусiз күш жағдайлары пайда болған жағдайда тараптар мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн, олар басталған күннен 10 күн iшiнде бiрiне жазбаша хабарлама берген жағдайда ғана босатылады. 5.3 Осы Шартта қарастырылған жағдайлардан басқа, тараптарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгiленген жауапкершiлiктер жүктеледi. 6. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР 6.1 Коммуналдық төлемдер Жалға алушымен Балансұстаушымен Шартта белгiленген мерзiмдерге сәйкес немесе қызмет көрсететiн ұйымдармен тiкелей төленедi. 6.2 Осы объектісі қатысты Балансұстаушымен жасалған қандай-да болсын қалған барлық Шарттар осы Шарт бекітілгеннен кейін күшін жояды. 6.3 Жалдау объектісіне Басқарманың келісімімен жақсартулар жүргізілген жағдайда Жалға алушы шыққан шығындарын өзара есепке алу ретінде тиісті құжаттарды ұсынғаннан және Басқармамен берілген өзара есепке алу өткізген бұйрық шыққаннан кейін, жалгерлік төлем есебінен қайтарып алуға құқықты. 6.4 Жалға берушінің ынтасымен жалдау Шарты мынадай жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн: 6.4.1 Егерде жалдау төлемi екi айдан артық төленбесе; 6.4.2 Жалға алушымен жалдау Шартының талаптары бұзылғанда; 6.4.3 Егер Жалға алушы екi ай бойы жалдау объектiсiн пайдаланбаса немесе оны басқа мақсатта пайдаланса; 6.4.4 Жалға алушы заңды тұлға ретiнде жойылса; 6.4.5 Жалға алушыға оның жазбаша келiсiмi бойынша басқа объект ұсынылса; 6.4.6 Егер Жалға алушы әдейi немесе бiлместiктен жалдаған объектiсiнiң халiн елеулi нашарлатса; 6.4.7 Егер Жалға алушы жалдаған объектiсiн немесе оның бөлiмшелерiн қосалқы жалгерлiкке, кепiлдiкке, жарғылық капиталына енгiзгенге және басқадай бергенде; 6.4.8 Жалдау Шарты Жалға берушінің ынтасымен соттаспайтын тәртіппен заңнамада және Шартта қарастырылған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. 6.5 Жалдау Шарты Жалға алушының ынтасымен 3.2.9 тармақтың талаптары сақтала отырып мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн. 6.6 Тараптар сот белгiлеген тәртiппен ымыраға келе алмаған жағдайда барлық даулы мәселелердi келiсiм жүргiзу арқылы шешедi. 6.7 Жалға берушiге объект уақытында қайтарылмаған жағдайда Шарттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін, Жалға алушыдан объектiнi пайдаланған барлық мерзiмнен бес есе мөлшерде төлем өндiрiледi және қоныс аударуға мәжбүр ететін қуыным қойылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 561 бабы 3 тармағы). 6.8 Одан әрi жалгерлiктен бас тартқан жағдайда (сонымен бiрге мерзiмiнен бұрын) ол үш күн мерзiм iшiнде төленбеген қарыздарын өтеуге мiндеттi және Балансұстаушыға акті бойынша кілтті тапсырады, ал орындамаған жағдайда, одан объектiні пайдаланған барлық уақыттың төлемі өтелетін болады. 6.9 Жалға алушымен жалдау объектiсi еркiн сақтандыруға жатады. Жалға берушi объектiдегi Жалға алушының мүлкiнiң сақталуына жауапкершiлiк артпайды. 6.10 Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін тараптардың ешқайсысы оны бұзуға тілек білдірмеген жағдайда, Шарт белгісіз мерзімге дейін ұзартылған деп саналады және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. 6.11 Осы Шартқа өзгерiстер мен толықтырулар, егер олар тараптардың қосымша келiсiмiмен ресiмделгенде ғана iс жүзiнде қолданылады. 6.12 Жалға берушi Жалға алушы мен салық комитетіне, Жалға алушының шотына түскен жалгерлік төлем туралы хабар алмастыруға қарсылық көрсетпейді және құқық береді. 7. ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР 8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 8.1 Шарт мемлекеттiк және орыс тiлiнде, бiрдей заңды күшi бар төрт данада жасалған, оның екеуi Жалға берушiде, екеуi Жалға алушыда қалады. Қосымшалар:
Тармақ 1
1. Жалгерлiк төлем есебi ______________________________ парақта
Тармақ 2
2. Қабылдау-беру актiсi _______________________________ парақта ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ Жалға берушi Кәсiпкер "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Өскемен қаласы Горький көшесi, 61, тел.26-31-87, 26-96-23, 26-46-71 Қолы _________________ Т.А.Ә. Мекен жайы Телефоны СТН Банк, есеп шоты МФО және кор/шоты Қолы____________________ Келiсiлдi: "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң заңгерi.