О мерах по борьбе с волками Күшін жойған
Басқа 0
Қасқырлармен күресу шаралары туралы
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21-қазандағы N 3300 Заңының 17-бабын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасын, "Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5-қыркүйектегі N 1230 қаулысын басшылыққа ала отырып және Шығыс Қазақстан облыстық орман және аң аулау басқармасының ұсынысын ескере отырып Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аңшыларды қаржылай ынталандыру мақсатында ұсталынған әрбір ересек қасқыр (терісінің құнын санамағанда) үшін алты мың теңге және бөлтірігі үшін екі мың теңге мөлшерінде сыйақы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қасқырлармен күресті ұйымдастыру мен аңшыларды қаржылай ынталандыруға қаржы бөлудің қоса беріліп отырған тәртібі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі басқармасы арнайы уәкілетті органдардың ұсыныстарын ескере отырып, "Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды өткізу" бюджеттік бағдарламаның паспортында жыртқыштарды атуға жыл сайын қаржы бөлуді қарастырсын.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облыстық орман және аң аулау шаруашылығының аумақтық басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша аңшылар мен балықшылар қоғамы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) қоғам мүшелерінің, жергілікті және қатыстырылған аңшылардың қатысуымен аңшылық бригадалардың қасқырларды атуы ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) өткізілген жұмыс туралы жыл сайын 1-шілдеге және 1-қаңтарға дейін облыстық әкімиятты хабарландырып отырсын.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша аңшылар мен балықшылар қоғамына, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және аң аулау шаруашылығының басқармасына атып алынған жыртқыштардың терілерін жинау, қабылдау, қайта өндіру және өткізу мәселелерін шешу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.М.Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 10. Қасқырлармен күресті ұйымдастыру мен аңшыларды
қаржылай ынталандыруға қаржы бөлудің тәртібі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімиятының қаулысына
2004 жылғы 29 cәуірдегі № 450
қосымша
Қасқырлармен күресті ұйымдастыру мен аңшыларды
қаржылай ынталандыруға қаржы бөлудің тәртібі
Тармақ 1
1. Жыртқыштармен күреске бөлінетін қаржыны Шығыс Қазақстан облыстық табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі басқарма тиісті жылға жасалған "Қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды өткізу" бюджеттік бағдарламасының паспортында қарастырылған шығындар көлемінде бөледі.
Тармақ 2
2. Тендерді ұтып алған өз қызметін ұсынушы (ары қарай - атқарушы) жасасқан шартқа сәйкес қасқырларды жоюды, қасқырлардың терілерін жинау мен сараптамаға жеткізуді есепке алуды, есеп беруді және аңшыларға сыйақы төлеуді ұйымдастырады.
Тармақ 3
3. Атқарушы Шығыс Қазақстан табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі басқармаға ай сайын бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдаланылып жатқанын дәлелдейтін мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) шартпен қаралған жұмыстардың орындалуына берілетін акт;
Тармақша 2
2) төлем құжаттарының көшірмесі;
Тармақша 3
3) қасқырдың жойылуын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі.
Тармақ 4
4. Қасқырдың жойылуын дәлелдейтін құжат, құрамында орман және аңшылық шаруашылығын аймақтық басқармасының облыстық ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі басқарманың, аңшылар мен балық аулаушылар бірлестігінің табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі облыстық басқарманың және облыс әкімі аппаратының өкілдері кіретін комиссиямен жүргізілген сараптама актісі болып табылады.
Тармақ 5
5. Атып алынған жыртқыштың терісі аңшының меншігі болып табылатындықтан және ол теріні өз қалауынша пайдалана алатындықтан сараптамадан кейін тері аңшының қалауы бойынша өзіне қайтарылады.
Тармақ 6
6. Қайталанып беру мүмкіндігін болдырмау мақсатында терілердің бөліктері сараптамадан кейін комиссияның қатысуымен дереу жойылады және бұл туралы сараптама актісінде белгі қойылады.
Тармақ 7
7. Сыйақының төленуі атқарушыға тікелей немесе аңшының сенімді адамына жеке куәлігін ұсынғаннан кейін берумен іске асырылады.
Орман және аңшылық
шаруашылығының ШҚ облыстық
аумақтық басқармасының бастығы