Об образовании региональной комиссии по прогнозированию потребности бюджетной сферы в квалификацированных рабочих специалистов Күшін жойған
Басқа 0
Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Г.А. Марченкода өткен кеңестің 2004 жылғы 19-қаңтардағы № 24-11/005-683 хаттамасына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 21)-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітілуіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Н. Сухоруковаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы
әкімиятының 2004 жылғы
26 сәуірдегі № 441
қаулысына қосымша
Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі-Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Комиссияны құрудың мақсаты облыстың бюджет саласындағы мемлекеттік органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау мәселелері жөніндегі іс-әрекетін үйлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Комиссия өз іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, "
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
", "
Халықты жұмыспен қамту туралы
" Қазақстан Республикасының Заңдарын, өзге нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі қызметтері
2. Комиссияның негізгі қызметтері
Тармақ 2
2. Комиссия өз іс-әрекетінің барысында мынадай міндеттер мен қызметтерді атқарады:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органдардың Шығыс Қазақстан облысында орналасқан білікті кадрларға сұранысты болжау мәселелері жөніндегі бюджет саласының мекемелері және ұйымдарымен бірлесіп әрекет жасау;
Тармақша 2
2) кадрларды кәсіби даярлаумен айналысатын жергілікті органдар мен мекемелерге бюджет саласының білікті жұмысшылар мен мамандарға сұранысын болжау әдістемесін енгізу және зерттеу жөніндегі әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсету;
Тармақша 3
3) бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау проблемалары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Тарау 3. 3. Комиссияның іс-әрекетін ұйымдастыру
3. Комиссияның іс-әрекетін ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия мәжілісін төраға немесе оның тапсырмасы бойынша - қажеттікке байланысты төрағаның орынбасары, бірақ жылына екі реттен кем емес шақырады. Комиссияның мәжілісі, Комиссия мүшелерінің 2/3 қатысса, ақиқат болып есептеледі.
Тармақ 4
4. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, Комиссияның ұсыныстарын әзірлеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие болып ашық дауыс берумен қабылданады, егер Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көбі ол үшін дауыстарын берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 6
6. Комиссия мәжілістерін өткізу нәтижелері бойынша төраға мен хатшының қолдары қойылған хаттама әзірленеді.
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмыс органы болып Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы табылады.
Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің аппараты басшысының
орынбасары