Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" 2000 жылдың 20 сәуірдегі № 377 Жарлығын жүзеге асыру, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың аталған міндеттерді орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімияты жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімияты жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің Ережесі ұсынылып отырған № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 5 сәуірдегі "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" № 64 қаулысы бұзылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын өз бақылауыма аламын.
Басқа 5. Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тасқала ауданы әкімиятының 2004 жылғы 22 сәуірдегі № 65 қаулысымен бекітілді № 1 қосымша Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 6. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімияты жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және атқарушы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі қызметінің ведомствоаралық үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, басқа да нормативтік құқықтық актілер және осы Ереже негізінде жүргізеді.
Тарау 9. Кеңестің негізгі мақсаты
Кеңестің негізгі мақсаты
Тармақ 4
4. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірыңғай мемлекет саясатын жүргізу.
Тармақ 5
5. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті әрі қарай нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу жүйесін қалыптастыру, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту,осы қызметке бүкіл мемлекеттік органдарды тарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күресте мемлекеттік органдарының рөлін және жауапкершілігін жоғарлату.
Тарау 13. Кеңестің негізгі міндеттері
Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 7
7. Ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту.
Тармақ 8
8. Аудандағы қалыпты құқықтық жағдайды талдау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар жоспарын қарау және бекіту.
Тармақ 9
9. Сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды жою үшін мемлекеттік қызметті жетілдіру.
Тарау 17. Кеңестің қызметі
Кеңестің қызметі
Тармақ 10
10. Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және құқық бұзушылыққа қарсы күресте кешенді шаралар әзірлеу және жүргізу, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық үшін жағдай туғызатын себептерді анықтау және жою.
Тармақ 11
11. Қылмыс көріністері мен құқық бұзушылықты жоюда жергілікті мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру.
Тармақ 12
12. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күресте, тиісті лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар дайындау.
Тармақ 13
13. Қылмыс пен сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімі шешімдерінің орындалуына бақылау жасау.
Тарау 22. Кеңестің құқықтары
Кеңестің құқықтары
Тармақ 14
14. Өз міндеттеріне сәйкес Кеңестің мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдармен іс-әрекеттер жүргізуге, кеңес мақсаттарын жүзеге асыру үшін мамандарды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) кеңес мақсаттарын іске асыру үшін заңда бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан құжаттар сұрауға және оларды алуға;
Тармақша 4
4) кеңес мақсаттарын іске асыру мәселелеріне қатысты кеңес отырысына бірінші басшыларды шақыруға, олар жоқ болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының міндетін атқарушы тұлғаларды шақыруға.
Тарау 28. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Кеңес құрамын аудан әкімі белгілейді.
Тармақ 16
16. Кеңес құрамына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы мен кеңес мүшелері кіреді.
Тармақ 17
17. Кеңес төрағасы кеңес қызметіне жетекшілік жасайды, кеңес отырысында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, кеңес шешімдерінің орындалуына жалпы бақылау жүргізеді және кеңес қызметіне жауапты болып табылады. Төраға жоқ болған жағдайда оның функцияларын кеңес төрағасының орынбасары атқарады.
Тармақ 18
18. Кеңес хатшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар дайындайды, қажетті құжаттаманы әзірлейді, кеңес өткізілгеннен кейін оның хаттамасын рәсімдейді.
Тармақ 19
19. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай жоспар бойынша өткізіледі, бірақ тоқсанына бір отырыстан кем болмауы тиіс.
Тармақ 20
20. Кеңес шешімі ашық дауыс беру бойынша қабылданады, кеңес мүшелері өз көзғарастарын білдіруге құқықтары бар. Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген шешім қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда, төрағаның дауыс берген шешімі қабылданады.
Тармақ 21
21. Кеңес отырысы хаттамамен ресімделіп, оны төраға бекітеді.