О закреплении рыбохозяйственных водоемов и рыбопромысловых участков за рыбозаготовителями области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындары мен балық кәсіпшілігі учаскелерін облыстың балық дайындаушыларына бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО облысы әкімінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 842 шешімімен. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына және «Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық аулау мен теніз қаюанын (тюлень) өндіру көлемдерін (лимиттерін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі №293 қаулысына сәйкес және облыстың балық шаруашылығынын тиімділігін арттыру және балық ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстың балық шаруашылығы су айдындары мен балық кәсіпшілігінін учаскелері негізгі және басқа табиғатты пайдаланушыларға бекітілсін және шарттар жасалсын, белгіленген лимит шеңберінде (№1 қосымша) балық аулау, өндеу және өткізу құқысы берілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардын әкімдеріне «Зайсанертісбалыққорғау» бассейндік басқармасымен (Әубәкіров Ж. Қ.) және су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі облыстық басқармасымен (Вотяшов А. И. ) бірге балык кәсіпшілігіне маңызды ішкі су айдындарын (өзендерді, көлдерді, тоғандарды, су қоймаларын) занды және жеке тұлғалардың жеке пайдалануларына беру мүмкіндіктерін белгіленген тәртіпте қарау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. «Зайсанертісбалыккорғау» бассейндік басқармасына (Әубәкіров Ж. Қ.) және жануарлар, өсімдіктер дүниесін және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын қорғау, ұдемелі өсіру және пайдалану үшін мемлекеттік бақылаудын облыстық инспекцясына (Черанев В.Г) барлық табиғатты пайдаланушылардың «Қазакстан Республикасында балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы Ережені» қатаң сақтау негізінде мыналар міндеттелсін:
Тармақша 1
1) «Балық шаруашылығын дамыту, өндеуші қуаттарды пайдалануды дамыту және балық өнімдерін өткізу рыногын кенейту жөніндегі шаралар туралы» облыс Әкімінің 1996 жылғы №63-к шешімін толық көлемінде орындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) браконьерлікті болдырмау, балық ресурстарын ұдемелі арттыру және пайдалануды ұйымдастыруды жақсарту жөнінде нақты шаралар белгілесін;
Тармақша 3
3) балық аулау Тәртібін бұзуға кінәлілерді әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдар колданылып жүрген заңда көзделген тәртіпте тиісті органдарға жіберілсін;
Тармақша 4
4) белгіленген лимитті игермегені және биоресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдерді шартта көзделген мерзімдерде төлемегені үшін балық дайындаушылар бекітілген балық кәсіпшілігі учаскесінде балық аулау құқысынан айырылсын;
Тармақша 5
5) барлық табиғатты пайдаланушылардан бекітілген балық шаруашылығы су айдындары мен балық кәсіпшілігі учаскелерінде балық- сумелиоративті және санитарлық-сауықтыру шараларының кешенін жүргізу талап етілсін.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсін. «Зайсанертісбалыққорғау» бассейндік басқармасынын бастығы Ж.Қ.Әубәкіровке саладағы іс жағдайы туралы ақпаратты ай сайын облыс Әкімінін аппаратына беру міндеттелсін.
Басқа 10. 1998 жылы табиғатты пайдаланушьшарға бекітілген Бұқтырма және Шульба су қоймаларынын, балық кәсіпшілгі учаскелерініп тізбесі
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінін 1998 жылғы «21.07» № 548 шешіміне № 1 қосымша 1998 жылы табиғатты пайдаланушьшарға бекітілген Бұқтырма және Шульба су қоймаларынын, балық кәсіпшілгі учаскелерініп тізбесі Зайсанертісбалыққорғау бастығы Ж. ӘУБӘКІРОВ