Об утверждении Условий и Правил выдачи разрешения на право осуществления деятельности оператора электронной торговой площадки по продаже банковских и микрофинансовых активов Қолданыста
Басқа 0
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-19-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 47 Қаулыға
қосымша
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 15-19-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның – көрсетілетін қызметті берушінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
Тармақ 2
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік реттеу туралы заңда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мағыналарда қолданылады.
Тармақ 2-1
2-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Тарау 2. 2-тарау. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібі
2-тарау. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібі
Тармақ 3
3. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты (бұдан әрі – оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат) алу үшін заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса бере отырып ұсынады.
Тармақ 4
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге қағаз жеткізгіште тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылып, электрондық түрде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынылады.
Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, қосып жазылған не сызылған сөздері және оларда айтылмаған өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш, құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі-жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтініш берушіге өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды Мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтініш беруші ұсынған құжаттарды Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – сәйкестік туралы акт) алу үшін уәкілетті органның комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.
Тармақ 8
8. Ұсынылған құжаттар Мемлекеттік реттеу туралы заңның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-19-бабының 7-тармағында көзделген оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту негіздерін қоспағанда, жауапты бөлімше Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде өтініш берушіге пошта арқылы, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы оларды жою және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін оларды жою мерзімін көрсете отырып, ескертулері бар хат жолдайды.
Тармақ 9
9. Комиссия 40 (қырық) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындауды және оған қол қоюды жүзеге асырады.
Комиссия сәйкестік туралы актіні жасайды және тексерілетін өтініш берушінің өкіліне қол қоюға жібереді. Егер Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және сәйкестік туралы актіге қол қоймаса, онда ол Комиссияға өзінің бас тарту себептері туралы жазбаша нысанда ақпарат береді, ол сәйкестік туралы актіге қоса беріледі.
Сәйкестік туралы акт Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған кезде жасалған болып есептеледі.
Қол қойылған сәйкестік туралы актіні өтініш берушіден 5 (бес) жұмыс күні ішінде алмаған жағдайда, актіні алмау фактісі туралы тиісті белгі қойылады және Қағидалардың 12-тармағына сәйкес шешім қабылданады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-19-бабының 7-тармағында көзделген оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау оператордың қызметін жүзеге асыру құқығын беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы өтініш берушіге Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.
Тармақ 12
12. Комиссияның өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше комиссия сәйкестік туралы актіні ұсынғаннан кейін 10 (оң) жұмыс күні ішінде оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартудың жобасын дайындайды және уәкілетті органның уәкілетті тұлғасына қарауға жібереді. Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуға қол қояды.
Тармақ 13
13. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына қол қойылғаннан не уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартқаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш берушіге порталдағы жеке кабинетке сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
Тармақ 14
14. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат Қағидаларға 4- қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 15
15. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жазбаша түрде жүргізіледі.
Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды адамы жүргізеді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Уәкілетті органның атына келіп түскен оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру мәселелері бойынша өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Тармақ 16
16. Шағымда:
Тармақша 1
1) шағымды қарайтын органның атауы;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің толық атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан орны;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның толық атауы және (немесе) шешімі (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
Тармақша 4
4) шағым берген адам өзінің талаптары мен дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;
Тармақша 5
5) шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні;
Тармақша 6
6) шағымға қоса берілетін құжаттар тізбесі көрсетіледі.
Шағымға өтініш беруші не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.
Тармақ 17
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Банктік және микроқаржы активтерін
сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат беру
шарттары мен қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Банктік және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Өтініш беруші құжаттарды берген күннен бастап 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде
5
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі
1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама;
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат.
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Банктік және микроқаржы активтерін сататын оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесі
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш (мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесін автоматтандыру кезінде).
2) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында құрылтай құжаттары болмаған немесе уәкілетті органның оларды «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуы мүмкін болмаған жағдайда, олардың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер
Уәкілетті орган оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден кез келген мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) өтініш берушінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес тыйым салынған қызмет түрін жүзеге асыруы;
2) өтініш берушінің Заңның 15-18, 15-19-баптарында және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты өтініш берушіге оператор қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болатын болса;
4) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерді белгіленген мерзімде жоймауы.
10
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Басқа 2. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш
Банктік және микроқаржы
активтерін сататын электрондық
сауда алаңы операторының
қызметін жүзеге асыру
құқығына рұқсат беру
шарттары мен қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі» республикалық
мемлекеттік мекемесі
(БСН 191240019852)
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш
__________________________________________________________________
(өтініш беруші-заңды тұлғаның толық атауы)
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруді сұрайды.
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Тармақ 1
1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі, факс)
Тармақ 2
2. Өтініш берушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
туған күні және жылы, байланыс телефондарының
нөмірлері, жеке сәйкестендіру нөмірі
Тармақ 3
3. Толық төлемді растайтын құжаттардың деректемелерін көрсете отырып, жарғылық капитал мөлшері: төлем тапсырмалары, кіріс кассалық ордерлер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін)
___________________________________________________________________
Өтініш беруші өзінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-18-бабының 4-тармағында және 15-19-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының ішкі қағидалары туралы ақпарат
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің бірінші басшысының немесе
уәкілетті органы шешімінің нөмірі, күні және атауы)
Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар саны
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Өтініш беруші өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толығымен растайды.
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20___ жылғы «____» ___________
Өтініш беруші өтініш беруге уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қолы)
Басқа 3. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға
Банктік және микроқаржы активтерін
сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге асыру
құқығына рұқсат беру шарттары
мен қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға
сәйкестігі туралы акт
_____________________
20__ жылғы «__» _________
жасалған күні
берілген күні
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңының операторына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні дайындаған:
уәкілетті органның өкілдері:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Комиссияның жұмысына өтініш берушінің өкілдері қатысады:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________.
Тексерілген объектілер мен комиссия зерделеген құжаттардың нақты сипаттамасы:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________.
Өтініш беруші өкілдерінің түсініктемелерінің қысқаша мазмұны:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________.
Комиссияның ____________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексеру нәтижелері бойынша мыналар анықталды:
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________.
(қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) және ұйымның ақпараттық қызметтер
нарығында қызмет етуін бастау (жалғастыру) үшін жеткіліктілігі (жеткіліксіздігі)
Өтініш беруші _____________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
Осы сәйкестік актісіне мынадай техникалық құжаттаманы және комиссия актіне қоса берілген өзге құжаттарды ұсынды:
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________.
Комиссия мүшелері:
__________
_________________________________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________
келісілді (келісілмеді)
__________
_________________________________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________
келісілді (келісілмеді)
__________
______________________________________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________
келісілді (келісілмеді)
Комиссия жетекшісі:
__________________________________________________________________________________
(қолы)
Басқа 4. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда
алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат
Банктік және микроқаржы активтерін
сататын электрондық сауда алаңы
операторының қызметін жүзеге асыру
құқығына рұқсат беру шарттары
мен қағидаларына
4-қосымша
Нысан
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бланкісінде басылады)
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда
алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат
Нөмірі ____________
Берілген күні 20__ жылғы «____» ________
________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
осы банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат берілді.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөр орны