Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Жанибекского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек ауданы аумағындағы жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына және Жәнібек аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 1 тамыздағы №6 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жәнібек ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары М.Б.Бисенов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.