О расширении категории получателей услуг инватакси Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қаласы аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
Тармақша 1
1) тірек-қимыл аппараты бұзылған 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 2
2) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 5
5) церебралды параличі бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) Арқалық қаласы аумағында гемодиализ алатын «Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ) V сатысы (терминалдық)» диагнозы бар тұлғалар инватакси қызметін алушылардың санатымен кеңейтілсін
Тармақ 1-1
1-1. Арқалық қаласы аумағында инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесін келесі объектілер мен межелі пункттер тізбесімен кеңейтілсін: қоғамдық моншалар
Тармақ 1-2
1-2. Жұмыс істемейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ай сайынғы жол жүру сағаттарының саны 15 сағатқа дейін ұлғайтылсын, яғни қосымша 9 сағат берілсін
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.