Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Жанаказанского, Мастексайского, Жанажолского, Копжасарского сельских округов Жангалинского района Күшін жойған
Басқа 0
Жаңақала ауданының Жаңақазан, Мастексай, Жаңажол, Көпжасар, ауылдық округтері аумағындағы жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 01 тамыздағы № 05-21/755 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, Жаңақала ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданының Жаңақазан, Мастексай, Жаңажол, Көпжасар, ауылдық округтері аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Кажиев Ерлан Еркінұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.