Об образовании Государственной инспекции труда по Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты ШҚО әкімінің 2001 жылғы 13 наурыздағы шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Еңбек қорғау туралы" Заңына (8-бап) және Республикалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң 16 наурыз 1998 жылғы "Қазақстан Республикасындағы еңбек және еңбектi қорғау туралы заң жиынтықтарын бұзбауына мемлекеттiк бақылауын күшейту туралы" бұйрығына сәйкес
ШЕШЕМIН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы еңбек және еңбектi қорғау заңдарын бұзбауына Мемлекеттiк бақылаумен қамтандыру мақсатымен аймақтық деңгейде еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Бас басқармасының жанынан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттiк еңбек инспекциясы Мемлекеттік еңбекті қорғау инспекциясы бөлiмi, Мемлекеттiк еңбек жағдайын сараптау, еңбек жағдайын жабдықты зерттеу бөлiмi және еңбек ақы мен өмiр деңгейi бөлiмдерi негiзiнде құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының "Еңбек қорғау туралы" Заңына қосымшалар мен өзгертулер енгiзу жөнiндегi актiлерi қабылданғанша осы ұсынылып отырған облыстық Мемлекеттiк еңбек инспекциясы мен Мемлекеттiк еңбек инспекторы (Мемеңбекинспекторы) туралы уақытша Ереже бекітiлсiн.
Тармақ 3
3. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Бас басқармасы ұсынған облыстық Мемлекеттiк еңбек инспекциясының құрылымы бекiтiлсiн (қосымшада).
Тармақ 4
4. Қала және аудан Әкiмдерi Қазақстан Республикасындағы еңбек және еңбектi қорғау заң жиынтықтарының аумақтарда орындауын мемлекеттiк бақылауға алу жөнiнде тиiстi шешiмдер қабылдасын, аудандық, қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң құрылымына штаттық кестелерге сәйкес екiден кем емес Мемлекеттiк еңбек инспекторларды енгiзудi көздесiн.
Тармақ 5
5. "Еңбек қорғау туралы" Заңның 9 бабына байланысты Мемлекеттiк қорғау және қадағалау органдарының өкiлеттi иегерi болып облыстық, қалалық және аудандық Мемлекеттiк еңбек инспекторы саналсын, тиiстi құқықтар, оның iшiнде Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзу жөнiндегi заңдарына сәйкес жұмыс берушiлерге, қызметкер тұлғаларға және басқа да ұйым еңбеккерлерiне, тәуелсiз меншiк түрлерiне, еңбек және еңбектi қорғау заң жиынтықтарын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзушы кінәлiлерге орнатылған тәртiптерге сәйкес айып салу құқығы берiлсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасына (Құрманғалиев А.А.) Мемлекеттiк еңбек инспекциясының қалыпты қызметiн ұйымдастыру үшiн еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Бас басқармасы 1998 жылға бекiткен шығын сметасын толық көлемiнде қаржыландыруын қамтандыру.
Тармақ 7
7. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Бас басқармасына (Шерубаев А.С.) 1999 жылдың шығынында Мемлекеттiк еңбек инспекциясына оргтехника, жабдықтар алу, мемлекеттiк еңбек инспекторларды оқыту және iс сапар мақсаты есептелсiн.
Әкiм аппаратының басшысы Т.Т.Ибраевқа, Мемлекеттiк еңбек инспекциясының жұмысы аралап-iстеу екендiгiн ескере отырып, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына бiр жеңiл автокөлiкке лимит бөлiнсiн, және оны ортақ лимиттен бөлсiн.
Тармақ 8
8. Жұмыс зонасының ауасын жедел бақылауды, ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiн еңбек шарты бойынша аттестациялауды сапалы жүргiзу үшiн облыстық Мемлекеттiк еңбек инспекциясының УАЗ-452 (фургон) автокөлiк негiзiнде жасалған жылжымалы зерттеу лабораториясы сақталынып қалынсын.
Тармақ 9
9. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Бас басқармасына (Шерубаев А.С.)iшкi қайта бөлу есебiмен Мемлекеттiк еңбек инспекциясының штатын мамандармен және қызмет көрсетушi персоналдармен күшейту көзделсiн.
Тармақ 10
10. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.
Басқа 11. Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттiк
еңбек инспекциясының
Шығыс Қазақстан облысы
Әкiмiнiң шешiмiмен 1998 жылы
17 тамыз№N 565 болып
БЕКIТIЛГЕН
Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттiк
еңбек инспекциясының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясының бастығы
- облыстық Мемлекеттiк Бас еңбек инспекторы
Тармақ 2
2. Еңбек қорғау инспекциясының бөлiмi
Тармақ 3
3. Құқықтық еңбек инспекциясының бөлiмi
- еңбек қатынасы және өмiр деңгейi секторы
Тармақ 4
4. Еңбек жағдайы мен тазалық инспекциясының бөлiмi
- еңбек жағдайын жабдықтауды зерттеу бөлiмi
- жылжымалы зерттеу лабораториясы
Тармақ 5
5. Еңбек қорғау кабинетi
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау Бас басқармасының бастығы
А.С. Шерубаев