Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Торайгырского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 06 тамыздағы кезектен тыс отырысының №10 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін улы өрмекші қарақұрттың болуы мен таралуына байланысты Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Еркин Темирболатович Арыстанбеков тағайындалсын және уәкілетті органдармен табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Баянауыл ауданының экономика және қаржы бөлімі табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін қаржы қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.