Об утверждении Правил обмена сведениями о призванных на срочную воинскую службу военнослужащих, а также их увольнении, наличии либо отсутствии банковского займа, микрокредита, предоставлении отсрочки платежа по договору банковского займа, договору о предоставлении микрокредита Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-2 және 3-3-тармақтарына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-6-тармағына, 7-бабы 2-тармағының 11-2) тармақшасына, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Басқа 0. Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы __________ № ___ қаулысымен бекітілді Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-2 және 3-3-тармақтарына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-6-тармағына, 7-бабы 2-тармағының 11-2) тармақшасына, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың және кредиттік бюролардың арасында мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ЖРАЖ ИШ – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жұмылдыру ресурстарының автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзі» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 2
2) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 3
3) кредитор – екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, коллекторлық агенттік;
Тармақша 4
4) кредитор сервисі – мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтер алуға және кредиттік бюроларға мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша ұсынылған төлемді кейінге қалдыру туралы мәліметтер беруге арналған сервис;
Тармақша 5
5) кредиттік бюро сервисі – мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтер алуға және кредиторларға мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтер беруге арналған сервис.
Тарау 2. 2-тарау. Банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
2-тарау. Банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
Тармақ 3
3. Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролар арасындағы өзара іс-қимыл мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ЖРАЖ ИШ сервис арқылы мерзімді әскери қызметке шақырылған әрбір әскери қызметші бойынша кредиттік бюроларға мынадай мәліметтерді береді: ЖСН; тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе); туған күні; әскер қызметке қатысты мәртебесі; облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрығының шығарылған күні;
Тармақша 2
2) кредиттік бюро алынған мәліметтер негізінде мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшінің банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша қолданыстағы міндеттемелерінің бар-жоғын тексереді;
Тармақша 3
3) кредиттік бюро мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілердің банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелері бар мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мынадай мәліметтерді кредиторларға береді: ЖСН; әскери қызметке қатынасының мәртебесі; облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрығының шығарылған күні; Кредитор сервисі болмаған кезде кредитор кредиттік бюролар сервисі арқылы осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді аптасына бір рет сұратады.
Тармақ 4
4. Кредитор кредиттік бюроға «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кредиттік бюролар туралы заң) 19-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында белгіленген мерзімде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді береді.
Тармақ 5
5. Кредиттік бюролар жылына екі рет 5 қаңтарға дейін және 5 шілдеге дейін қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге берілген банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы ақпаратты ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
3-тарау. Банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
Тармақ 6
6. Мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау үшін мәліметтер ұсыну мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ЖРАЖ ИШ сервис арқылы мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін әрбір әскери қызметші бойынша кредиттік бюроларға мынадай мәліметтерді береді: ЖСН; тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе); туған күні; әскери қызметке қатысының мәртебесі; шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылумен байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күні не әскери бөлім командирінің мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісін жеке құрамнан алып тастау туралы бұйрығының шығарылған күні;
Тармақша 2
2) алынған мәліметтер негізінде кредиттік бюро мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін шығарылған әскери қызметшіні банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдырудың бар-жоғын тексереді;
Тармақша 3
3) кредиттік бюро осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген мәліметтерді тексергеннен кейін банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтату және сыйақыны есептеуді қайта бастау үшін мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін шығарылған әскери қызметші туралы мынадай мәліметтерді кредиторларға жібереді: ЖСН; әскери қызметке қатысының мәртебесі; шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылумен байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күні не әскери бөлім командирінің мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісін жеке құрамнан алып тастау туралы бұйрығының шығарылған күні. Кредитордың сервисі болмаған кезде кредитор кредиттік бюролардың сервисі арқылы аптасына бір рет мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін шығарылған әскери қызметшілер туралы мәліметтерді сұратады.
Тармақ 7
7. Кредитор Кредиттік бюролар туралы заңның 19-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында белгіленген мерзімде кредиттік бюроға мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін шығарылған әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау туралы мәліметтерді береді.
Тарау 4. 4-тарау. Кредитордың мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтерді банктік қарыз, микрокредит бергенге дейін алу тәртібі
4-тарау. Кредитордың мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтерді банктік қарыз, микрокредит бергенге дейін алу тәртібі
Тармақ 8
8. Кредиттік бюролар ЖРАЖ ИШ сервисі арқылы мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтерді алған кезде бұл мәліметтерді олардың кредиттік тарихына енгізеді, сондай-ақ олардың кредиттік есебінде облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан күнін көрсете отырып, «мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісі» мәртебесін (бұдан әрі – мәртебе) көрсетеді. Он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы жеке тұлғаға банктік қарыз, микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін кредитор кредиттік есепте оның мәртебесін тексереді. Кредитор өзінің кредиттік есебінде мәртебесі болған кезде мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісіне банктік қарыздар, микрокредиттер бермейді. Кредиттік бюролар ЖРАЖ ИШ сервисі арқылы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген, мерзімді әскери қызметтен, оның ішінде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін босатылған әскери қызметші туралы мәліметтерді алған кезде Қағидалардың 6-тармағы 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтерді оның кредиттік тарихында, сондай-ақ кредиттік есепте көрсетеді. Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілердің дербес деректерін жинау, өңдеу және пайдалану «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілген келісім негізінде жүзеге асырылады.