Об утверждении Положения о размере и порядке оказания жилищной помощи в Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" № 94-1 Заңына , 1999 жылғы 16 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" № 477-1 Заңына , 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148-II Заңына сәйкес Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге берілетін тұрғын үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларының әкімдері тұрғындар арасында тұрғын үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы түсінік беру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Бөлекбаева Н.Д.) осы Ережеге сәйкес қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің тұрғын үй көмегін есептеу және төлеу жұмыстарына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (М.Ә. Сәтқалиев) тұрғын үй көмегін төлеуге қажет ақша қаражатының дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс Мәслихатының
2004 жылғы "13" сәуірдегі
5-36 шешіміне қосымша
Алматы облысында тұрғын үй көмегін
көрсету мөлшері және тәртібі туралы
Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі " Тұрғын үй қатынастары туралы" № 94-1 және 1999 жылғы 16 қарашадағы " Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" № 477-1 Қазақстан Республика Заңдары негізінде әзірленген.
Ереже Алматы облысының аумағында қолданылады және тұрғын үй көмегіне мұқтаж отбасыларына беру тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі Алматы облысында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларына (жеке тұлғаларға) ақшалай төлем (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) түрінде беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 20 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
Тармақ 4
4. Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
Тармақ 5
5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) барлар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттарымен тапсырған айдан басталады. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсанға төленеді.
Тармақ 7
7. Өтініш берушілерге тұрғын үй көмегін тағайындауды, оның мөлшерін есептеуді, Алматы облысындағы аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері бастықтарының бұйрығымен құрылатын комиссиялар (әрі қарай - Комиссия) жүргізеді.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау, есептеу, төлеу және оны тоқтата тұру және тоқтату мәселелері жоғарыда келтірілген Комиссиялармен шешіледі.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін алушыларға төленуге тиісті сомалардың нақты және дұрыс тағайындалуына Комиссия жауап береді.
Тармақ 10
10. Өтініш беруші Комиссияның іс-әрекеті мен шешіміне байланысты Алматы облысы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына, жоғарғы орындарға, сонымен қатар сотқа шағымдануға құқылы.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегін төлеу Агенттіктің келісімі негізінде "Қазпошта"ААҚ филиалдары арқылы жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін төлеу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
Тармақ 13
13. Егер өтініш иесі барлық қажетті құжаттарды тұрғылықты жері бойынша аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне ағымдағы айдың 25-не дейін өткізсе, тұрғын үй көмегі өтініш берген айдың 1-нен бастап бір тоқсан мерзімге тағайындалады. Егер өтініш ағымдағы айдың 25-нен кейін берілсе, тұрғын үй көмегі келесі айдың 1-нен бастап тағайындалады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретінде беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін нақты төленген сомадан аспауы тиіс.
Тармақ 15
15. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар отбасыларына тұрғын үй көмегі жалпы негізде, Ереженің 3-ші тармағына сәйкес, ол ағымдағы төлемдерге жұмсалған жағдайда тағайындалған айдан бастап беріледі.
Тұрғын үй көмегін алғанға дейін болған берешектің өтелуін коммуналдық қызмет көрсетушілер бақылауға алады және ағымдағы айларға тұрғын үй көмегін есептеу кезінде ескерілмейді.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үй иесінің (жалдаушысының) өтініші мен оған қосымша құжаттардың негізінде қабылданады:
Тармақша 1
1) отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сауда-саттық, жалға беру келісім- шарты және т.б.);
Тармақша 3
3) тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төленген түбіртек көшірмелері;
Тармақша 4
4) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама;
Тармақша 5
5) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының жиынтық табысы туралы мәлімет.
Белгілі категориядағы тұлғалар үшін (жұмыссыздар,толық емес отбасылары, мүгедектер және т.б) қосымша құжаттар ұсынылуы қажет, олардың тізбесін тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде және осы мақсаттарға рұқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді қолданғаны үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасы шығындарының айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу әр үш ай сайын жиынтық табысы туралы анықтамаларды және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін төленген түбіртектерді тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Күтімге мұқтаж деп танылған I және II топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын, немесе жұмыс істемейтін, жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тармақ 20
20. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары Тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына орайлас. Аумақтың тұрғындары қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтермен (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылу энергиясы, тұрғын үйді ұстау) пайдалану көрсеткіштерімен, нормаларын аудандық және қалалық әкімдері белгілейді.
Тармақ 21
21. Отбасының тұрғын үйлерді ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері шығындарының белгіленген шекті үлесі, отбасының кірісі және тұрғын үйлерді ұстау қызметі төлемдерінің (тарифтерінің) мөлшері өзгергенде, Комиссия бұрын тағайындалған тұрғын үйлер көмегін қайта есептейді.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегін алушылар үй меншігі түрінің, отбасы құрамының, оның мәртебесінің және жиынтық кірісінің кез-келген өзгерістері туралы аудандық, қалалық бөлімдеріне 10 күн ішінде хабарлауға тиісті.
Тармақ 23
23. Көмек алушылардың біле тұра жалған құжаттар (мәліметтер) ұсынуының салдарынан көмектің заңсыз тағайындалуына және төленуіне, оның мөлшерінің дұрыс есептелмеуіне жол берілген жағдайда, Комиссия артық алған сомаларды алушыдан өндіру және оны бір жыл бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Көмек алушы, тұрғын үйлер көмегінің артық алынған сомасын ерікті түрде қайтаруы тиіс, оны қайтарудан бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
Тармақ 24
24. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығына күмән туған жағдайда, аудандық, қалалық бөлімдер тиісті орындардан тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті ақпарат сұратып алуға құқығы бар.
Тармақ 25
25. Азаматтарға тұрғын үйлер көмегін төлеу уақытша тоқтатылады, егер оны алушы:
Тармақша 1
1) осы ережеде белгіленген мерзімде тиісті құжаттарды ұсынбаса;
Тармақша 2
2) уақытында қайта тіркеуден өтпесе;
Тармақша 3
3) алатын тұрғын үй көмегін тиісті мақсатқа пайдаланбаса және тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдерін уақытында төлемесе.
Тармақ 26
26. Тұрғын үй көмегі төмендегі жағдайларда тоқтатылады:
тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерін уақытында төлемегенде;
алушының, өз еркімен тұрғын үй көмегін беру бағдарламасынан шығуы туралы аудандық және қалалық бөлімдерді хабардар етпегенде;
отбасының мекен-жайының, құрамының және де кірісінің өзгеруі, оны тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырады.
Тарау 3. 3. Тұрғын үйлер көмегін қаржыландыру және төлеу
3. Тұрғын үйлер көмегін қаржыландыру және төлеу
Тармақ 27
27. Тұрғын үйлер көмегінің төлемін қаржыландыру Алматы облысы бюджетінің есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Тұрғын үйлер көмегінің төлемі облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мен ААҚ "Қазпошта" арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың дербес есеп шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен "Қазпошта" ААҚ-ң АОФ арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Аудандық,қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері, төленетін көмектің мөлшері көрсетілген тізім ведомості дайындап, оны әр тоқсанның соңғы айының 25 жұлдызына дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (бірінші басшының және бас есепшінің қолы қойылған) тапсырады.
Тармақ 30
30. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тапсырыс қабылдағаннан кейін, тұрғын үйлер көмегінің сомасын бюджеттен өтеу үшін облыстық қаржы басқармасына жиынтық тапсырыс береді.
Тармақ 31
31. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, сондай-ақ облыстық "Қазпошта" ААҚ-ң АОФ әр тоқсан сайын төленген көмектің сомасын салыстыру актісін жасайды.
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы
Н. Бөлекбаева