Об упорядочении перевозок пассажиров и грузов в области Күшін жойған
Басқа 0
Облыста жолаушылар мен жүктер тасымалын реттеу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы"
1994 жылғы 21 қыркүйектегi, "Қазақстан Республикасының жергiлiктi
өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10
желтоқсандағы заңдарын және Қазақ ССР-iнiң "Тұтынушылар құқығын қорғау
туралы" 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 24 маусымдағы N 773 және 1998 жылғы 23 наурыздағы
N 251 қаулыларын басшылыққа алып, көлiк процесiн ұйымдастыруды, жолаушылар
мен жүктердi тасымалдауға патенттер берудi реттеу, көлiктегi тасымал
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ тасымалдаушылар құқығын қорғау
үшiн:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi меншiктiң барлық нысанды
тасымалдаушыларының жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсету жөнiндегi
тендерлер өткiзу негiзiнде 1998 жылғы 14 мамырда бекiтiлген жолаушылар
маршруттары тiзбесiне сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды қамтамасыз
етсiн.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан салық комитетi (Аханаев О.Қ.) заңды және жеке
тұлғалардың жолаушылар тасымалын жүзеге асыруы үшiн патенттер берудi
тендерлiк негiзде алған куәлiктер негiздемесiнде жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Жолаушылар көлiгi саласындағы нарықтық қатынастарды жетiлдiру,
кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық
энергетика, индустрия, көлiк, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық
байланыстар басқармасы (Плотников С.В.) жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн
жұмысшы тобы (N 1 қосымша) құрылсын және екi апта iшiнде iс-қимыл жоспары
жасалсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары
Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.
Басқа 5. Жолаушылар көлiгi саласындағы нарықтық қатынастарды
жетiлдiру, кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау
жөнiндегi тұрақты iстейтiн жұмысшы тобының
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң 1998 жылғы
9 қазандағы N 1-473
өкiмiне
N 1 қосымша
Жолаушылар көлiгi саласындағы нарықтық қатынастарды
жетiлдiру, кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау
жөнiндегi тұрақты iстейтiн жұмысшы тобының
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Плотников С.В. - Шығыс Қазақстан облысының энергетика,
индустрия, көлiк, телекоммуникациялар және
сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының
бастығы, топ жетекшiсi
Тармақ 2
2. Пчельников В.Н. - Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк
жолаушылар тасымалдау басқармасының бастығы, топ
жетекшiсiнiң орынбасары
Тармақ 3
3. Феофанова А.С. - Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи
монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау
жөнiндегi комитеттiң төрағасы
Тармақ 4
4. Аханаев О.Қ. - Шығыс Қазақстан облыстық салық комитетiнiң бастығы
Тармақ 5
5. Жұмәдiлов Е.С. - Шығыс Қазақстан облыстық жол полициясы
басқармасының бастығы
Тармақ 6
6. Қалиев С.Н. - Көлiк инспекциясы Шығыс Қазақстан облыстық
бөлiмшесiнiң бастығы
Тармақ 7
7. Кузнецова Л.М. - Қалалық тұтынушылар құқын қорғау қоғамының төрайымы
Облыс әкiмi аппаратының
басшысы
Т.Ибраев