Об установлении границ (черты) города Алатау Алматинской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Алатау қаласы мәслихатының және Алатау қаласы әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Алатау қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88267,0086 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Алматы облысының әкімдігі 2024 жылғы 9 тамыздағы № 253 мен Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 25-123 қаулысына қосымша Алматы облысы Алатау қаласының шекарасына енгізілетін жерлердің экспликациясы № Аудан­дар мен қа­ла­лар­дың ата­уы Жал­пы жер ауда­ны (гек­тар) оның ішін­де: ел­ді ме­кен­дер­дің (қа­ла­лар­дың, кент­тер­дің және ауыл­дық округ­тер­дің) жер­ле­рі (гек­тар) ауыл ша­ру­а­шы-лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер (гек­тар) өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті­нің, қор­ға­ны­стың, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік­тің мұқ­таж­да­ры үшін және өзге де ауыл ша­ру­а­шы­лық емес мақ­сат­та­ғы жер­лер (гек­тар) рек­ше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар, са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер (гек­тар) ор­ман қо­ры-ның жер­ле­рі (гек­тар) су қо­ры-ның жер­ле­рі (гек­тар) босал­қы жер­лер (гек­тар) 1 Қо­на­ев қа­ла­сы 10937,0052 810,7899 2865,1064 2899,2998 50,0251 445,185 2303,145 1563,454 2 Іле ауда­ны 65213,0004 2990,8968 45152,9732 9080,1196 - 37,9 3994,031 3957,08 3 Тал­ғар ауда­ны 12117,003 145,9942 8305,8326 287,2452 - - 315,141 3062,79 4 Бар­лы­ғы 88267,0086 3947,6809 56323,9122 12266,6646 50,0251 483,085 6612,317 8583,324 Схемалық карта