Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1.1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган
анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 546 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган
анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі
1.
Техникалық-экономикалық негіздеме мен қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар
Конкурс
2.
Аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен жүзеге асырылатын объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама бойынша жұмыстар
Конкурс
3.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары
Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс
4.
Жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар
Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс
5.
Құрылыс-жөндеу жұмыстары бойынша техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер
Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс
6.
Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтер
Конкурс
7
Байланыс қызметі
Конкурс
Ескертпе: Осы Тізбенің талаптары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағы шеңберінде жүзеге асырылатын сатып алуларға қолданылмайды.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылды деп
танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 546 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылды деп
танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19121 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 1296 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19693 болып тіркелген).
Тармақ 3
3 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 90 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19954 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 205 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20080 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 863 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24120 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 275 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27159 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 1110 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30373 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 849 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33288 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 1263 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33740 болып тіркелген).