О взимании платы за использование особо охраняемых природных территорий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдалану үшін төлем алу туралы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73, 77 баптары және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 29, 30 баптары негiзiнде ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық мақсаттарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны сондай-ақ осы аумақтарда болған кезде автокөлiк құралдарының ыластайтын заттарды атмосфераға тастағаны үшiн төлем мөлшерлерi белгiленсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан орман, балық, аң шаруашылығы басқармасы (Қалмақов А.Г.) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аймақтарының атауларын облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына берсiн.
Тармақ 3
3. Арнайы автокөлiк құралдары (жедел көмек, өрт көлiгi, табиғат қорғау мекемелерiнiң көлiктерi) төлем төлеуден босатылсын.
Тармақ 4
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудан түсетiн қаражаттар толық көлемiнде облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына түсiрiледi деп белгiленсiн.
Тармақ 5. Ерекше қорғалатын аумақта болған кезде алынатын төлемдер мөлшерi
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн. Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Әкi­мi Об­лыс Әкi­мiнiң 1998 жы­л­ғы 6 қа­ра­ша № 610 ше­шi­мiне № 1 қо­сым­ша Ерекше қорғалатын аумақта болған кезде алынатын төлемдер мөлшерi Ата­уы Тө­лем­дер мөл­шерi (тең­ге) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас­қа мем­ле­кет­тер Же­ке адам­дар Ере­сек­тер 100 200 Ба­ла­лар 50 100 Жеңiл ав­то­мо­биль­дер 5 орын­ға дей­iн 300 500 10 орын­нан ар­тық 800 1200 Жүк ав­то­мо­биль­дерi 650 800 ЕСКЕРТУ: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тұрғындары, ҰОС қатысушылар және оларға теңестiрiлгендер, барлық топтағы мүгедектер, мектеп жасына дейiнгi балалар төлем төлеуден босатылады.