Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы
Облыс аумағында орман-дала өрттерінің пайда болуына байланысты, өрттерді жою және таралуын болдырмау мен алдын алу жөніндегі қажетті шараларды жүргізу мақсатында, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5-шілдедегі № 19-I Заңының 13, 19-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Заңының 27-бабы 1-тармағының 12)-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында 2004 жылғы 30 мамырдан бастап төтенше жағдай жойылғанға дейін төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 1-1
1-1. "Шығыс Қазақстан облыстық Авиациялық бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына ТС-1 авиациялық жермайының қажетті қорын құру және оны уақытында толықтыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.