О введении моратория на создание субъектов квазигосударственного сектора Қолданыста
Басқа 0
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы
«Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналарды:
Тармақша 1
1) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша айрықша жағдайларды қоспағанда (тиісті саланың уәкілетті органы мен монополияға қарсы органның оң қорытындылары болған кезде), 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.