Об утверждении Правил ведения, приостановления, прекращения действия (отзыва) разрешений в автоматизированном реестре разрешений в сфере строительства Күшін жойған
Басқа 0
Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 12-2), 23-27) және 23-28) тармақтарына және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 478-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату (кері қайтарып алу) қағидалары
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 283 Бұйрыққа
қосымша
Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату (кері қайтарып алу) қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату (кері қайтарып алу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 20-бабының 12-2), 23-27) және 23-28) тармақтарына және құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату (кері қайтарып алу) тәртібін анықтайтын, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15 тармағының 478-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімін жүргізу мынадай:
Тармақша 1
1) мемлекеттік ақпарат жүйесі арқылы автоматтандыруға жататын бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар туралы мәліметтерді жүйелеу;
Тармақша 2
2) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде қамтылған мәліметтер туралы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) рұқсат беру органдары – лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар;
Тармақша 3
3) рұқсат бойынша мәліметтер – құжаттың барлық деректерін және рұқсат мәртебесінің өзгеру тарихын қамтитын рұқсат бойынша толық ақпарат;
Тармақша 4
4) мемлекеттік ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Жүйе) - сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсатты алу, қайта ресімдеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату (кері қайтарып алу) бөлігінде лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыруға, хабарламаны жіберуге және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;
Тармақша 5
5) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімі (бұдан әрі – автоматтандырылған тізілім) – құрылыс субъектілері туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған, «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі;
Тармақша 6
6) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органдары жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсаттың иесі;
Тармақша 7
7) лицензиат – қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын, лицензиясы бар жеке немесе заңды тұл, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның филиалы;
Тармақша 8
8) екінші санаттағы рұқсаттың иесі – екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 9
9) рұқсаттың бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – РБСН) – осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін берілген рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне бірінші санаттағы рұқсаттарға берілетін бірегей сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 10
10) рұқсат мәртебесі – рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру шамасына қарай өзгертілетін рұқсаттың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы;
Тармақша 11
11) тарихи деректер – рұқсат беру және мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе тұрақты болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар туралы ақпарат;
Тармақша 12
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - ЭЦҚ құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақша 13
13) жеке кабинет – әртүрлі мемлекеттік дерекқорлардан жиналған пайдаланушы туралы дербес ақпарат қамтылған ақпараттық жүйенің бөлімі.
Тармақша 14
14) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімін мемлекеттік бақылау – лицензиялау рәсімін жүзеге асыру, субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы, оның ішінде белгіленген рұқсат беру талаптарына сәйкестігі кезіндегі Жүйенің мәліметтерді жинау және талдау процесі (бұдан әрі - Мониторинг).
Тармақ 4
4. Қол жеткізу құқықтарын белгілеуді және тізілімнің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік құпияларды және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды, еңбекші көшіп келушілерге арналған рұқсаттарды қоспағанда, Тізілімде қамтылған мәліметтер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің сыртқы порталында (бұдан әрі – сыртқы портал) қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады және мүдделі тұлғаларға танысу үшін ақы алмай қол жетімді.
Тармақ 6
6. Тізім мынадай бөлімдерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) жобалау, іздестіру қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына берілген лицензиялар тізілімі;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында аккредиттеуден өткен субъектілердің тізілімі.
Тармақ 7
7. Мәліметтерді Тізілімге енгізу Жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Өтініш беруші, лицензиат не екінші санаттағы рұқсаттың иесі жеке кабинетті тіркеу және құру кезінде жүйе арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім береді.
Тарау 2. 2-тарау. Автоматтандырылған тізілімді жүргізу
2-тарау. Автоматтандырылған тізілімді жүргізу
Тармақ 9
9. Автоматтандырылған тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) рұқсат санаты (бірінші санаттағы рұқсат (лицензия), екінші санаттағы рұқсат);
Тармақша 2
2) рұқсат сыныбы (1 – қызметке берілетін рұқсат);
Тармақша 3
3) рұқсаттың атауы;
Тармақша 4
4) тарихи деректердің белгісі (тарихи деректер бар болған жағдайда);
Тармақша 5
5) лицензиаттың / екінші санаттағы рұқсат иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 6
6) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның – лицензиаттың атауы;
Тармақша 7
7) жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы;
Тармақша 8
8) рұқсат беру (біліктілік) талаптарында болған жағдайда инженерлік-техникалық жұмыскерлер туралы;
Тармақша 9
9) рұқсат беру (біліктілік) талаптарында болған жағдайда, сарапшылар туралы;
Тармақша 10
10) өндірістік база туралы;
Тармақша 11
11) іске асырылған объектілер туралы (рұқсат беру (біліктілік) талаптары болған жағдайда);
Тармақша 12
12) материалдық-техникалық жарақтандыру туралы;
Тармақша 13
13) өтініш берілген күн;
Тармақша 14
14) рұқсат берілген күн;
Тармақша 15
15) рұқсат мәртебесі;
Тармақша 16
16) рұқсат қолданысының басталған күні;
Тармақша 17
17) рұқсат беру органы;
Тармақша 18
18) қызмет, іс-әрекет түрі (қызмет, іс-әрекет түріне берілетін рұқсаттар үшін);
Тармақша 19
19) қызметтің кіші түрлері (қызметтің кіші түрлері бар қызмет түріне рұқсаттар үшін);
Тармақша 20
20) лицензия түрі (бас, айрықша, біржолғы);
Тармақша 21
21) ерекше жағдайлар;
Тармақша 22
22) рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі (Жүйе рұқсаттарға электрондық нысанда беретін);
Тармақша 23
23) РБСН;
Тармақша 24
24) бастапқы рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі (қайта ресімдеу жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);
Тармақша 25
25) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру кезеңі (тоқтата тұру жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);
Тармақша 26
26) бастапқы лицензияның РБСН;
Тармақша 27
27) бастапқы рұқсаттың нөмірі, сериясы (қайта ресімдеу немесе электрондық нысанға ауыстыру жүзеге асырылған қағаз нысанда ғана берілетін бірінші санаттағы рұқсаттар үшін);
Тармақша 28
28) бастапқы құжаттың берілген күні (қайта ресімдеу жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);
Тармақша 29
29) рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының электрондық нысандағы рұқсаттар үшін ЭЦҚ-сы туралы мәліметтер;
Тармақша 30
30) рұқсатты кері қайтарып алу (күшін жою) негіздемесі (сот шешімі негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда рұқсат беру органы кері қайтарып алған/күшін жойған рұқсаттар үшін).
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер барлық рұқсаттар үшін міндетті түрде толтырылуға тиіс. Осы Қағидалардың 9-тармағының 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29) және 30) тармақшаларында келтірілген мәліметтер, олар бар болса толтыруға жатады.
Тармақ 11
11. Автоматтандырылған тізілімнің мәліметтеріне кірмеген, нақты ерекше өрістерді ескере отырып, рұқсат туралы мәліметтердің толық құрамы рұқсат бойынша егжей-тегжейлі мәліметтерде қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Автоматтандырылған тізілімде, егер рұқсат беру нысаны электрондық нысанда көзделген жағдайда, рұқсатты беру нысанын электрондық нысанда жүктеу мүмкіндігі бар.
Тармақ 13
13. Автоматтандырылған тізілімде тарихи деректерді енгізуді рұқсат беру органдары жүйе арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Тарихи деректерді енгізу кезінде осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген автоматтандырылған тізілімнің бос жерлері толтырылады.
Тармақ 15
15. Тарихи деректерді енгізу кезінде рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-ның рұқсаттары туралы мәліметтерін куәландыру талап етілмейді.
Тармақ 16
16. Рұқсат беру органдары автоматтандырылған тізілімге тарихи деректерді енгізген кезде рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі қалыптастырылмайды.
Тармақ 17
17. Автоматтандырылған тізілімде рұқсаттарды электрондық нысанда беру және қайта ресімдеуді жүйе автоматты режимде жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Автоматтандырылған тізілімде рұқсаттарды беру және қайта ресімдеу мыналарға сәйкес жүзеге асырылады:
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде лицензиялар беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20267 болып тіркелген);
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12702 болып тіркелген);
«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру бойынша техникалық қадағалау және сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12535 болып тіркелген);
«Сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10640 болып тіркелген).
Тарау 3. 3-тарау. Автоматтандырылған тізілімдегі рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу)
3-тарау. Автоматтандырылған тізілімдегі рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу)
Тармақ 19
19. Автоматтандырылған тізілімдегі рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұруды, тоқтатуды (кері қайтарып алуды) Жүйе автоматты режимде не рұқсат беру органдары сот шешімінің негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (кері қайтарып алу) туралы мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырады.
Осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес нысанда анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес нысанда жедел ден қою шараларын автоматты режимде қолдану туралы қаулы автоматтандырылған тізілім арқылы қалыптастырылады және пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйедегі жеке кабинеттеріне жіберіледі.
Тармақ 20
20. Автоматтандырылған тізілімде рұқсаттарды тоқтата тұру мерзімі алты айдан аспайды. Егер алты ай өткеннен кейін автоматтандырылған тізілімде рұқсаттардың қолданылуын қайта бастауға негіздер болмаса, бұл рұқсат одан әрі қалпына келтіру мүмкіндігінсіз автоматты режимде автоматтандырылған тізілімнен шығарылады.
Тармақ 21
21. Автоматтандырылған тізілімге қосу және одан шығару Заңда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Басқа 1. БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Құрылыс саласындағы
рұқсаттардың автоматтандырылған
тізілімінде рұқсаттарды
жүргізу, тоқтата тұру, қолданысын
тоқтату (кері қайтарып алу)
қағидаларына
1 қосымша
БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Өңірдің атауы күні
жасау орны уақыты
1. Бақылау және қадағалау органының атауы:
2. Тексерілетін субъектінің, объектінің атауы (заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы), өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның орналасқан жері, аумақ учаскесі, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
Тексерілетін объектінің атауы/Объектінің / субъектінің орналасқан жерінің мекенжайы:
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны үшін (Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 31-4-бабын ескере отырып) мынадай іс-шараларды орындауды бұйырамын:
№
Анықталған бұзушылықтар тізімі
Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар, оларды жою мерзімдері
1
2
3
4. Бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті тұлғасының, жеке тұлғаның) хабарламамен танысуы туралы мәліметтер
5. Хабарламаны (уәкілетті органның лауазымды адамының ТАӘ (бар болса), қолы) енгізді
«___»_____________20___ж.
Басқа 2. Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы рұқсаттардың
қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (қайтарып алу)
туралы актісі
Құрылыс саласындағы
рұқсаттардың автоматтандырылған
тізілімінде рұқсаттардың
қолданысын жүргізу, тоқтата тұру,
тоқтату (кері қайтарып алу)
қағидаларына
2 қосымша
Нысан
Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы рұқсаттардың
қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (қайтарып алу)
туралы актісі
1) Жедел ден қою шарасының түрі:______________________________________
____________________________________________________________________;
2) Актінінің жасалған күні, уақыты мен орны: ____________________________
____________________________________________________________________;
3) Мемлекеттік органның атауы:_________________________________________
____________________________________________________________________;
4) Актіні жасайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________;
5) Бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің актіні ресімдеу кезінде болған өкілінің лауазымы:___________________________________________________________
____________________________________________________________________;
6) Жедел ден қою шарасын қолдану негізі:____________________________
____________________________________________________________________;
7) Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде):_____
____________________________________________________________________;
8) Актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (күні және бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің қолтаңбасы):_________________________________________
____________________________________________________________________;
9) Актіні ресімдеген лауазымды адамның қолтаңбасы: ______________________
____________________________________________________________________;
10) Бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолтаңбасы:_________________________________________________________.