О грантах для одаренных детей Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дарынды балаларға арналған гранттар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қантардағы N 06 шешімімен. "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы тамыздағы N 737 Қаулысын орындау үшiн және жетiм балаларды, дарынды балаларды әлеуметтiк қолдау мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Бiлiм Департаментi (О.Видова) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған топтарынан және жетiм балалар арасынан конкурстық негiзде дарынды балаларды анықтап, меншiк түрiне қарамастан арнайы оқу орындарына бiлiмiн жалғастыру үшiн гранттар тапсырсын. Төлемақы 27 бағдарламаның "Басқада ағымдағы шығындардың" 159 ерекшелiгi бойынша бөлiнген қаржыдан (тұрақтандыру, жұмсақ мүлiк, қызмет ету, коммуналдық шығындар, педагогикалық қызметкерлерге төлемақыны қоса есептегенде) жүргiзiлсiн (смета қоса берiлуде).
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Құрманғалиев А.Ә. қаржыландыруды 27 бағдарламаның 159 ерекшелiгi бойынша (басқада ағымдағы шығындар) жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.
Басқа 4. "Надежда" қыздар гимназиясы бойынша 1998-1999 оқу жылына арналған
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 2 қарашадағы N 606 шешiмiне қосымша "Надежда" қыздар гимназиясы бойынша 1998-1999 оқу жылына арналған ШЫҒЫСТАР СМЕТАСЫ
Тармақ 1
1. Еңбек ақы - айына 166801,57 теңге, соның iшiнде:
Тармақша 1
1) педагогтер - 96801,57 теңге;
Тармақша 2
2) техникалық қызметшiлер - 70000 теңге.
Тармақ 2
2. Еңбек ақы қорынан аударымдар (30,5%): айына 50874,48 теңге.
Тармақ 3
3. Коммуналдық қызметтер - айына 121523 теңге, соның iшiнде:
Тармақша 1
1) жылу энергиясы - 809 Гкал* 1291,20=87048 теңге/айына (1044580 теңге/жылына);
Тармақша 2
2) жарық беру - 67300 Кв*сағ*3,14=17610 теңге/айына (211322 теңге/жылына);
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау - 15000 теңге/айына (180000 теңге/жылына);
Тармақша 4
4) қоқыс шығару - 754 теңге/айына (9048 теңге/жылына);
Тармақша 5
5) телефон - 703(нег.) + 408(қос.)=1111 теңге/айына (13332 теңге/жылына).
Тармақ 4
4. Тамақтандыру - 132000 теңге/айына (1584000 теңге/жылына). ЖИЫНЫ: 5654400 теңге/жылына. Iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң меңгерушiсi