Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Усть-Каменогорска Қолданыста
Басқа 0
Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын
және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Өскемен қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 60/5-VI «Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7512 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері
Өскемен қалалық мәслихатының
2025 жылғы 24 қазандағы
№ 38/4-VIII шешімге
қосымша
Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (бұдан әрі - мамандар).
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) ағымдағы шот – банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;
Тармақша 2
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті органы – «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады (бұдан әрі – ММ).
Тарау 2. 2-тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
2-тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде (бұдан әрі – тізім), ақшалай нысанда «Қазпошта» акционерлік қоғамы аумақтық бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржылық операцияларды реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 10,936 (он бүтін тоғыз жүз отыз алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына Өскемен қаласының бюджетінен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 8
8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың тізімдерін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер арасында сәйкессіздік анықталған жағдайда, ММ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы алдын ала қабылданған шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретін отырыстың уақыты мен орны (тәсілі) туралы мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда ММ оң шешім қабылдайды және мамандардың ағымдағы шоттарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемдерін жүргізеді.