"Өкілетті шығындарға және "өкілетті шығындар мөлшеріне арналған қаражат есебінен іс-шараларды өткізу" бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану Қағидасын бекіту туралы" Қолданыста
Басқа 0
"Өкілетті шығындарға және "өкілетті шығындар мөлшеріне арналған қаражат есебінен іс-шараларды өткізу" бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану Қағидасын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, "Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен iс шараларды өткiзу" бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану тәртiбiн анықтау мақсатында, Павлодар қаласының
әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Бекiтiлсiн:
Қоса берiлiп отырған "Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен iс шараларды өткiзу" бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану қағидасы (бұдан әрi - Қағида);
Қосымшаға сәйкес өкiлеттi шығындар мөлшерi.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Х.Т. Оспановқа жүктелсiн.
Басқа 3. "Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен
iс-шараларды өткiзу" бағдарламасы бойынша
қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану
Қағидасы
Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 19 сәуірдегі
"Өкiлеттi шығындарға және
"өкiлеттi шығындар мөлшерiне
арналған қаражат есебінен
iс-шараларды өткiзу"
бағдарламасы бойынша
қалалық бюджетте қаралған
қаражатты пайдалану
Қағидасын бекiту туралы"
№ 285/8 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
"Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен
iс-шараларды өткiзу" бағдарламасы бойынша
қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану
Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағида "Өкiлеттi шығындарға арналған қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзу" бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Өкiлеттi шығындарға арналған қаражаты - тиiстi қаржылық жылға қалалық бюджетте қаралған және шетел делегациясын қабылдауға, мәжiлiс, семинар, салтанатты және ресми iс-шараларды өткiзу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiне бөлiнген қаражат.
Өкiлеттi шығындарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамада қаралған Павлодар қаласы әкiмiмен шақырылатын адамдардың мейманханаларда тұруы үшiн төлемақы және баратын жерлерге көлiк шығынына;
Тармақша 2
2) ресми түскi, кешкi тамақтануға, кофе-брейкке, фуршеттерге;
Тармақша 3
3) ресми қабылдау кезiнде музыкамен сүйемелдеуге;
Тармақша 4
4) базарлықтар, ескерткiш сыйлықтар сатып алуға;
Тармақша 5
5) көлiкпен қызмет көрсетуге;
Тармақша 6
6) аудармашылардың қызмет көрсету төлемақысына;
Тармақша 7
7) залды жалға беруге;
Тармақша 8
8) үй жайларға жабдықтар сатып алуға, ағымдағы жөндеу жүргiзуге және басқа шығындарға байланысты жұмсалатын шығындар жатады.
Тарау 2. 2. Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен
iс-шараларды өткiзуге бөлiнген, қалалық бюджеттiң
қаражатын пайдалану тәртiбi
2. Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен
iс-шараларды өткiзуге бөлiнген, қалалық бюджеттiң
қаражатын пайдалану тәртiбi
Тармақ 3
3. Павлодар қаласы әкiмiнiң iс басқармасы өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен iс-шараларды өткiзу үшiн тиiстi қаржылық жылға қалалық бюджетте қаралған шығындар көлемiнен өкiлеттi шығындар талап ететiн, iс-шаралардың жылдық жоспарын (бұдан әрi - Жоспар) жасайды. Жоспардың саяси маңыздылығын ескере отырып, болжамдалмаған iс-шараларды өткiзу және бөлiнген қаражаттың көлемiне қарай жыл бойы түзетiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Павлодар қаласы қаржы басқармасы өкiлеттi шығындарға арналған қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзуге бөлiнген, қалалық бюджетте қаралған бар қаражатты:
Тармақша 1
1) iс-шараларды өткiзу қажеттiлiгiне негiздеу;
Тармақша 2
2) деңгейi және пiшiмi бойынша делегацияларды қабылдау бағдарламасы;
Тармақша 3
3) iс-шараларға дайындық және өткiзу жөнiндегi жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) iс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) шығындардың әрбiр өзiндiк ерекшелiгiн негiздеумен қаржыландыру жоспары;
Тармақша 6
6) осы Қағиданың 3 тармағына сәйкес, Жоспардағы iс-шаралары тиiстi жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Осы Қағиданың 2 тармағы 3), 4) тармақшаларымен белгiленген - өкiлеттi шығындар бойынша Павлодар қаласы әкiмiнiң iс басқармасы Павлодар қаласы қаржы басқармасына Қазақстан Республикасының белгiленген заңнама тәртiбiнiң сақталуын растайтын, тауар мен қызметтiң бағасы, сондай-ақ осы тауарлар мен қызметтi ұсынып отырған, мекемелердiң деректемелерi көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 6
6. Жоспардың негiзiнде Павлодар қаласы қаржы басқармасы осы қаулымен бекiтiлген, өкiлеттi шығындар мөлшерiне сәйкес өкiлеттi шығындар қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзуге бөлiнген қаражатты жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Есеп беру және бақылау
3. Есеп беру және бақылау
Тармақ 7
7. Павлодар қаласы қаржы басқармасы өкiлеттi шығындар қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзуге бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жүргiзедi.
Тармақ 8
8. Өкiлеттi шығындар қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзуге қаражатты алған Павлодар қаласы әкiмiнiң iс басқармасы iс-шараларды өткiзгеннен кейiн көрсетiлген қаражаттың пайдаланылғаны туралы есеп беру, өкiлеттi шығындар қаражатын алған адамдар сатып алынған тауарлардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы мен көлемi көрсетiлген, тиiстi тауарды, жұмысты, қызметтi өткiзген мекеменiң мөрi қойылған, растайтын құжаттарды (түбiртегi, шот-фактура, жүкқұжат) Павлодар қаласының қаржы басқармасына 15 күнтiзбелiк күн iшiнде тапсырады.
Тармақ 9
9. Өкiлеттi шығындар қаражатының мақсатты және нәтижелi пайдалану жауапкершiлiгi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерiне жүктеледi.
Басқа 30. Өкiлеттi шығындар мөлшерi
Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 19 сәуірдегі
"Өкiлеттi шығындарға және
"өкiлеттi шығындар мөлшерiне
арналған қаражат есебiнен
iс-шараларды өткiзу"
бағдарламасы бойынша
қалалық бюджетте қаралған
қаражатты пайдалану Қағидасын
бекiту туралы" № 285/8 қаулысына
ҚОСЫМША
Өкiлеттi шығындар мөлшерi
№
Шығындар атауы
Теңгедегi құны
1
Ресми түскi, кешкi тамаққа шыққан
шығындар күнiне бiр адамға арналған
есептен делегация үшiн жүргiзiледi
6500 дейiн
2
Келiссөз кезiнде буфетте қызмет көрсету,
бiр адамға арналған мәдени бағдарлама iс
шаралары
1040 дейiн
3
Сағаттық төлем есебiнен қабылдайтын
делегацияны мемлекеттiк органның штатына
кiрмеген (iлеспе аудармадан басқа)
аудармашының еңбекақысын төлеу
700 дейiн
4
Сағаттық төлем есебiнен қаржыландыру
жоспарындағы қаралған автомобильдер
көлiгiмен делегацияларға қызмет
көрсетудiң көлiк шығынын төлеу
1200 дейiн
Ескерту:
Тармақ 1
1. Ресми түскi, кешкi тамақ өткiзу кезiнде қала жағынан қатысушылар саны делегация жағынан қатысушылар санынан аспауы керек.
Тармақ 2
2. Бес адамнан көп делегация құрамында ерiп жүретiн адамдар мен аудармашылар, делегацияға қызмет көрсететiн (iлеспе аудармадан басқа) бiр аудармашы есебiне немесе ерiп жүретiн адамдар делегацияның бес адамнан тұратын мүшелерiнен кем емес болуы қажет.