О комиссии при акимате Аккольского района по развитию малого и среднего бизнеса Күшін жойған
Басқа 0
Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына және Ақмола облыстық әділет Департаментінде 2004 жылы 15 наурызда № 2347 тіркелген, Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № А-2/43 “Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы” қаулысын орындауда, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданы әкімдігі жанынан шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Ақкөл ауданы әкімдігі жанындағы комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Ақкөл ауданы әкімдігі жанындағы комиссия туралы Ереже, қоса беріліп отырған бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 4
4. Ақкөл аудандық экономика және шағын бизнесті дамыту бөлімі, Ақкөл ауданы әкімдігі жанындағы Комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы органы болып анықталсын.
Тармақ 5
5. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № а-5/95 “Ақкөл ауданы әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдық-сараптау комиссиясы туралы” қаулы күшін жойсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 7
Аккөл ауданы әкімдігінің “Ақкөл
ауданы әкімдігі жанындағы шағын
және орта бизнесті дамыту
жөніндегі комиссия туралы”
2004 жылғы 23 сәуір № а-4/77
қаулысына қосымша 1
Ақкөл ауданы әкімдігі жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы
Тармақ 1
1. Алексей Иванович Тимошин - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Лидия Антоновна Шереметова - экономика және шағын бизнесті дамыту бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3. Комиссия мүшелері:
3. Гүлмира Маратқызы Латыпова - экономика және шағын бизнесті дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Ольга Михайловна Лисина - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Людмила Алексеевна Павлова - Ақкөл ауданы бойынша салық комитетінің төрайымы (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Александр Александрович Полоротов - аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы
Тармақ 7
7. Айжан Кенжебайқшы Мананбаева - аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 8
8. Анатолий Казимирович Кривицкий - Ақкөл қаласының әкімі
Тармақ 9
9. Виктор Николаевич Туров - жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
Тармақ 10
10. Валерий Николаевич Симчук - Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
Басқа 18
Аккөл ауданы әкімдігінің “Ақкөл
ауданы әкімдігі жанындағы шағын
және орта бизнесті дамыту
жөніндегі комиссия туралы”
2004 жылғы 23 сәуір № а-4/77
қаулысына қосымша 2
Ақкөл ауданы әкімдігі жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданы әкімдігін жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия), Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № А-2/43 “Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы” қаулысның негізінде құрылған консультативтік – кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, шағын және орта бизнес саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері болып:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына ықпал көрсету;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің сындарлы бастамаларын қолдау, әрбір кәсіпкердің, экономикасы дамыған мемлекеттік құру және аудан азаматтарының әл-ауқатын арттыру белсенділігінің өміршең ұстанымын насихаттау;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі шешімдерінің жобаларын белсенді дайындау және қоғамдық сараптау;
Тармақша 4
4) шағын және орта бизнесті қолдау және қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобалар әзірлеуге, үйлестір және іске асыруға ықпал ету;
Тармақша 5
5) кредит ресурстарына қол жеткізуді жеңілдету жөніндегі іс-шараларды өткізуге ұсынымдар дайындау;
Тармақша 6
6) әкімшілік рәсімдеулер мен рұқсаттарды оңайлату мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік инфрақұрылымдарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар қалыптастыру;
Тармақша 8
8) ауылда шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақ 4
4. Комиссияға жүктелген міндеттерге сәйкес, оның функциялары болып:
Тармақша 1
1) шағын бизнестің салалық, кәсіптік, аумақтық одақтармен, қауымдастармен және бірлестіктермен өзара іс-әрекетте болуы;
Тармақша 2
2) шағын және орта бизнес саласында келісілген шешімдер мен мемлекеттік саясатты жетілдіруді қалыптастыру үшін шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асырушы өкілді мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) тиісті мемлкеттік органдардың, кәсіпкерлердің және олардың қоғамдық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен тақырыптық мәжілістер өткізу;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың шағын және орта бизнес саласында кәсіпкерлер қауымдастықтарына, бірлестіктер мен одақтарға, шағын кәсіпорындарына ұйымдастыру, қаржылай, материалдық-техникалық көмек көрсету жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындауға және іс-шараларын әзірлеуге белгіленген тәртіпте, шағын және орта бизнес өкілдерінің келісімі бойынша тарту;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіпте шағын кәсіпкерліктің мүдделерін білдіретін нормативтік - құқықтық актілердің жобаларын белсенді дайындауды және сараптауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың аумақтық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, үйлестіру және іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) өңірдің өзекті әлеуметтік - экономикалық проблемаларын дамытуға бағытталған бағдарламалар әзірлеуге қатысу, оларды орындауға келісім бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін, олардың бірлестіктері мен қауымдастықтарын, одақтарын қатыстыру;
Тармақша 8
8) Ақкөл ауданы әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қабылдаған кезде заңнамада белгіленген тәртіпте, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау, өкілдіктерінің мүдделері мен пікірлерін ескеру;
Тармақша 9
9) Комиссияның жұмысы үшін, заңнамада белгіленген тәртіпте, келісім бойынша ғалымдардан, беделді кәсіпкерлер арасынан, басқару органдарының өкілдерінен және басқа да мамандардан сарапшыларды, кеңес беруші консультанттарды тарту;
Тармақша 10
10) заңда белгіленген тәртіпте кәсіпкерлердің заңды құқықтарын корғау және мүдделерін білдіру;
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссияны төраға аудан әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 6
6. Комиссияның жұмыс органының функциялары, аудандық экономика және шағын бизнесті дамыту бөліміне жүктеледі.
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмыс органы:
Тармақша 1
1) комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
Тармақша 3
3) комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді;
Тармақ 8
8. Комиссия мәжілістерін өткізудің қорытындысы бойынша, отырысқа қатысқан оның мүшелерінің қол қоюымен хаттама жасалады. Хаттамаға отырыста қаралған барлық құжаттар мен материалдар қоса тігіледі. Комиссияның шешімдері жай көпшілік, ашық дауыс берумен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы сананың көпшілік дауысымен қабылданғандығы есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
Тармақ 10
10. Комиссия мүшелері арнайы пікір білдіруге құқылы, ондай пікір білдірілген болса жазбаша түрде баяндалып комиссия отырысының хаттамасына қоса тігілуге тиіс.
Тармақ 11
11. Комиссия мәжілістерін, қажеттігіне қарай шақырады.
Тармақ 12
12. Төрағаның шақыруымен Комиссия мәжілістеріне мемлекеттік органдардың мүдделі лауазымды тұлғалары, кәсіпкерлер және олардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысады.