О создании комиссии по языковой политике и ономастике при акимате Целиноградского района Күшін жойған
Басқа 0
Целиноград ауданының әкімдігі жанында тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген, тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданының әкімдігі жанында тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Целиноград ауданының әкімдігі жанында тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссия туралы Ережесі бекітілсін (1 қосымша)
Тармақ 3
3. Жоғарыда аталған комиссияның жеке құрамы аудандық Мәслихат сессиясына бекітілуге енгізілсін (2 қосымша)
Тармақ 4
4. Целиноград ауданы әкімінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 237, Ақмола облысы Әділет басқармасында 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 874 нөмірімен тіркелген «Тіл саясаты жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешімнің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң және ресми жарияланғаннан соң өз күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.
Басқа 7
1 Қосымша
Целиноград ауданы әкіммдігінің 2004 жылғы «Целиноград ауданынын әкімдігі жанында тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссияны құру туралы» каулысымен Бекітілді
Целиноград ауданының әкімдігі жанында тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Целиноград ауданының әкімдігі жанында тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссия аудан әкімдігі жанындағы консультативтік кеңестік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін және басқа да нормативті - құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады, комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихаты сессиясының шешімімен бекітіледі.
Комиссиянын шешімдері ұсыныстық сипатқа ие болады.
Тарау 2. 2. Негізгі мақсаттары
2. Негізгі мақсаттары
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) аудан халқы мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеру үшін қажетті қаржылық ұйымшыл және материалды - техникалық жағдайларды жасау жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру
Тармақша 2
2) мемлекеттік тілді дамыту ауданның қоғам өмірінің барлық салаларында, сондай - ақ білім беру және мәдениет салаларында тілдің белсенді жұмыс істеуіне қажетті алғышарттарын қалыптастыру
Тармақша 3
3) жағрафиялық атауларды зерттеу, жүйелендіру және жинақтау
Тармақша 4
4) комиссияның құзырына кіретін, облыстық ономастикалық комиссияның материалдары мен ұсыныстары мәселелері жөнінде белгіленген тәртіп бойынша аудан әкімдігінің отырысына қарауға енгізу
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын іске асыру мәселелері жөнінде ауылдық округ әкімдерінің, аудандық бөлімдер, ведомстволар мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру болып табылады
Тарау 3. 3. Негізгі қызметтер мен өкілеттіктері
3. Негізгі қызметтер мен өкілеттіктері
Тармақ 6
6. Комиссия өзіне жүктелген мақсаттарына сәйкес, төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) елді мекендер мен көшелердің ескі атауларын сақтауға бағытталған іс - шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) аудан халқының байырғы халықтық және тарихи атауларды, Қазақстан Республикасының тарихи - мәдени құндылығының негізгі бөлігі ретінде, оларды құрметтеп көңіл қоюын қалыптастыруға белсенділік көрсетеді;
Тармақша 3
3) алаңдар, көшелер, парклер және саябақтардың транскрипцияларына нақтылау енгізуге, атаулар мен қайта атаулар туралы шешімдерді қабылдайды;
Тармақша 4
4) ұйымдар және жеке азаматтардың тарихи топонимдарды ауыстыру немесе қалпына келтіру мәселелері бойынша хаттарын қарастырады, сәйкестенген ұсыныстар береді;
Тармақша 5
5) аудандағы мемлекеттік тіл саясатының іске асырылу жағдайын талдайды;
Тармақша 6
6) тілдер туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, оны бұзу фактілерін қарайды және сол бойынша шешімдерді қабылдайды.
Тарау 4. 4. Комиссия құқықтары
4. Комиссия құқықтары
Тармақ 7
7. Комиссияның төмендегідей құқығы бар.
Тармақша 1
1) ауылдық округ мекеме, кәсіпорын және басқа да нысандар атауларының транскрипцияларына нақтылау енгізуге, атаулар және қайта атаулар туралы шешімдерді қабылдауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы және тілдер заңнамасының орындалуы жөнінде аудандық қызметтер мен бөлімдерден ақпараттар, мәліметтер және құжаттарды сұратуға;
Тармақша 3
3) комиссияның құзырына кіретін, мәселелер бойынша өз отырыстарында ауылдық округтердің әкімдері мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдардың басшыларымен өкілдерін тыңдауға;
Тармақша 4
4) комиссия құзырына кіретін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
Тарау 5. 5. Комиссияның жұмыс тәртібі және қызметі
5. Комиссияның жұмыс тәртібі және қызметі
Тармақ 8
8. Комиссия төрағасы отырыстарда төрағалық етіп жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттері орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 9
9. Комиссияның отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес тоқсанына бір реттен кем өткізілмейді. Комиссия отырысы оған мүшелерінің екіден үш бөлігі қатысқан жағдайда ғана занды деп саналады.
Тармақ 10
10. Комиссияның шешімдері ашық дауысқа салынып, комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауысы берілген жағдайда ғана шешім қабылданған болып есептеледі.
Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші рөл атқарады.
Тармақ 11
11. Комиссияның құзырына кіретін жеке мәселелерді қарастыру үшін кажетті жағлайда жұмыс топтары құрылады.
Тармақ 12
12. Комиссия хатшысы жұмыс жоспарын, отырысының күн тәртібін қалыптастырады, комиссия мүшелерінің бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізеді.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметін тоқтату тәртібі
6. Комиссияның қызметін тоқтату тәртібі
Тармақ 13
13. Комиссия өз қызметін аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.
Басқа 41. Целиноград ауданының әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
2 Косымша
Целиноград ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 27.04 № 112 «Целиноград ауданының әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысына
Целиноград ауданының әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Жанбаев Берік Амантайұлы
комиссия төрағасы: аудан әкімінің орынбасары
Мәжренов Балтабай Нәженұлы
комиссия төрағасының орынбасары: аудандық мәслихаттың хатшысы (келісім бойынша)
Ілиясова Гүлім Шойымбекқызы
комиссиянын хатшысы: аудан әкімі аппаратының бас маманы
Комиссия мүшелері
Әшіров Амангелды Аблуахитқызы
аудандық енбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы
Бәкібаев Жомарт Сабырұлы
Целиноград ауданы Воздвиженка ауылдық округінің әкімі
Карыбекова Шолпан Қажайыпқызы
аудандық мәдениет бөлімінің бастығы
Можаева Ольга Ивановна
аудандық білім беру бөлімінің бастығы
Түгелбаев Жанат Салкенұлы
аудандық «Призыв» «Ұран» газеттерінің редакторы
Абзалбекова Ғалия Мұхамеджанқызы
аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы