Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан», республиканского государственного учреждения «Комитет принудительного исполнения Министерства юстиции Республики Казахстан», республиканское государственное учреждение «Комитет регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 552 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы, Мәжбүрлеп орындату, Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеттері заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Бұйрығына 1- қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы «___» ___________ № ____ бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарды жасайды.
Тармақ 5
5. Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер Үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс.
Тармақ 9
9. Толық атауы – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттер:
Тармақша 1
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
Тармақша 2
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын іске асыруға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Құқықтар мен міндеттер:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты және материалдарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан ақпаратты, құжаттарды, анықтамаларды, есептерді, есеп айырысуларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді және Комитетке жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті басқа да материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;
Тармақша 5
5) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Тармақша 7
7) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен пікірлер беру;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде Министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
Тармақша 10
10) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) азаматтар мен заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау кезінде жүйелі қателіктерді анықтау үшін талдау жүргізу;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындаушылық және еңбек тәртібін, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) Комитет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;
Тармақша 15
15) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау және азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделірін қорғау мақсатында сотқа талап арызбен жүгіну;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 15
15. Комитеттің функциялары:
Тармақша 1
1) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
Тармақша 2
2) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарға қатысу;
Тармақша 3
3) зияткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық;
Тармақша 4
4) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;
Тармақша 6
6) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың, патенттік сенім білдірілгендердің қызметiн бақылау және олармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды аккредиттеу;
Тармақша 9
9) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар таңбасын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауын немесе фирмалық атауды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) заң жобалау жұмысын жүргізу, заңнаманы жетілдіру;
Тармақша 11
11) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстарды орнату және қолдау;
Тармақша 12
12) өз құзыреті шегінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізу;
Тармақша 13
13) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;
Тармақша 14
14) заңнамаға түсіндірме беруге, уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөздер процестеріне қатысу;
Тармақша 15
15) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
Тармақша 16
16) заң жобалау, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыруға осы мақсаттарда бюджеттік және өзге де қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын, оның ішінде шетелдік мамандар мен сарапшыларды тарту;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
Тармақша 18
18) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;
Тармақша 19
19) ақпараттық қауіпсіздікті сақтау;
Тармақша 20
20) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 21
21) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтау;
Тармақша 23
23) өз құзыреті шегінде реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
Тармақша 24
24) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
Тармақша 24-1
24-1) нормативтік құқықтық актілердің орындалуын іске асыру және бақылау;
Тармақша 25
25) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
Тармақша 26
26) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ өтініш иелері көтерген жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау; 26-1) Министрліктің веб-ресурстарды азаматтардың өтініштеріне сүйене отырып толықтыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 27
27) заңнамада белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;
Тармақша 28
28) зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;
Тармақша 29
29) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 30
30) Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 31
31) өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 32
32) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 33
33) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 34
34) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 35
35) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 36
36) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 37
37) Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың, тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 38
38) селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді және тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 40
40) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 41
41) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 42
42) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына, топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 43
43) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін жүзеге асыруға үміткер тұлғаларды аттестаттау, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімде (тізілімдеріне) тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 44
44) патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссияның, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның, Қазақстан Республикасында тауар таңбасын жалпыға белгілі тауар белгісі ретінде тану жөніндегі комиссияның ережелерін әзірлеу;
Тармақша 45
45) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 46
46) апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 47
47) патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізіліміндегі мәліметтерді жою;
Тармақша 48
48) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағында, 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшері мен оны төлеу шарттарын белгілеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
Тармақша 49
49) мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
Тармақша 50
50) мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
Тармақша 51
51) туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Тармақша 52
52) орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға ең төмен сыйақы мөлшерлемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Тармақша 53
53) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 54
54) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер хаттамаларын жасау;
Тармақша 55
55) Министрлiк қабылдаған және (немесе) өзі әзірлеушi болып табылатын не өзінің құзыретiне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргізу және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;
Тармақша 56
56) өз құзыреті шегінде реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 57
57) өзiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отыру;
Тармақша 58
58) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 59
59) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 60
60) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 61
61) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу;
Тармақша 62
62) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 63
63) құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
Тармақша 64
64) Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 65
65) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы туралы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару ұйымының шығыстарын өтеуге бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді Бірыңғай цифрлық платформаға енгізудің қағидалары мен нысанын әзірлеу;
Тармақша 66
66) тауар таңбасын немесе тауар таңбасы ретінде пайдаланылатын белгіні Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі тауар белгісі ретінде тану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 67
67) Патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне берілген шағымдарды қарау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 68
68) зияткерлік меншік саласында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитеттің басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 2
2) Министрліктің Аппарат басшысына өз орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) өз орынбасарларының, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитет Регламентін айқындайды және бекітеді;
Тармақша 4
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін бұйрықтарға қол қояды, нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) Комитеттің мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің тәртіптік теріс қылығы туралы мәліметтерді Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне жолдайды;
Тармақша 8
8) Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелері бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 9
9) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелері бойынша қызметтік жазбалар жолдайды;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында Комитет атынан өкілдік етеді;
Тармақша 12
12) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 13
13) Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасасады;
Тармақша 14
14) заңнамаға сәйкес Комитет атынан заңды және жеке тұлғаларға шағымдар мен талап қою туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 15
15) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 16
16) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы директорының ұсынуы бойынша оның орынбасарларын тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 17
17) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарын, оған енгізілетін нақтылауларды, оның орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ жылдық қаржылық есептілікті қарайды, келіседі және бекітеді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымын қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) Министрлік Аппаратының басшысымен келісу арқылы Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының директоры, оның орынбасарлары мен бас бухгалтеріне арналған жыл сайынғы еңбекақы қорының мөлшерін, лауазымдық жалақы мөлшерін, сондай-ақ сыйлықақы мен өзге де сыйақы жүйесін айқындайды;
Тармақша 20
20) өз құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Министрліктің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Заңнамада көзделген жағдайларда Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Басқа 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Бұйрығына 2- қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы «___» ______ № ____ бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Төрағаның бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы және штатының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 13 кіреберіс.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындаудың мемлекеттік саясаты саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
Тармақша 2
2) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу арқылы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік реттеу саясатын қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiруді және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзіретіне кіретін мәселер бойынша түсіндірмелер мен пікірлер беру;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан,олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 5
5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, қоғамдық бірлестіктерден қажетті ақпаратты және материалдарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Комитетке жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты, құжаттарды, анықтамаларды, есептерді, ауызша және жазбаша түсініктемелерді және басқа материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың Құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Тармақша 8
8) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау және азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап арызбен жүгіну;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде Министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
Тармақша 11
11) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 12
12) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) Министрліктің тиісті бөлімшелердің басшыларымен келісе отырып құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тексеру жүргізу, нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды дайындау, сондай-ақ ұйымдастыру-бақылау мәселелерін шешуге тарту;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
Тармақша 15
15) халықаралық, шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдерін орындау саласында шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындаушылық және еңбек тәртібін, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Үкіметі тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) Министрліктің уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне оның құзыретіне кіретін мәселелері бойынша Министрліктің жедел (аппараттық) кеңестерінде қарау үшін материалдар ұсыну;
Тармақша 19
19) Комитет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау;
Тармақша 21
21) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;
Тармақша 22
22) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру. Міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Комитеттің функциялары:
Тармақша 1
1)  өз құзыреті шегінде реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларына, стратегиялық функцияларды орындау және қатысу бойынша әсер етуді реттеушілікке талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарында және операциялық жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 3
3) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау жөнінде әдістемелік, нұсқаулық, түсіндіру ұсынымдарын әзірлеу және практикалық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
Тармақша 4-1
4-1) нормативтік құқықтық актілердің орындалуын іске асыру және бақылау;
Тармақша 5
5) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ арыз иелері көтерген жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
Тармақша 7
7) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
Тармақша 10
10) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
Тармақша 11
11) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларының лицензияларынан айыру туралы талап қоюға бастама жасау;
Тармақша 13
13) жеке сот орындаушысының лицензиясы берілген адамдар туралы мәліметтерді олардың тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лицензия берілген күнді және оның нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушылары лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
Тармақша 15
15) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдер мен электрондық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу;
Тармақша 16
16) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 17
17) Бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) өз құзыреті шегінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – АЖ) және Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын жаңғырту және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 19
19) АЖ-дағы статистикалық деректердің дұрыстығын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) АЖ және Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы қызметінің заңнамасында белгіленген талаптарының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізу;
Тармақша 21
21) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) атқарушылық іс жүргізу және жеке орындау мәселелері бойынша тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындамағаны үшін одан әрі олардың жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып, аумақтық әділет органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 23
23) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша аумақтық әділет органдарының қызметіне тақырыптық тексерулерді жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;
Тармақша 25
25) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтінішхаттарын орындау;
Тармақша 26
26) сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын әзірлеу;
Тармақша 27
27) жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есеп пен жиынтық есеп нысанын әзірлеу;
Тармақша 28
28) жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы келісім нысанын әзірлеу;
Тармақша 29
29) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдауға байланысты жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін және қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 30
30) жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 31
31) тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілеу;
Тармақша 32
32) жеке сот орындаушыларының куәлігі мен жеке мөрінің үлгілерін әзірлеу;
Тармақша 33
33) жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 34
34) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін әзірлеу;
Тармақша 35
35) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 36
36) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияның ережесін әзірлеу;
Тармақша 37
37) тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 38
38) ата-ана алатын және алименттер ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 39
39) жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 40
40) жеке сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 41
41) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өз қызметі туралы ақпарат беру нысаны мен мерзімдерін әзірлеу;
Тармақша 42
42) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 43
43) мемлекеттік сот орындаушыларының нысанды киімінің (погонсыз), жетоны мен эмблемасының үлгілерін әзірлеу;
Тармақша 44
44) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;
Тармақша 45
45) атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 46
46) жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 47
47) қоныс аудару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау тәртібі және баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;
Тармақша 48
48) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
Тармақша 49
49) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 50
50) халықаралық сот органдарының мемлекеттік органдарға келіп түскен сұрау салуларын қарау, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар бастама жасаған халықаралық сот органдарына жолданымдардың жобаларын келісу;
Тармақша 51
51) Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша соттарда Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне кіретін, талқылау нысанасына айналған мәселелер бойынша Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысу, сот талқылауларында мемлекеттік органдарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 52
52) заңнамаға түсіндірме беруге, уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөздер процестеріне қатысу;
Тармақша 53
53) Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдістемелік және заң көмегін көрсету;
Тармақша 54
54) ақпараттық қауіпсіздікті сақтау;
Тармақша 55
55) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 56
56) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 57
57) Министрліктің веб-ресурстарды азаматтардың өтініштеріне сүйене отырып толықтыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетті басқаруды Төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 2
2) Министрліктің Аппарат басшысына комитет төрағаларының орынбасарларын лауазымға тағайындау туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитет регламентін бекітеді;
Тармақша 4
4) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері мен жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтарға қол қояды, нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне Комитет қызметкерлері мен жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 7
7) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне Комитет қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 9
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда сенімхатсыз Комитет атынан өкілдік етеді;
Тармақша 10
10) Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасасады;
Тармақша 11
11) заңнамаға сәйкес Комитет атынан заңды және жеке тұлғаларға шағымдар мен талап қою туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 12
12) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 13
13) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған мүлік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Бұйрыққа 3- қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің __________жылғы «___» № _____ бұйрыққағымен бекітілді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, азаматтық хал актілерін және апостиль қою, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 5
5. Комитет, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 13 кіреберіс.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттілігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері және құзыреті
2-тарау. Комитеттің міндеттері және құзыреті
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
Тармақша 2
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 3
3) оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын, орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты және материалдарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Комитетке жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, анықтамаларды, есептерді, есеп айырысуларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді және басқа да материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 5
5) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
Тармақша 7
7) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша пікірлер мен түсініктемелер береді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде Министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 10
10) лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды және лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шет мемлекеттердің әділет министрліктерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындаушылық және еңбек тәртібін, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) Комитет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 15
15) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап арызбен жүгінеді;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады және өзге де міндеттерді орындайды. Міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Комитет функциялары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
Тармақша 1-1
1-1) нормативтік құқықтық актілердің орындалуын іске асыру және бақылау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметі саласында қолдану практикасын, оның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) заң көмегін ұйымдастыру, мемлекеттік тіркеу саласын жүзеге асыру бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ өтініш иелері көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
Тармақша 7-1
7-1) азаматтардың өтініштері негізінде Министрліктің веб-ресурстарын толықтыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 8
8) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
Тармақша 8-1
8-1) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап қоюмен жүгіну;
Тармақша 9
9) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат беру;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын, стратегиялық функцияларды орындауға қатысу және реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарында және операциялық жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;
Тармақша 13
13) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және заң көмегін көрсету;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлiкке қатысты құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жылжымайтын мүлкіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлік кепілдігін тізілімін жүргізу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды, құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 18
18) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 19
19) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітетін салық салу объектісінің елді мекенде орналасқан жерін есепке алатын аймақтарға (К аймағы) бөлу коэффициентін келісу;
Тармақша 20
20) жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша нұсқаулығын әзірлеу;
Тармақша 21
21) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын әзірлеу;
Тармақша 22
22) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу;
Тармақша 23
23) құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
Тармақша 24
24) құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 25
25) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтер нысанын, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын әзірлеу;
Тармақша 26
26) екінші деңгейдегі банктермен жасалатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 27
27) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 28
28) құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібін әзірлеу;
Тармақша 29
29) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметіне әдістемелік басшылық жасау;
Тармақша 30
30) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді жүзеге асыру;
Тармақша 31
31) коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша тіркеуші орган іске асыратын қызметтердің монополияға қарсы органмен келісу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның шешімімен белгіленетін бағаларын келісу;
Тармақша 32
32) аумақтық әдiлет органдарының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуын бақылау;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жолдау;
Тармақша 35
35) шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғысының мазмұнын әзірлеу;
Тармақша 36
36) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгені (қайта тіркелгені), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгені (қайта тiркелгені) туралы анықтамалар нысанын әзірлеу;
Тармақша 37
37) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер нысанын әзірлеу;
Тармақша 38
38) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру туралы өтініш нысанын әзірлеу;
Тармақша 39
39) заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы өтiнiштер нысанын әзірлеу;
Тармақша 40
40) ішкі істер органымен бірлесіп сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 41
41) бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 42
42) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және жүргізуді орталықтандырылған жүзеге асыру және тіркеуші органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге олар жүгінген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдарға олардың сұрау салуы бойынша ақпарат беру;
Тармақша 43
43) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
Тармақша 44
44) саяси партия құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының, саяси партия мүшелерінің тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 45
45) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру;
Тармақша 46
46) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аумақтық әділет бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 47
47) азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 48
48) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 50
50) Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның агенттікті аккредиттеу туралы шешімін келісу;
Тармақша 51
51) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 52
52) некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініштер, некеге құқық қабілеттілігі туралы, қайтыс болу туралы анықтамалар нысандарын әзірлеу;
Тармақша 53
53) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын әзірлеу;
Тармақша 54
54) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын әзірлеу;
Тармақша 55
55) туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 56
56) әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеуден және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
Тармақша 57
57) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мөлшерін келісу;
Тармақша 58
58) аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылық жасауды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 59
59) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жекеше нотариустардың iс жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылау;
Тармақша 60
60) өз құзыреті шегінде нотариат қызметін реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 61
61) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 62
62) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 63
63) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу;
Тармақша 64
64) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегі қағидаларды әзірлеу;
Тармақша 65
65) нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттердi жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 66
66) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені әзірлеу;
Тармақша 67
67) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзірлеу;
Тармақша 68
68) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларының дербес құрамын және олардың жұмыс регламентін әзірлеу;
Тармақша 69
69) тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын әзірлеу;
Тармақша 70
70) нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені келісу;
Тармақша 71
71) нотариустардың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені келісу;
Тармақша 72
72) нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 73
73) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысандарын әзірлеу;
Тармақша 74
74) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;
Тармақша 75
75) аумақтық әділет органының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып берген ұсынымдарының негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту;
Тармақша 76
76) нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 77
77) нотариустардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 78
78) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру, күшiн тоқтату және қайта бастау туралы шешiмдер қабылдау, сондай-ақ нотариустарды лицензияларынан айыру туралы талап қоюларына бастама жасау;
Тармақша 79
79) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiмді лицензиардың интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 80
80) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыру;
Тармақша 81
81) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, тізілім мәліметтерін, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың тізімдерін және адвокаттардың лицензияларын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру және қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 82
82) адвокаттардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 83
83) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру, күшiн тоқтату және қайта бастау туралы шешiмдер қабылдау, сондай-ақ адвокаттарды лицензияларынан айыру туралы талаптарға бастамашылық жасау;
Тармақша 84
84) адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 85
85) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық кеңес беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің қағидалары мен мөлшерлерін әзірлеу;
Тармақша 86
86) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 87
87) заң көмегін көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
Тармақша 88
88) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттардың кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;
Тармақша 89
89) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 90
90) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 91
91) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, награда парағының нысанын әзірлеу;
Тармақша 92
92) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 93
93) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлеу;
Тармақша 94
94) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізу, сондай-ақ заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару туралы талаптарға бастамашылық жасау;
Тармақша 95
95) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;
Тармақша 96
96) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрлері бойынша бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру;
Тармақша 97
97) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 98
98) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;
Тармақша 99
99) мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу;
Тармақша 100
100) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 101
101) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 102
102) заң көмегін көрсету стандарттарын келісу;
Тармақша 103
103) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келісу;
Тармақша 104
104) Комитеттің құзыреті шегінде заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 105
105) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 106
106) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
Тармақша 107
107) халыққа заң көмегін көрсететін адвокаттар, нотариустар, заң консультанттар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздемелері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
Тармақша 108
108) Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жылына кемінде бір рет жариялануын және Министерліктің интернет-ресурсында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 109
109) ақпараттық қауіпсіздікті сақтау;
Тармақша 110
110) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтау;
Тармақша 110-1
110-1) өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу;
Тармақша 110-2
110-2) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу;
Тармақша 110-3
110-3) заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге заң консультанттарының қатысу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 110-4
110-4) туу туралы куәліктің үлгісін, оны рәсімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 111
111) заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитеттің басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет Төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 2
2) Министрліктің Аппарат басшысына өз орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсынымдар енгізеді;
Тармақша 3
3) өз орынбасарларының, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитет Регламентін айқындайды және бекітеді;
Тармақша 4
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін бұйрықтарға қол қояды, нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне Комитеттің әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің тәртіптік теріс қылығы туралы мәліметтерді жібереді;
Тармақша 8
8) Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелері бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 9
9) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне қызметкерлерді іссапарға жіберу, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелері бойынша қызметтік жазбалар жібереді;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 12
12) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 13
13) Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасайды;
Тармақша 14
14) заңнамаға сәйкес Комитет атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылықтар мен талап қоюлар беру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 15
15) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 16
16) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Министрліктің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.