Аудандық ономастика комиссиясы туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық ономастика комиссиясы туралы
Ауданның тарихи-мәдени мұрасының тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау және оларды қайта құрау, ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудандық ономастика комиссиясы құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекiтуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның Ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау мен жұмысын үйлестiру аудан әкiмiнiң орынбасары А. Закирьяновқа жүктелсiн.
Басқа 4. Аудандық ономастика комиссиясының
ЕРЕЖЕСI
Май ауданы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 5 мамырдағы
"Аудандық ономастика
комиссиясы туралы"
№ 69/1 қаулысымен
бекiтiлген
Аудандық ономастика комиссиясының
ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ономастика комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) географиялық объектiлердiң атауына бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебiн жүргiзудi реттеу, Май ауданының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк кеңестiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 4
4. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 5
5. Май ауданындағы топонимикалық объектiлердiң жаңадан берiлген, қайта аталған және нақтыланған атауларын бекiтудi комиссияның қорытындысы болып ұсыныс болған кезде ғана, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияның қызметiн ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және әдiстемелiк қамтамасыз етудi Май ауданының iшкi саясат бөлiмi жүзеге асырады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Негiзгi мiндеттерi
2. Негiзгi мiндеттерi
Тармақ 7
7. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) ауданның географиялық атауларды жинақтау, жүйелендiру және зерделеу, бұрын жоғалтылған тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар жасау;
Тармақша 2
2) ауданның жаңа географиялық объектiлер үшiн атаулар әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 3
3) ономастикаға қатысты географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретiнде қолдау көрсету болып табылады.
Тармақ 3. 3. Негiзгi функциялары
3. Негiзгi функциялары
Тармақ 8
8. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:
Тармақша 1
1) орфографияның, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтiк факторлардың қолданылып жүрген нормаларының негiзiнде;
Тармақша 2
2) өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының, темiр жол және автомобиль жолдары станцияларының, пошта бөлiмшелерiнiң, ғылыми-зерттеу жобалау ұйымдарының, мекемелердiң, кәсiпорындардың, жалпы бiлiм беретiн, арнаулы орта және кәсiптiк оқу орындарының;
Тармақша 3
3) елдi мекендердiң, көшелердiң, даңғылдардың, алаңдардың тұғырлы атауын сақтауға бағытталған шаралардың кешенiн жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыруға белсендi ықпал етедi.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Комиссияның құқығы
4. Комиссияның құқығы
Тармақ 9
9. Ұйымдардың, шығармашылық одақтардың, жекелеген азаматтардың тарихи топонимдердi қалпына келтiру немесе ауыстыру мәселелерi жөнiндегi хаттарды қарайды және жоғарғы органдарға тиiстi ұсынымдар енгiзедi.
Тармақ 10
10. Ауданның мемлекеттiк басқару органдарының басқа да ұйымдардың материалдары, хабарлаулары және ақпараттары бойынша ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асырудың жай-күйiн талдайды.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Жұмысын ұйымдастыру
5. Жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Комиссияның отырысы комиссияның отырысында қабылданатын және оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi. Егер оған оның мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысса комиссияның отырысы күшi бар деп саналады.
Тармақ 12
12. Комиссияның шешiмi оның отырысына қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен ашық дауыс берумен қабылданады.
Тармақ 13
13. Қажет болған жағдайда комиссияның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн жұмыс топтары құрылады.
Тармақ 14
14. Комиссияның хатшысы отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртiбiн жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарын жүргiзуге жауап бередi.